Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8-3 "Зеленов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 21-4 "Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 18 қарашадағы № 19-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 9 желтоқсанда № 3371 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 2014 жылғы 25 ақпандағы № 21-2 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Зеленов аудандық мәслихатының 25.02.2014 № 21-2 шешімімен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес және 2013 жылғы 31 шілдедегі № 2а-960 Батыс Қазақстан облыстық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы қаулысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Зеленов аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 8-3 "Зеленов аудандық мәслихатының 2010 жылғы 31 наурыздағы № 21-4 "Зеленов ауданында азаматтарға тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібі туралы қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3159 тіркелген, 2013 жылғы 8 ақпандағы "Ауыл тынысы" газетінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      2 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "2. Осы шешімнің 1 тармағының 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейiн қолданыста болатын сегізінші, оныншы, он бірінші абзацтарын және осы шешімнің 1 тармағының тоғызыншы, он екінші және он үшінші абзацтарының жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету туралы ережелерін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                  Н. Дузбатыров
      Аудандық мәслихат хатшысы        Р. Исмагулов
 
 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады