Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 062 "Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу" бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 21 тамыздағы № 1 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 9 қыркүйекте № 9725 тіркелді

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2014 № 105 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысымен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінің 462 және 468-тармақтарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 541 қаулысымен бекітілген Инвестициялық ұсынысты әзірлеу және түзету, қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларының 28-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 062 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі бекітілсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2014 № 105 бұйрығымен.
      2. Мыналар:
      1) «Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 «Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 50 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 13 наурызда № 9208 тіркелді, 2014 жылғы 27 наурызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланды);
      2) «Техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің 002 "Бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу" бюджеттік бағдарламасының 2014 жылға бөлінетін қаражаты есебінен жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 18 ақпандағы № 50 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 89 бұйрығы (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 сәуірде № 9304 тіркелді, 2014 жылғы 16 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланды ) күші жойылды деп танылсын.
      3. Инвестициялық саясат департаменті (Аязбаев А.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          Е. Досаев 

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 21 тамыздағы 
№ 1 бұйрығымен бекітілген

Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу, концессиялық жобаларын консультативтік сүйемелдеу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылға арналған 062 «Бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін және концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ қажетті сараптамаларын жүргізу, концессиялық жобаларды консультативтік сүйемелдеу» бөлінетін бюджеттік бағдарламасы есебінен қаржыландырылатын бюджеттік инвестициялық және концессиялық жобалардың тізбесі

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 24.11.2014 № 105 бұйрығымен.

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014.09.16 № 18, 2014.10.31 № 62, 24.11.2014 № 105 бұйрықтарымен.

Р/с

Жобаның атауы

Республикалық бюджеттік инвестициялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу көлемі
(мың теңге)

Концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу көлемі
(мың теңге)

Концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеуді немесе түзетуді қаржыландыру, сондай-ақ қажетті сараптамалар жүргізу көлемі
(мың теңге)

Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру көлемі
(мың теңге)

1

2

3

4

5

6

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
(бұрынғы бюджеттік бағдарлама әкімшісі - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі)

1

Қарағанды қаласында «Қарағанды мемлекеттік медицина университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорны жанынан 300 төсектік көп бейінді клиникалық аурухана салу және пайдалануға беру


34 061,00




2

Алматы қаласында «С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» РМК жанынан 300 төсектік көпбейінді клиникалық аурухана салу және пайдалануға беру




17 296

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

3

Қарағанды облысында 1500 орынға арналған түзету мекемесін салу және пайдалану


53 900,00



Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметi
(бұрынғы бюджеттік бағдарлама әкімшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі)

4

Құпия





«Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы» ММ

5

Қазақстан Республикасының Электрондық Парламентін қалыптастыру

23 000,00




Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
(бұрынғы бюджеттік бағдарлама әкімшісі - Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі)

6

Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор мұрағаттарын сақтау және каталогтаудың электрондық жүйесін жасау

16 000,00




Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
(бұрынғы бюджеттік бағдарлама әкімшісі - Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі)

7

Алынып тасталады - ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014.09.16 № 18 бұйрығымен.

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі
(бұрынғы бюджеттік бағдарлама әкімшісі - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі)

8

«Сарыағаш қаласының айналмасы» автомобиль жолының құрылысы

15 000,00




8-1

Орталық-Оңтүстік «Астана-Қарағанды-Балхаш-Құрты-Қапшағай-Алматы» дәлізінің 2152-2380 км («Құрты-Бурылбайтал» учаскесі) реконструкциялау

9 968,5




8-2

Көкпек, Көктал, Благовещенка арқылы, Қырғызстан Республикасының шекарасына кіреберістермен «Өзбекстан Республикасының шекарасы (Ташкентке) – Шымкент-Тараз-Алматы-Қорғас» автомобиль жолының 56-162 км «Ұзынағаш-Отар» учаскесін реконструкциялау

6 804,5




8-3

«РФ шекарасы (Орскіге)-Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы (Астраханьға)» автомобиль жолын реконструкциялау (қашықтығы 459 км «Мақат-Ақтөбе» учаскесі)

17 625




8-4

«Жетібай – Жаңаөзен – Фетисов – Түркіменстан Республикасының шекарасы (Түркіменбашыға)» автомобиль жолының «Жетібай – Жаңаөзен» (0-73 км) автомобиль жолын реконструкциялау

7 932




Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы

9

Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің интеграцияланған интерактивтік ақпараттық-талдау кешенін құру

19 500,00







Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі

10

Құпия






Жиыны

137 963,00

87 961,00


17 296,00

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады