Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы № 13-1 шешімі және Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 8 қазандағы № 217 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 21 қазанда № 3346 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңдарына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 263 және Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2012 жылғы 21 желтоқсандағы № 7-5 "Бөкей ордасы ауданының кейбір елді мекендерін тарату туралы" бірлескен қаулы және шешімі негізінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Батыс Қазақстан облысының Бөкей ордасы ауданының кейбір елді мекендері таратылсын:
      Ұялы ауылдық округі бойынша Науша елді мекені;
      Темір Масин ауылдық округі бойынша Куйбышев елді мекені;
      Мұратсай ауылдық округі бойынша Көкқамыс елді мекені.
      2. Осы қаулы және шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімінің міндетін       Сессия төрағасы
      атқарушы                      А. Иманғалиев
      С. Шапкенов                   Облыстық мәслихат хатшысы
                                    М. Құлшар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады