2013 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 28 наурыздағы № 70 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 15 сәуірде № 3253 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 31 қаңтардағы № 25 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы әкімдігінің 31.01.2014 № 25 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2013 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. "Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л. Т. Қайырғалиеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Н. Сабиров

2013 жылғы 28 наурыздағы № 70
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

2013 жылға нысаналы топтарға
жататын адамдардың қосымша
тізбесі

      1. Оқу орындарын бітірушілер, соның ішінде кәсiптiк даярлаудан өткендер;
      2. Жас отбасы мүшелері;
      3. Зейнеткерлік жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуға үш жыл қалған);
      4. Ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жыл және одан да көп);
      5. Уәкiлеттi органда тiркелген жұмыссыздар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады