Авторлық құқық және сабақтас құқықтар заңнамасының сақталуы бойынша мемлекеттік мекемелер қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау тексеру парағының нысанын және өлшемдерін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 30 қаңтардағы № 35 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 ақпанда № 9147 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2018 жылғы 25 тамыздағы № 1302 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің м.а. 25.08.2018 № 1302 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13 және 15-баптарына, "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабының 1-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналар:

      1) авторлық құқық және сабақтас құқықтар заңнамаcының сақталуы бойынша мемлекеттік мекемелер қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;

      2) авторлық құқық және сабақтас құқықтар заңнамаcының сақталуы бойынша мемлекеттік мекемелер қызметінің тексеру парағының нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті (А.К. Естаевқа):

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Э.Ә. Әзімоваға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б. Имашев


  Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 35 бұйрығына
1-қосымша

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар заңнамасының сақталуы
бойынша мемлекеттік мекемелер қызметінің тәуекел дәрежесін
бағалау өлшемдері

      1. Авторлық құқық және сабақтас құқықтар заңнамасының сақталуы бойынша мемлекеттік мекемелер қызметінің тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – өлшемдер) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын субъектілерге (бұдан әрі – субъектілер) жоспарлы тексеріс жүргізу үшін әзірленген.

      2. Осы өлшемдерде келесі ұғымдар пайдаланылады:

      тәуекел – тексерілетін субъектілердің қызметі нәтижесінде авторлардың, сабақтас құқықтар субъектілерінің немесе олардың құқық иеленушілерінің мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;

      бақылау субъектілері – Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес мемлекет құратын және егер қосымша қаржыландыру көздерi Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленбесе, тек қана бюджет немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнің бюджетi (шығыстар сметасы) есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер.

      3. Алғашқыда барлық бақылау субъектілері елеусіз тәуекел дәрежесіне жатқызылады.

      4. Бақылау субъектілерінің тәуекел дәрежесі бойынша қайталама тиістілігі субъектілер қызметінің сапалық көрсеткіштеріне сәйкес авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнаманы бұзушылықтардың салалық статистикасын, жоспарлы және жоспардан тыс тексерулердің нәтижелерін ескерумен жүзеге асырылады.

      5. Тәуекелдер дәрежесін бағалаудың сапалық өлшемдеріне байланысты субъектілер жоғарғы, орташа немесе елеусіз тәуекел дәрежесіне өтеді.

      Сапалық өлшемдер балдармен бағаланады:

      1) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін құқық иеленушімен шарт жасаспай пайдалану – 3 балл;

      2) егер осындай іс-әрекеттер нәтижесінде авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын пайдалану мүмкін болмаған не осы техникалық құралдар аталған құқықтардың тиісті қорғалуын қамтамасыз ете алмаған жағдайларда дайындау, тарату, прокатқа беру, уақытша пайдалануға беру немесе пайда табу не қызмет көрсету мақсатында импорттау, жарнамалау – 2 балл;

      3) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз туындыларды немесе сабақтас құқықтар объектілерін пайдалануға авторлық құқықты және сабақтас құқықтарды қорғаудың техникалық құралдарын қолдану арқылы белгіленген шектеулерді алып тастауға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру – 1 балл;

      4) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз авторлық құқықтарды басқару туралы ақпаратты жою немесе өзгерту – 1 балл;

      5) автордың немесе өзге де құқық иеленушінің рұқсатынсыз мүліктік құқықтарды басқару туралы ақпараты жойылған немесе өзгертілген туындыларға немесе сабақтас құқықтар объектілеріне қатысты оларды қайта шығару, тарату, тарату мақсатында импорттау, көпшілік алдында орындау, жалпы жұрттың назарына кәбіл бойынша хабарлау немесе эфирде беру, жалпы жұрттың назарына жеткізу – 1 балл.

      6. Субъектілерді тәуекел дәрежесі бойынша бөлу:

      1) жоғарғы тәуекел дәрежесіне тексеру нәтижелері бойынша 6-дан 8-ге дейінгі балл алған субъектілер жатады;

      2) орташа тәуекел дәрежесіне тексеру нәтижелері бойынша 3-тен 5-ке дейінгі балл алған субъектілер жатады;

      3) елеусіз тәуекел дәрежесіне тексеру нәтижелері бойынша 0-ден 2-ге дейінгі балл алған субъектілер жатады.

      7. Қайталама жоспарлы тексерулерді жүргізу мерзімділігі мына тәртіпте белгіленеді:

      1) жылына бір рет – тәуекел дәрежесі жоғары болғанда;

      2) үш жылда бір рет – тәуекел дәрежесі орташа болғанда;

      3) бес жылда бір рет - тәуекел дәрежесі елеусіз болғанда.

  Қазақстан Республикасының
Әділет министрінің
2014 жылғы 30 қаңтардағы
№ 35 бұйрығына
2-қосымша

      Нысан

Авторлық құқық және сабақтас құқықтар заңнамасының сақталуы
бойынша мемлекеттік мекемелер қызметін тексеру парағы

      Тексеруді тағайындаған әділет органы

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Тексеруді тағайындау туралы акт

      _____________________________________________________________________

      (№, күні)

      Авторлық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланатын бақылау субъектінің атауы

      _____________________________________________________________________

Заңнаманың талаптары

Иә

Жоқ

Қажет емес

Ескерту

1

Құқық иеленушілермен шарттардың болуы





2

Сатып алу-сату шартының, жүкқұжаттың, түбіртектердің, авторларға және өзге де құқық иеленушілерге сыйақыны төлеуді растайтын құжаттардың болуы





3

Құқықтар берілген зияткерлік меншік объектілерінің атаулары бойынша тізбеге сәйкестігі (шарттың талаптарына байланысты шарттың қосымшалары немесе тауар жүкқұжаттары)





4

Зияткерлік меншік объектілерінің (даналарының) құқық иеленушінің талаптарына (шарт талаптарына байланысты) сәйкестігі






      Тексеру жүргізген лауазымды тұлғалар:

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.А.)

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.А.)

      Бақылау субъектісі танысты:

      _____________________________________________________________________

      (лауазымы) (қолы) (Т.А.Ә.А.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады