"Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 4 ақпандағы № 36 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 05 наурызда № 9190 тіркелді

      «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңы 9-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Концессия объектісінің, концессиялық жобаның құнын және концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2009 жылғы 23 ақпандағы № 24 бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін (Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында жарияланған, 2009 жыл, № 7, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5604 болып тіркелген).
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Концессия объектісінің құнын, концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы.»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Концессия объектісінің құнын, концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесі бекітілсін»
      Концессия объектісінің құнын, концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесі осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті (Қ.М. Тұмабаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Министр                                          Е. Досаев

Қазақстан Республикасы        
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрінің              
2014 жылғы 04 ақпандағы        
№ 36 бұйрығына қосымша          

Қазақстан Республикасы       
Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрінің           
2014 жылғы 23 ақпандағы        
№ 24 бұйрығымен бекітілген     

Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін
мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын
айқындау әдістемесі

1. Жалпы ережелер

      1. Концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 5) тармақшасына сәйкес әзірленген.
      2. Бұл әдістеме:
      1) концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеуге қойылатын бірыңғай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді;
      2) концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу іске асырылатын барлық концессиялық жобаларға таралады.
      3. Әдістеме концессия объектісінің құнын және концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындауға қатысатын лауазымды, заңды және жеке тұлғалар үшін жарамды.
      4. Әдістемеде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      концессионер қызметін мемлекеттік қолдау - Заңның 14-бабы 1-тармағының 1)2)3)4) және 5) тармақшаларында көзделген концессионер қызметін мемлекеттік қолдаудың түрлері;
      шығындарды өтеу көздері - Заңның 7-бабы 1-тармағының 3) тармақшасында көзделген концессионердің инвестициялық шығындарын өтеу.
      5. Концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құны - бұл концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдаудың барлық түрлері мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құны.

2. Концессия объектісінің құнын айқындау

      6. Объект құны 16 Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарында (бұдан әрі - ҚЕХС) қолданылатын активтердің/негізгі құралдардың бастапқы құны ұғымына сәйкес болып табылады. ҚЕХС сәйкес негізгі құралдардың бастапқы құны активті міндетіне сәйкес қолдану үшін жұмыс қалпына келтіруге қажетті барлық шығындардан құралады. Нақты алғанда өзі дайындайтын негізгі құралдар үшін ол қарыздық қаражатты тарту бойынша шығыстарды қоса алғандағы компания жұмсаған шығындар ретінде айқындалады (ҚЕХС 23).
      7. Концессия объектісінің құны мемлекеттік қолдау көлемін және шығындарды өтеу көздерін анықтау мақсатында айқындалады. Объект құнын есептеу концессия объектісін құруды (салуды) немесе қайта жаңғыртуды болжайтын жобалар үшін іске асырылады.
      8. Объектіні концессияға беру мүмкіндігі туралы ұсынысты қалыптастыру кезеңінде объектінің құны Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасына сәйкес бағалау әдісімен айқындалады.
      9. Концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - ТЭН) әзірлеу және концессия шартын жасасу кезеңінде концессия объектісінің құны концессия объектісін құру (салу) мақсатында концессионер жұмсаған барлық шығыстардың жиыны ретінде айқындалады:

      мұнда:
      СО - объект құны;
      № - жылдармен сипатталған кезеңнің ұзақтығы;
      Р t - концессия объектісін құру (салу) t мерзімдегі концессионердің концессия объектісін құруға жұмсаған барлық шығындарының сомалық көлемі;
      P t ncд- мыналарға жұмсалған t мерзім бойынша шығыстар:
      тиісті саланың сметалық нормалары мен бағамдарының жинағына, тиісті саладағы жобалау жұмыстарының бағаларының жинақтарына, Жобалау және салу бойынша ережелер жинағына сәйкес айқындалатын жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу;
      тиісті салада қолданылатын нормаларға сәйкес қажетті сараптауларды жүргізу (мемлекеттік сараптау, техникалық қадағалау, авторлық қадағалау және басқалар);
      концессия объектісін пайдалануға бергенге дейін лицензияларды, патенттерді, рұқсатнамаларды және де қолданыстағы заңнамаға сәйкес көзделген басқа да құжаттарды алу;
      P t тру - t мерзімдегі тиісті стандарттар, нормалар және ережелерге сәйкес концессия объектісін құруда (салуда) қолданылатын шикізат пен материалдар, жұмыстар мен қызметтер бойынша шығындар;

      P t ауn- t мерзімдегі жұмыстар мен қызметкерлердің кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамасына (БТБА) және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес концессия объектісін құру кезеңінде нормативтік мәндер шегіндегі техникалық және әкімшілік шығыстарды қоса алғандағы концессия объектісін құру (салу) кезеңіндегі компанияны басқару шығындары;

      P t фn- t мерзімдегі мыналар:

      қарыз капиталының нарығында белгіленген нарықтық сыйақы мөлшерлемесі бойынша есептелетін қысқа және ұзақ мерзімге тартылатын қарыздар бойынша сыйақылар төлеу. Инвестицияларды Қазақстан Республикасының қарыз капиталы нарығында тартқан жағдайда қарыздар бойынша сыйақыларды төлеу бойынша шығындар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің «Берілген несиелер бойынша (орта өлшенген) сыйақы мөлшерлемелері» статистикасының негізінде айқындалады (http://www.nationalbank.kz), шетел капиталы тартылған жағдайда - сыйақыларды төлеу бойынша шығыстар LIBOR мөлшерлемесін және 3% пайда мөлшерінде айқындалатын болады;
      концессия объектісін құру (салу) кезіндегі инфрақұрылымдық облигациялар бойынша есептелетін сыйақыларды төлеу, олар Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ресми интернет ресурсында (www.minplan.gov.kz) орналастырылған, тиісті мақұлданған Әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлері болжамына сәйкес есептеулер кезіндегі қаржы-экономикалық үлгіде (бұдан әрі - ҚЭҮ) болжанатын инфляция (тұтынушылық бағалар) деңгейі ретінде айқындалады + облигациялар айналымы мерзімі бойында әрекет ететін белгіленген пайда;
      Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің сайтында (www.minplan.gov.kz) орналастырылған, тиісті мақұлданған Әлеуметтік-экономикалық дамуының және бюджеттік параметрлері болжамына сәйкес шетел валютасындағы несиелер бойынша бағамдық айырмашылықтар бойынша шығындар;
      P t страх - t мерзімдегі сақтандыру қызметтерінің нарығын тексеру нәтижелері бойынша сақтандыру қызметінің нарықтық бағаларына сәйкес инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі бойынша сақтандыруды қоса алғандағы концессия объектісін құрумен (салумен) байланысты сақтандырудың барлық түрлері бойынша шығыстар;
      P t аморт . - салық заңнамасында көзделген нормалар шегінде жаңа объектіні құруда (салуда) тікелей қолданылатын негізгі құралдар мен материалдық емес активтерге есептелетін амортизация;
      P t өзгелер - келесі шығындарды қамтитын t кезеңіндегі басқа да шығындар:
      KazPrime индикаторын қалыптастыру туралы KASE Келісіміне қатысушы банктер қызметтерінің орташа тарифтері ретінде айқындалатын қарыздарды тарту. Тарифтер ашық ақпарат болып табылады және тиісті қаржылық ұйымдардың сайттарында орналастырылған;
      нарықты тексеру нәтижелері бойынша тиісті қызметтердің нарықтық бағаларына сәйкес инфрақұрылымдық облигацияларды шығаруды ұйымдастыру;
      банктік кепілдік беру қызметтерінің нарығын тексеру нәтижелері бойынша банктік кепілдік беру қызметтерінің нарықтық бағаларына сәйкес банктік кепілдік беру бойынша ақылы банк қызметтері мен комиссиялары;
      уәкілетті мемлекеттік органдар алатын міндетті алымдар мен төлемдер;
      аудиторлық компаниялардың бағалық ұсыныстарына сәйкес аудиторлық тексерулер;
      көлемі концессия объектісін құру (салу) бойынша жоғарыда көрсетілген барлық шығыстар сомасының 1 % аспайтын көлемдегі концессия объектісін құрумен (салумен) байланысты өзге де шығыстар бойынша.
      10. Концессия объектісін мемлекет меншігіне беру кезеңінде концессия объектісінің құны «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы Заңына (бұдан әрі - Бағалау қызметі туралы заң ) сәйкес айқындалады.
      11. Қолданыстағы концессия объектісін қайта жаңғырту кезінде концессия объектісінің құны Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 116,117,118,119,120,121 және 122-баптарына сәйкес айқындалған құнға тең болып табылады.

3. Концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды
өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу

      12. Концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құны = (тең) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігінің құны +(қосу):
      концессиялық жобаны қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекет кепілдіктерінің құны +(қосу);
      мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектiлерiне ерекше құқықтардың құны +(қосу);
      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ұсынылатын заттай гранттардың құны +(қосу);
      концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру сомалары +(қосу);
      концессия шартының қолданылу кезеңінде концессия шартында белгіленген мерзімдерде және ол айқындаған көлемде концессионердің инвестициялық шығындары өтемақысының сомасы.
      13. Концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің жиынтық құнын есептеу қаржылық-экономикалық үлгіні (бұдан әрі - ҚЭҮ) қолдана отырып жүргізіледі. Мемлекеттік қолдаудың оңтайлы деңгейін айқындау мақсатында ҚЭҮ екі нұсқасы: атап айтқанда, базалық ҚЭҮ және кеңейтілген ҚЭҮ әзірленеді.
      14. Базалық ҚЭҮ әзірлеген кезде жоба концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздері болмаған кезде жүзеге асырылады деген болжам қолданылады. Базалық ҚЭҮ шеңберінде қаржылық қолдау шараларын ескерусіз жобаның таза келтірілген құны есептеледі (бұдан әрі - базалық NPV).
      15. Базалық NPV есептеген кезде мынадай талаптар мен болжамдар сақталуы тиіс:
      1) жоба қарыз алудың нарықтық құны (пайыздық мөлшерлемесі) бойынша тек қана коммерциялық көздерден қаржыландырылады;
      2) қаржылық қолдау шаралары ұсынылмайды;
      3) теріс базалық NPV болуына жол беріледі;
      4) кассалық айырмашылықтардың болуына (ақша қаражатының теріс шамасы) жол берілмейді.
      16. Кеңейтілген ҚЭҮ концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздері ұсынылған жағдайда базалық ҚЭҮ негізінде әзірленеді. Кеңейтілген ҚЭҮ базалық ҚЭҮ-ге концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерін қосу арқылы әзірленеді.
      17. Концессиялық жобаны іске асырудың оңтайлы схемасын айқындау мақсатында кеңейтілген ҚЭҮ әзірлеген кезде әзірлеуші Заңның талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік концессиялық міндеттемелердің белгіленген лимиттерін, пайдалар мен шығындардың ара-қатынасын, институционалдық схеманы және концессиялық жобаның басқа ерекшеліктерін ескере отырып, концессионерлер қызметін мемлекеттік қолдау мен шығындарды өтеу көздерінің әр түрлерін қолдану мүмкіндігін қарастырады.
      18. «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы  8 қаңтардағы № 373 Заңына сәйкес ұсынылатын заттай гранттардың құны Бағалау қызметі туралы заңға сәйкес айқындалған құн болып табылады.
      19. Заттай гранттар концессионердің концессиялық жобаны іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, лимитті ескере отырып ұсынылады.
      20. Мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектiлерiне ерекше құқықтардың құны Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік мәселелері бойынша заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы № 109 Заңына сәйкес айқындалған құн болып табылады.
      21. Концессионерге мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектiлерiне ерекше құқықтарды беру концессионердің концессиялық жобаны іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін, лимитті ескере отырып, жүзеге асырылады.
      22. Концессия шарттарының шеңберінде инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігінің құны кепілгерлікті орындау құны болып табылады және кепілгерлікпен қамтамасыз етілген облигациялық қарыз бойынша негізгі борыштың және ол бойынша есептеудің 1 кезеңі мен 6 айға есептелген концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы сомасы ретінде есептеледі:

      мұнда G - инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі шеңберінде мемлекеттік қолдау құны,
      D - негізгі борыш сомасы,
      r - ҚЭҮ болжанатын инфляцияның ең жоғары деңгейі + облигациялар айналымының бүкіл мерзімі ішінде қолданылатын тіркелген маржа ретінде айқындалатын пайыздық мөлшерлеме,
      p - күнтізбелік жылдағы купондық сыйақыны есептеу кезеңдерінің саны.
      23. Мемлекеттік емес қарыздар бойынша мемлекет кепілдігінің құны мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарыз бойынша негізгі борыш сомасы және ол бойынша есептеудің 1 кезеңіне және 1 айға немесе шарт талаптарына сәйкес кезеңге есептелген концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары пайыздық мөлшерлеме бойынша сыйақы ретінде есептеледі:

       мұнда Г - мемлекеттік кепілдіктер құны;
      D - мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша негізгі борыш сомасы;
      r - қарыз алу туралы шарт талаптарына немесе конкурстық өтінімге сәйкес мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша концессия кезеңіне болжанатын неғұрлым жоғары сыйақының жылдық мөлшерлемесі. Концессиялық ұсынысты және конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде LIBOR+(қосу) 1 % мөлшерлемесі ретінде айқындалады;
      p - күнтізбелік жылдағы мемлекет кепілдік беретін қарыз бойынша сыйақыны есептеу кезеңдерінің саны.
      24. Концессионердің инвестициялық шығындары өтемақысының сомасы концессия объектісін пайдалану кезеңі ішінде төлемдердің жиынтық шамасына тең.
      25. Концессиялық жобаны қоса қаржыландыру сомасы концессия объектісін салу (реконструкциялау) кезеңі ішінде мемлекеттік бюджеттен жұмсалатын шығыстардың жиынтық шамасына тең.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады