Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшiн және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 5 шілдедегі № 119 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 26 шілдеде № 3330 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 27 шілдедегі № 183 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы әкімдігінің 27.07.2016 № 183 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар үшiн, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бiтiрушi кәмелетке толмағандар үшiн үш пайызы мөлшерiнде жұмыс орындарына квота белгiленсiн.
      2. "Жәнібек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi" мемлекеттiк мекемесi осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары Р. Қарашинге жүктелсiн.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      Аудан әкімі М. Мұқаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады