Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы әкімдігінің 14.01.2014 № 7 қаулысымен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы "Өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру туралы" Заңына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қосымшаға сәйкес, Зеленов ауданында 2013 жылғы өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыруға жататын өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi бойынша егiс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзiмдерi белгiленсiн.
2. "Зеленов ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары А. Т. Амангалиевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкiмi М. Унгарбеков
Зеленов ауданы әкiмдiгiнiң
2013 жылғы 7 маусымдағы
№ 323 қаулысына
қосымша
Зеленов ауданында 2013 жылғы
өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi
сақтандыруға жататын өсiмдiк
шаруашылығы өнiмiнiң түрлерi
бойынша егiс жұмыстарының
басталуы мен аяқталуының
оңтайлы мерзiмдерi
№ |
Өсімдік шаруашылығының өнімдерінің түрлері |
Табиғи-климаттық аймақта (қуаң дала) егіс жұмыстарының басталуы мен аяқталуының оңтайлы мерзімдері |
|
басталуы |
аяқталуы |
||
1 |
Күздік бидай |
2013 жылғы 15 тамыз |
2013 жылғы 10 қыркүйек |