Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау аудандық мәслихатының 10.10.2013 № 17-3 шешімімен
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 тамыздағы № 31-8 "Шыңғырлау ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-131 мемлекеттік тілде тіркелген, 2010 жылғы 2 қазандағы "Серпін" аудандық газетінде № 39 жарияланған) шешіміне келесідей толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шыңғырлау ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасының 4-1) тармағы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Шығындар өткен жартыжылдық бойынша толық көлемде көрсетілген қызметтерге есептеледі.".
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы Ж. Байкатов
Мәслихат хатшысы Т. Калмен