"Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 "Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 89 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 сәуірде № 9304 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 1 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.08.2014 № 1 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 454462, және 468-тармақтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 17 сәуірдегі № 545 қаулысымен бекітілген Бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау, іріктеу, іске асыруды мониторингілеу және бағалау ережесінің 26-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 50 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9208 тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін.
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесінде:
      мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 4, 5, 6, 7-жолдармен толықтырылсын:
      «

«Қазақстан Республикасы
Парламентінің Шаруашылық басқармасы» ММ

4

Қазақстан Республикасының Электрондық Парламентін қалыптастыру

23 000,00



Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі

5

Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор мұрағаттарын сақтау және каталогтаудың электрондық жүйесін жасау

16 000,00



Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

6

Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына арналған ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелері

6 800,00



Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі

7

GMP стандарттарына сәйкес диагностикалық және иммундық-биологиялық препараттарды өндіру бойынша өндірістік кешенді құру

16 494,00



                                                                   »;

      мына:
      «


Жиыны

23 986,00

87 961,00


                                                                    »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «


Жиыны

86 280,00

87 961,00


                                                                   ».

      2. Инвестициялық саясат департаменті (Тұмабаев Қ.М.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі мен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                              Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады