Батыс Қазақстан облысы Ақжайық және Теректі аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 28 мамырдағы № 79 қаулысы мен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 30 мамырдағы № 9-1 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 11 маусымда № 3296 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа ала отырып және "Қазақстан Республикасы аудандарының және облыстық маңызы бар қалаларының әкімшілік шекараларын өзгерту туралы" 2013 жылғы 6 мамырдағы № 455 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын ескере отырып, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облысының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облысы Ақжайық және Теректі аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Көнеккеткен селолық округінің бағыныстылығы Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкімшілік-аумақтық бағынысына өзгертілсін;
      2) Ақжайық ауданының әкімшілік шекарасына Теректі ауданынан берілетін 46730,0 гектар жерді қосу жолымен Батыс Қазақстан облысының Теректі және Ақжайық аудандарының әкімшілік шекаралары өзгертілсін.
      2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі           Сессия төрағасы
      Н. Ноғаев             Ғ. Жаңбырбаев
                            Облыстық мәслихат хатшысы
                            М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады