Теректі ауданы бойынша 2013 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 31 мамырдағы № 162 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2013 жылғы 28 маусымда № 3300 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 148 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы әкімдігінің 30.04.2014 № 148 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарын басшылыққа ала отырып, еңбек рыногындағы жағдай мен бюджет қаражатына қарай, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Теректі ауданы бойынша 2013 жылға нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) алты айдан жоғары уәкілетті органда тiркелген жұмыссыздар;
      2) елу жастан асқан жұмыссыз азаматтар;
      3) ұзақ уақыт жұмыс істемеген адамдар (бір жыл және одан да көп);
      4) отбасында бір де жұмыс істеуші жоқ тұлғалар;
      5) уақытша және маусымдық жұмыстарға қатысқан тұлғалар;
      6) бұрын жұмыс жасамаған тұлғалар (бірінші рет жұмыс іздеушілер).
      2. "Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Бралиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                      Ж. Сериккалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады