Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 "Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" бөлінетін бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 50 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 наурызда № 9208 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 1 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.08.2014 № 1 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 454462 және 468-тармақтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінің 26-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасының қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
      2. Инвестициялық саясат департаменті (Тұмабаев Қ.М.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Е. Досаев

Қазақстан Республикасы 
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің 
2014 жылғы 18 ақпандағы
№ 50 бұйрығымен    
бекітілген      

Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді
қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу,
концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау
министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық
жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу
немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу,
концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу»
бөлінетін бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға қаражаты
есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық
және концессиялық жобалардың тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 28.03.2014 № 89 бұйрығымен.

Р/с №

Жобаның атауы

Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу көлемі (мың теңге)

Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу көлемі (мың теңге)

Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі (мың теңге)

1

2

3

4

5

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

1

Қарағанды қаласында «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жанынан 300 төсектік көп бейінді клиникалық аурухана салу және пайдалануға беру


34 061,00


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

2

Қарағанды облысында 1500 орынға арналған түзеу мекемесін салу және пайдалану


53 900,00


Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі

3

Құпия




«Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» ММ

4

Қазақстан Республикасының Электрондық Парламентін қалыптастыру

23 000,00



Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

5

Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор мұрағаттарын сақтау және каталогтаудың электрондық жүйесін жасау

16 000,00



Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

6

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына арналған ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері

6 800,00



Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі

7

GMP стандарттарына сәйкес диагностикалық және иммундық-биологиялық препараттарды өндіру бойынша өндірістік кешенді құру

16 494,00




Жиыны:

86 280,00

87 961,00


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады