Батыс Қазақстан облысы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы № 7-2 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 23 сәуірде № 3268 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 19-4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 28.09.2018 № 19-4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексін, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексін (Салық кодексі), 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м. а. 2009 жылғы 14 сәуірдегі "Жер үсті көздерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақыны есептеу әдістемесін бекіту туралы" № 223 бұйрығына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 6 наурыздағы "Жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы" № 21 қаулысы негізінде облыстық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Батыс Қазақстан облысы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары бекітілсін.
      2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен кезден бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы Б. Мырзахметов
      Облыстық мәслихат хатшысы М. Құлшар

  Батыс Қазақстан
облыстық мәслихаттың
2013 жылғы 28 наурыздағы № 7-2
шешімімен бекітілген

Батыс Қазақстан облысы жер үсті көздеріндегі су ресурстарын
пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары

      Ескерту. Төлемақы мөлшерлемелерге өзгеріс енгізілді - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 09.09.2015 № 27-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

№ р/с

Арнаулы су пайдаланудың түрі

Өлшем бірлігі

Төлем мөлшері

1

Тұрғын үйді пайдалану және коммуналдық қызметтер

теңге/1000 тек.м

92,51

2

Өнеркәсіп, жылу энергетикасын қоса есептегенде

теңге/1000 тек.м

264,68

3

Ауыл шаруашылығы

теңге/1000 тек.м

74,52

4

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруашылықтары

теңге/1000 тек.м

71,95

5

Алып тасталды - Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 09.09.2015 № 27-2 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6

Су көлігі

теңге/1000 т.км

8,99

7

Су энергетика

теңге / 1000 квт.сағат

0

      Ескерту: Төлемақы мөлшерлері жыл сайын жариялайтын жылдық инфляцияның ресми деңгейіндегі индексін ескере отырып есептеледі.

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      тек.м.- текше метр;

      т.км – тонна километр;

      квт. – киловатт.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады