Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөрлі аудандық мәслихатының 13.04.2018 № 23-9 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес Бөрлі аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Осы шешімге 1 қосымшаға сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары белгіленсін және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларының мөлшері автотұрақтар (паркингтер) санатына қарай ұлғайтылсын.
2. Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген басқа санаттағы жерлерге салықты есептеу кезінде, жерлеріне базалық ставкалар қолданылатын жақын жатқан елді мекен Ақсай қаласы болып айқындалсын.
3. Осы шешімге 2 қосымшаға сәйкес қызметін Бөрлі ауданы аумағында жүзеге асыратын барлық салық төлеушілер үшін бірыңғай тіркелген салық ставкалары белгіленсін.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, аудандық мәслихат хатшысы |
А. Куликешев |
Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 8 ақпандағы № 9-2 шешіміне 1 қосымша |
Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты,
автотұрақтар (паркингтер) үшін
бөлінген жерлерге базалық салық
ставкаларының ұлғайтылуы
№ |
Авто |
Авто- |
Аудандық маңызы бар қалада авто- |
Авто- |
Базалық салық ставка- |
1 |
Авто- | 1 санаты | 4,34 | 0,48 | он есе |
2 |
Авто- | 2 санаты | 4,34 | 0,48 | он есе |
Бөрлі аудандық мәслихатының 2013 жылғы 8 ақпандағы № 9-2 шешіміне 2 қосымша |
Қызметін Бөрлі ауданы аумағында жүзеге
асыратын барлық салық төлеушілер үшін
бірыңғай тіркелген салық ставкалары
№ | Салық салу объектісі | Салық салу объектісінің бірлігі | Тіркелген салықтық базалық ставкасы (айлық есептік көрсеткіш) |
1 | Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы | Бір ойын автоматы | 5 |
2 | Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы | Бір ойын автоматы | 7 |
3 | Ойын өткізу үшін пайдаланатын дербес компьютер | Бір компьютер |
|
4 | Ойын жолы | Бір ойын жолы | 12 |
5 | Карт | Карт | 9 |
6 | Бильярд үстелі | Бір ойын үстелі | 8 |