Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 11 ақпандағы № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 наурызда № 9273 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № ҚР ДСМ-63 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Денсаулық сақтау министрінің 04.05.2019 № ҚР ДСМ-63 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес және Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева):

      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министрдің міндетін


атқарушы

Б. Төкежанов


  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2014 жылғы 11 ақпандағы
№ 78 бұйрығымен бекітілген

Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық
және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарының қызметі туралы ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Ереже Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қызметін реттейді.

      3. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған диагностикалау және емдеу (клиникалық нұсқаулармен) хаттамаларына сәйкес "гастроэнтерология" мамандығы бойынша дәрігер мамандандырылған және жоғары мамандандырылған көмек түрінде көрсетеді.

      4. Халыққа гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын көмек нысанында, сондай-ақ қалпына келтіре емдеу мен медициналық оңалту нысанында көрсетіледі.

      5. Халыққа гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары гастроэнтерологиялық және гепатологиялық науқастарды анықтауға, емдеуге, медициналық оңалтуға бағытталған іс-шараларды уақтылы өткізу мақсатында құрылады.

      6. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек "гастроэнтерология" мамандығы бойынша дәрігерлердің "хирургия", "онкология", "сәулелік диагностика", "инфекциялық аурулар" және басқа аралас мамандықтар бойынша дәрігерлермен пәнаралық өзара іс-қимыл жасаудың негізінде көрсетіледі.

      7. Гастроэнтерология және гепатология саласындағы қызметті денсаулық сақтау ұйымдары бейінді және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

      8. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының жұмысын (республиканың, облыстың, қаланың, ауданның) штаттан тыс бас гастроэнтеролог-маманы үйлестіреді.

      9. Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының штаттары шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттарын және штаттық нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) бекітілген штаттық нормативтерге сәйкес белгіленеді (бұдан әрі- № 6173 бұйрық).

      10. Қазақстан Республикасының халқына гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 10 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – ҚР ДСМ № 907 бұйрығы) бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді қамтамасыз етеді.

2. Стационарлық гастроэнтерологиялық және
гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының
қызметі

      11. Стационарлық гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек стационарлық көмек көрсететін аудандық, қалалық, облыстық ауруханаларда, ведомстволық, республикалық, жеке денсаулық сақтау ұйымдарында ұсынылады.

      12. Мамандандырылған стационарлық гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек асқорыту ағзаларының аурулары және олардың тәуліктік қадағалап – қарау үшін стационарларға емдеуге жатқызуды талап ететін нысандары кезінде гастроэнтерология (гастроэнтерология және гепатология) бөлімшелерінде көрсетіледі.

      13 Жоғары мамандандырылған медициналық көмек (ЖММК) "Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек түрлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 750 бұйрығымен (нормативтік және құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9086 тіркелген) бекітілген ЖММК технологиярының түрлеріне сәйкес асқорыту ағзаларының аурулары кезінде көрсетіледі.

      14. Асқорыту ағзаларының функционалдық бұзылулары бар және ауруларының асқынбаған (компенсацияланған) нысандары бар, мамандандырылған гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті қажет етпейтін пациенттерге білікті медициналық көмекті стационарлық деңгейде "терапия", "педиатрия" мамандықтары бойынша дәрігер терапиялық және педиатриялық (соматикалық) бөлімшелерде немесе күндіз келу палаталары бар стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарында көрсетеді.

      15. Амбулаториялық деңгейде гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек аудандық емханада, қалалық емханада, консультациялық-диагностикалық орталықта ұсынылады.

      16. Амбулаториялық-емханалық ұйымдарында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті көрсету үшін гастроэнтеролог кабинеті ашылады.

3. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық
көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі
функциялары мен қызметтері

      17. Халыққа гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін ұйымдардың негізгі міндеттері:

      1) асқорыту ағзалары ауруларының бастапқы профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

      2) асқорыту ағзаларының ауруын диагностикалау;

      3) барлық кезеңдерде сабақтастықты сақтаумен асқорыту ағзалары ауруларын емдеу;

      4) асқорыту ағзалары ауруымен ауыратын пациенттерді динамикалық бақылау;

      5) асқорыту ағзалары ауруының асқынуының күшеюі мен дамуының алдын алу;

      6) асқорыту ағзаларының қатерлі ісіктерінің ерте диагностикасы;

      7) асқорыту ағзалары аурулары бар науқастарды медициналық оңалту болып табылады.

      18. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының негізгі функциялары:

      1) жұмыста диспансерлік қағидаттарды сақтай отырып, тиімді медициналық технологияларды қолданумен стационарлық және амбулаторлық жағдайларда халыққа мамандандырылған консултациялық-диагностикалық және емдік-профилактикалық гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсету;

      2) гастроэнтерологиялық және гепатологиялық қызметтің барлық түрлерінің нысаналы бағдарламаларын әзірлеу, жоспарлау және енгізу;

      3) гастроэнтерологиялық және гепатологиялық бейіндегі аурулар кезінде халыққа консультациялық, диагностикалық, емдік және профилактикалық көмек көрсету мәселелері жөнінде медициналық ұйымдарға ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

      4) денсаулық сақтау ұйымдарының гастроэнтерологиялық және гепатологиялық бейінді науқастарға медициналық көмек көрсету сапасын мониторингілеуді жүзеге асыру;

      5) салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметімен бірлесіп Қазақстан Республикасы халқының арасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық бейінді ауруларды профилактикалау, саламатты өмір салтын насихаттау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;

      6) гастроэнтерология және гепатология мәселелері бойынша ғылыми-практикалық іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;

      7) қалпына келтіріп емдеудің және медициналық-әлеуметтік оңалтудың жаңа әдістерін қоса отырып, гастроэнтерологиялық және гепатологиялық бейіндегі ауруларды медициналық оңалту;

      8) халықтың арасында гастроэнтерологиялық және гепатологиялық бейінді ауруларды профилактикалау жөнінде санитариялық-гигиеналық жұмыстарды ұйымдастыру және өткізу, мерзімді және профилактикалық медициналық тексерулерді өткізу;

      9) есепке алу және есеп беру құжаттарын жүргізу, қызмет туралы есепті ұсыну.

      19. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының қызметіне мыналар кіреді:

      1) гастроэнтерология және гепатология саласындағы әдістемелік нұсқаулық;

      2) гастроэнтерология және гепатология саласындағы медициналық білім беру мен ғылыми-техникалық бағдарламаларды іске асыру;

      3) аурудың аса ауыр нысанымен ауыратын пациенттерге жоғары мамандандырылған және мамандандырылған көмек көрсету;

      4) "гастроэнтерология /гепатология" маманды бойынша штаттан тыс бас маманмен бірлесіп статистикалық талдау жүргізу.

4. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық
көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының құрылымы

      20. Гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдарда меншік құқығына және ведомстволық тиістілігіне қарамастан, құрылымында оларға жүктелген функцияларға қарай:

      1) қалалық, аудандық орталық/аудандық ауруханалардың, облыстық ауруханалардың және Астана және Алматы қалаларының қалалық ауруханаларының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының базасында гастроэнтерология (гастроэнтерология және гепатология) бөлімшесі;

      2) амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жанынан (бұдан әрі – АЕК) гастроэнтерологиялық кабинеттер;

      3) гепатологиялық кабинет (орталық) ұйымдастырылады.

5. Гастроэнтерология (гастроэнтерология және гепатология)
бөлімшесі

      21. Бөлімшені осы Бөлімше құрылған ұйымның басшысы лауазымға тағайындайтын және лауазымынан босататын "гастроэнтерология" мамандығы бойынша меңгеруші – дәрігер басқарады.

      22. Бөлімше дәрігерінің лауазымына "гастроэнтерология" мамандығы бойынша дәрігер тағайындалады.

      23. Бөлімшенің негізгі функциялары:

      1) асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған диагностикалау және емдеу хаттамаларына сәйкес (клиникалық нұсқауларға) айғақтар бойынша емдеуге жатқызу және стационарлық көмек көрсету;

      2) пациенттерге, оның ішінде асқорыту ағзаларына операциялық араласуларды бастан өткерген пациенттерге оңалтудың емдеуге жатқызу кезеңін жүзеге асыру;

      3) стационардың басқа бөлімшелерінің дәрігерлері мен пациенттеріне консультациялық көмек көрсету;

      4) медициналық көмектің сапасын арттыру және асқорыту ағзаларының ауруларынан ауруханалық қайтыс болуды төмендету бойынша іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

      5) асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді профилактикалау және медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша медициналық ұйымның дәрігерлік және орта медициналық персоналының біліктілігін арттыруға қатысу;

      6) асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді профилактикалаудың, диагностикалаудың, емдеу және оңалтудың жаңа әдістерін дәрігерлердің жүйелі түрде игеруі және клиникалық практикаға енгізу;

      7) пациенттермен және олардың туыстарымен санитариялық – ағарту жұмысын жүргізу;

      8) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу;

      9) емдеуге жатқызылған пациенттер бойынша ақпаратты жүйелі түрде талдау, есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу болып табылады.

      24. Бөлімше құрылған медициналық ұйымның құрамында оның қызметін қамтамасыз ету үшін эндоскопия және сәулелік диагностика бөлімшесі де құрылады.

      25. Бөлімше медициналық білім беру ұйымының клиникалық базасы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

      26. Құрамында Бөлімше құрылған денсаулық сақтау ұйымы осы Ережеге 1-қосымшада көрсетілген құрылымында гастроэнтерология (гастроэнтерология және гепатология) бөлімшесі бар денсаулық сақтау ұйымын жарақтандыру тізбесіне сәікес медициналық жабдықтармен жарақтандырылады.

      27. Бөлімше, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының аралас бөлімшелері ұсынатын гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтердің тізбесі Ережеге 2-қосымшада көзделген.

6. Гастроэнтеролог кабинеті

      28. Гастроэнтеролог кабинетін құруды (бұдан әрі – Кабинет), оның құрылымын және штат бірлігін бекітуді базалық амбулаториялық-емханалық ұйымның басшысы жұмыстың, қызмет көрсетілетін халық санының және осы Штат нормативтерімен белгіленген көлеміне байланысты жүзеге асырады.

      29. Кабинеттің штат нормативтері:

      1) бекітілген (қызмет көрсетілетін) 50 000 ересек халыққа 1 дәрігер лауазымы;

      2) әрбір гастроэнтеролог дәрігердің лауазымына 1 мейіргер лауазымы;

      3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін үлгілік штаттарға және штат нормативтеріне сәйкес өзге лауазымдардың есебінен белгіленеді.

      30. Кабинет дәрігерінің лауазымына "гастроэнтерология" мамандығы бойынша дәрігер тағайындалады.

      31. Кабинет дәрігерінің консультациялық – диагностикалық қызметті (пациентті қабылдау) көрсетуге арналған уақыт нормативі 40 минутты құрайды.

      32. Кабинеттің негізгі функциялары:

      1) "терапия" мамандығы бойынша учаскелік дәрігерлердің "жалпы практика дәрігері" мамандығы бойынша дәрігерлердің жолдамасы бойынша асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету;

      2) асқорыту ағзаларының аурулары бар, оның ішінде асқорыту ағзаларында операциялық араласуларды бастан өткерген пациенттерді динамикалық бақылау және оңалту;

      3) пациенттерді зертханалық және аспаптық зерттеп-қарауға жіберу;

      4) пациенттерді "хирургия", "онкология", "инфекциялық аурулар" мамандықтары бойынша және басқа да аралас мамандықтар бойынша дәрігерлерге тексерілуге және консультация алуға жіберу;

      5) асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді іріктеу және стационарлық емдеуге жіберу;

      6) асқорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерді іріктеуге және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге жіберуге қатысу;

      7) уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу және пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жіберу;

      8) асқорыту ағзаларының аурулары бар науқастарды профилактикалаудың, диагностикалауды және емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізу;

      9) учаскелік дәрігерлерге, жалпы дәрігерлік практика мамандарына және өзге де мамандықтардың дәрігерлеріне гастроэнтерология және гепатология мәселелері бойынша жеке консультация жүргізу және біліктілікті арттыруға қатысу;

      10) ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу;

      11) тіркелген (қызмет көрсетілетін) халықтың арасында асқорыту ағзаларының аурулары бойынша статистикалық мәліметтерді талдау және есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу;

      12) халықты санитариялық - гигиеналық ақпараттандыру бойынша іс-шараларды әзірлеу және өткізу, асқорыту азғаларының аурулары бар пациенттер үшін "мектептерді" өткізуге ұйымдастыру және қатысу болып табылады.

      33. Кабинет құрылған медициналық ұйымның құрамында оның қызметін қамтамасыз ету үшін клиникалық-диагностикалық қызметтердің көлеміне байланысты гастроскопия кабинеті, ректоскопия кабинеті, эндоскоптарды, аспаптарды жууға және зарарсыздандыруға арналған кабинет, сәулелік диагностика кабинеті құрылады.

      34. Құрамында кабинет құрылған денсаулық сақтау ұйымы, құрылымында гастроэнтеролог кабинеті бар денсаулық сақтау ұйымын жарақтандыру тізбесіне сәйкес осы Ережеге 3-қосымшада көрсетілген денсаулық сақтау ұйымын жарақтандыру тізбесіне сәйкес жарақтандырылады.

      35. Гастроэнтеролог кабинеті ұсынған гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтердің тізбесі осы Ережеге 4-қосымшада көзделген.

      36. Асқорыту ағзаларының функцияның бұзылыстары және аурудың асқынбаған (компенсацияланған) нысандары бар, мамандандырылған гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмекті қажет етпейтін пациенттерге білікті медициналық көмекті "терапия", "педиатрия" мамандығы бойынша дәрігер немесе "жалпы практика дәрігері" мамандығы бойынша дәрігер амбулаториялық, сондай-ақ АЕҰ күндізгі стационарларында көрсетеді.

7. Гепатологиялық кабинет (орталық)

      37. Гепатологиялық кабинет (орталық) облысқа, республикалық маңызы бар қалаға және астанаға кемінде біреу есепбін АЕК немесе көп бейінді стационарлар кіретін көп бейінді медициналық ұйымның базасында денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары құрады.

      38. Гепатологиялық кабинеттің (орталықтың) құрылымын және штат санын бекітуді жұмыс көлеміне, № 6173 бұйрықпен бекітілген штат нормативтеріне сәйкес қызмет көрсетілетін халықтың санына қарай базасында гепатологиялық кабинет (орталық) құрылатын денсаулық сақтау ұйымының басшысы жүзеге асырады.

      39. Гепатологиялық кабинет (орталықтың) дәрігері лауазымына гепатология мәселелері бойынша қосымша кәсіби білім беру бағдарламасын сәтті игерген маман тағайындалады:

      1) "гастроэнтерология" мамандығы бойынша дәрігер;

      2) "гастроэнтерология" мамандығы бойынша қосымша кәсіби білім алған "инфекциялық аурулар" мамандығы бойынша дәрігер.

      40. Гепатологиялық кабинеттің (орталықтың) негізгі функциялары:

      1) "терапия" мамандығы бойынша учаскелік дәрігерлердің, "жалпы практика дәрігері" мамандығы бойынша дәрігерлердің, сондай-ақ "гастроэнтерология" және "инфекциялық аурулар" мамандықтары бойынша дәрігерлердің жолдамасы бойынша созылмалы бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бар пациенттерге медициналық көмек көрсету;

      2) созылмалы бауыр және өт шығару жолдарының аурулары, оның ішінде созылмалы бауыр және өт шығару жолдарында операциялық араласуларды бастан өткерген пациенттерді динамикалық бақылау және оңалту;

      3) созылмалы бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бар пациенттерді зертханалық және аспаптық зерттеп-қарауға жіберу;

      4) пациенттерді "хирургия", "онкология", "инфекциялық аурулар" мамандықтары бойынша және басқа да аралас мамандықтар бойынша дәрігерлерге тексерілуге және консультация алуға жіберу;

      5) созылмалы бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бар пациенттерді іріктеу және стационарлық емдеуге жіберу;

      6) созылмалы бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бар пациенттерді іріктеуге және ЖММК көрсетуге жіберуге қатысу;

      7) еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама өткізу және бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бар пациенттерді медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясына жіберу;

      8) созылмалы бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бар пациенттерді профилактикалаудың, диагностикалау мен емдеудің жаңа әдістерін практикаға енгізу;

      9) учаскелік дәрігерлерге, жалпы дәрігерлік практика мамандарына және өзге де мамандықтардың дәрігерлеріне гепатология мәселелері бойынша жеке консультация жүргізу және біліктілікті арттыруға қатысу;

      10) ғылыми-практикалық конференцияларға қатысу;

      11) тіркелген (қызмет көрсетілетін) халықтың арасында бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бойынша статистикалық мәліметтерді талдау және ҚР ДСМ № 907 бұйрығына сәйкес есепке алу және есеп беру құжаттамасын жүргізу;

      12) халықты санитариялық - гигиеналық ағарту бойынша іс-шараларды әзірлеу және өткізу;

      13) созылмалы бауыр және өт шығару жолдарының аурулары бар пациенттер үшін "мектептерді" өткізуге ұйымдастыру және қатысу;

      14) созылмалы вирустық гепатит жағдайларында:

      аурудың белсенділігі мен сатысын диагностикалау;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған диагностикалау және емдеу (клиникалық нұсқау) хаттамаларына сәйкес вирусқа қарсы терапияға айғақтарды және қарсы айғақтарды айқындау;

      қиын жағдайларда вирусқа қарсы терапияға айғақтарды және қарсы айғақтарды белгілеу үшін стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына пациенттерді бағыттау;

      вирусқа қарсы терапияны жүргізу туралы хаттамалық шешімді қабылдауға қатысу;

      вирусқа қарсы терапияны жүргізу және мониторинг;

      тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде вирусқа қарсы терапия жүргізілген жағдайда пациенттерді күту парағына енгізу;

      пациенттердің дәрілік заттарды, оның ішінде вирусқа қарсы дәрілік заттарды алуына рецепттер беру;

      пациенттерді, оның ішінде созылмалы вирустық гепатиті бар пациенттерге вирусқа қарсы терапияның бастапқы кезеңін өткізу үшін амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына немесе стационарлық көмек көсететін денсаулық сақтау ұйымдарының күндізгі стационарларына емдеуге жатқызу;

      бауыр ауруларының асқынған (жылжыған) нысандары бар пациенттерді республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жіберу;

      денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган ұсынған диагностикалау және емдеу хаттамаларына (клиникалық нұсқауларға) сәйкес вирусқа қарсы терапияның тиімділігін бағалау, режимін модификациялау, сондай-ақ оның жанама әсерлерін түзету;

      пациенттерді немесе олардың заңды өкілдерін вирусқа қарсы терапияны жүргізудің алдында "Созылмалы вирустық гепатитті емдеуге пациенттің ақпараттық келісімі" нысанымен таныстыру;

      вирусқа қарсы терапияға алынған пациенттердің саны туралы және тиімсіздігіне немесе вирусқа қарсы терапияның жанама әсерлерінің дамуына байланысты терапия тоқтатылған пациенттердің саны туралы ақпаратты дайындау және талдау;

      вирусқа қарсы терапия көрсетілген немесе қарсы айғақтары бар пациенттерді динамикалық бақылау;

      созылмалы вирустық гепатиттермен ауыратындардың инфекцияны одан әрі тарату қаупінің алдын алу тәсілдерін түсіндіру болып табылады.

      41. Құрамында гепатологиялық кабинет (орталық) құрылған денсаулық сақтау ұйымы құрылымында гепатологиялық кабинеті (орталығы) бар денсаулық сақтау ұйымын жарақтандыру тізбесіне сәйкес осы Ережеге 5-қосымшада көрсетілген медициналық жабдықтармен жарақтандырылады.

      42. Гепатологиялық кабинет (орталық) ұсынатын гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тізбесі осы Ережеге 6-қосымшада көзделген.

  Қазақстан Республикасының халқына
гастроэнтерологиялық және гепатологиялық
көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарының қызметі туралы ережеге
1-қосымша

Өз құрылымында гастроэнтерология (гастроэнтерология және
гепатология) бөлімшесі бар денсаулық сақтау ұйымын
жарақтандыру тізбесі

Р/с №





Саны


Эндоскопия бөлімшесі



Гастроскопия кабинеті


1

Бейнеоэндоскопиялық жүйе (процессор, монитор, сорғыш)

1

2

Бейнегастроскоп

2

3

Биопсиялық қысқаштар

2

4

Эндоскопиялық жарық беруші немесе процессор

1

5

Электросорғыш

1

6

Пациентті тексеріп-қарауға арналған кушетка немесе үстел

1

7

Аспаптық үстел

2

8

Медициналық шкаф

1

9

Бактерицидті шам

1

10

Морфологиялық зерттеуге арналған материалды алу үшін формалині бар шынылар мен құтылар

Жұмыс көлеміне байланысты


Колонналық – және ректоскопия кабинеті


11

Бейнеоэндоскопиялық жүйе (процессор, монитор, сорғыш)

1

12

Бейнегастроскоп

2

13

Ректоскоп

2

14

Ректоскопқа арналған биопсиялық қысқаштар

2

15

Эндоскопиялық жарық беруші немесе процессор

1

16

Пациентті тексеріп-қарауға арналған кушетка немесе үстел

1

17

Аспаптық үстел

1

18

Медициналық шкаф

2

19

Бактерицидті шам

1

20

Морфологиялық зерттеуге арналған материалды алу үшін формалині бар шынылар мен құтылар

Жұмыс көлеміне байланысты


Ренгтгенэндоскопиялық операциялық бөлім


21

Бейнеоэндоскопиялық жүйе (процессор, монитор, сорғыш)

1

22

Бейнедуоденоскоп

1

23

Электрооптикалық қайта түрлендіргіші немесе С-доғасы бар стационарлық рентгенологиялық аппарат

1

24

Наркозды-тыныс алу аппараты

1

25

Пациент мониторы

1

26

Электрохирургиялық қондырғы

1

27

ЭРХПГ арналған катетр

2

28

Папиллотом

2

29

Гастроскопияға арналған ілмек

2

30

Колоноскопияға арналған ілмек

2

31

Гастроскопияға арналған инжекторлар

2

32

Колоноскопияға арналған инжекторлар

2

33

Дормиа себеті

2

34

гастро - және колоноскопияға арналған клипс жиынтығы бар клипатор

Жұмыс көлеміне байланысты

35

Бөтен затты жоюға арналған аспаптар

Жұмыс көлеміне байланысты

36

Эндоскопиялық жарық беруші немесе процессор

1

37

Пациентті тексеріп-қарауға арналған кушетка немесе үстел

1

38

Медициналық шкаф

1

39

Аспаптық үстел

2

40

Бактерицидті шам

1

41

Морфологиялық зерттеуге арналған материалды алу үшін формалині бар шынылар мен құтылар

Жұмыс көлеміне байланысты


Эндоскоптар мен аспаптарды жууға және зарарсыздандыруға арналған кабинет


42

Эндоскоптарды автоматты жууға және зарарсыздандыруға арналған аппарат *

1

43

Эндоскоптарды құрғату мен сақтауға арналған шкаф

1


Сәулелі диагностиканың бөлімшесі


44

Стайионарлық рентгенологиялық қондырғы

1

45

Допплерогафиялық карталауы функциясы бар ультрадыбыстық диагностикаға арналған аппарат

1

46

Бауырдың серпінділігін (эластометриялығын) өлшеуге арналған аппарат

1

47

Компьютерлік (магнитті резонансты) томография

1

48

Контрасты заттарды енгізуге арналған инжектор

1


Өзге жабдықтар


49

Бауырдың пункциялық биопсиясына арналған жинақтар

Жұмыс көлеміне байланысты

50

Асқазан ішілік рН-метрия жүргізуге арналған құрылғы

1

51

Тыныс алу тестін жүргізуге арналған құрылғы

1

  Қазақстан Республикасының халқына
гастроэнтерологиялық және гепатологиялық
көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарының қызметі туралы ережеге
2-қосымша

Бөлімше, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының аралас
бөлімшелері ұсынатын гастроэнтерологиялық және гепатологиялық
көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тізбесі *

Р/с №


Саны

1

қанның, несептің және зәрдің жалпы клиникалық талдауы

айғақтар бойынша қайталама 1 рет талдау

2

қанның толық биохимиялық талдауы

айғақтар бойынша қайталама 1 рет талдау

3

қанның ұйыту жүйесін зерттеу


4

инфекцияға серологиялық және вирусологиялық зерттеу


5

иммунологиялық зерттеу (аутоантидененің, ісік маркерлерінің болуына)


6

биопсиясы бар гастроскопияға


7

биопсиясы бар дуоденоскопияға


8

биопсиясы бар колоноскопияға


9

бауырдың пункциялық биопсиясы


10

цитологиялық и гистологиялық зерттеу


11

эндоскопиялық папиллосфинктеротомия


12

эндоскопиялық ретрограднды панкреатохолангиография


13

полиптердің эндоскопиялық эксцизиясы


14

өңештің, азқазанның врикозды кеңейтілген тамырларын лигирлеу (склерозирлеу)


15

асқазан ішілік рН-метрия


16

Допплерографиялық карталауы бар ішперде қуысы ағзасын ультрадыбыстық зерттеу


17

бауырдың серпінділігі (эластометриялығы)


18

рентгенологиялық, оның ішінде асқазан-ішек жолдары ағзаларына контрастық зерттеулер


19

уреазды тыныс алу тесті


20

компьютерлік (магнитті резонансты) томография

айғақтар бойынша


      * Гастроэнтерология бөлімшесі ұсынатын гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.

      ** Ас қорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерге клиникалық-диагностикалық қызметтерді толық көлемде көрсету мүмкін болмаған кезде аталған қызметтерді өзге денсаулық сақтау ұйымдары тиісті шарттардың негізінде көрсетеді.

  Қазақстан Республикасының халқына
гастроэнтерологиялық және гепатологиялық
көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарының қызметі туралы ережеге
3-қосымша

Өз құрылымында гастроэнтеролог кабинеті бар денсаулық сақтау
ұйымын жарақтандыру тізбесі

Р/с №


Саны


Гастроскопия кабинеті


1

Фиброгастроскоп немесе бейнегастроскоп

2

2

Биопсиялық қысқаштар

2

3

Эндоскопиялық жарық беруші немесе процессор

1

4

Электросорғыш

1

5

Пациентті тексеріп-қарауға арналған кушетка немесе үстел

1

6

Аспаптық үстел

2

7

Медициналық шкаф

1

8

Бактерицидті шам

1

9

Морфологиялық зерттеуге арналған материалды алу үшін формалині бар шынылар мен құтылар

Жұмыс көлеміне байланысты


Ректоскопия кабинеті


10

Ректоскоп

2

11

Ретоскопқа арналған биопсиялық қысқаштар

2

12

Эндоскопиялық жарық беруші немесе процессор

1

13

Пациентті тексеріп-қарауға арналған кушетка немесе үстел

1

14

Медициналық шкаф

1

15

Аспаптық үстел

1

16

Бактерицидті шам

1

17

Морфологиялық зерттеуге арналған материалды алу үшін формалині бар шынылар мен құтылар

Жұмыс көлеміне байланысты


Эндоскоптарды және аспаптарды жууға және зарарсыздандыруға арналған кабинет


18

Эндоскоптарды автоматты жууға және зарарсыздандыруға арналған аппарат *

1


Сәулелік диагностика кабинеті


19

Рентгенологиялық қондырғы

1

20

Ультрадыбысық диагностикаға арналған аппарат

1


Өзге жабдықтар


21

Тыныс алу уреазды тест жүргізуге арналған құрал

1


      * Жуу үшін автомат болмаған кезде дезинфекатанттарды және дистиллирленген суды қолдана отырып пластик ыдыстардағы эндоскоптарды қолмен тазалауды ұйымдастыру

  Қазақстан Республикасының халқына
гастроэнтерологиялық және гепатологиялық
көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарының қызметі туралы ережеге
4-қосымша

Гастроэнтеролог кабинеті ұсынатын гастроэнтерологиялық және
гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық
қызметтер тізбесі *

Р/с №


Саны

1

қанның, несептің және зәрдің жалпы клиникалық талдауы

айғақтар бойынша қайталама 1 рет талдау

2

қанның биохимиялық талдауы

айғақтар бойынша қайталама 1 рет талдау

3

инфекцияға серологиялық және вирусологиялық зерттеу


4

иммунологиялық зерттеу (аутоантидененің, ісік маркерлерінің болуына)


5

биопсиясы бар гастроскопияға


6

биопсиясы бар ректоскопияға


7

цитологиялық және гистологиялық зерттеу


8

ішперде ағзаларына ультрадыбыстық зерттеулер


9

ішперде ағзаларына ультрадыбыстық зерттеулер


10

рентгенологиялық, оның ішінде асқазан-ішек жолдары ағзаларына контрастық зерттеулер


11

тыныс алу уреазды тест


12

компьютерлік (магнитті резонансты) томография



      * Гастроэнтеролог кабинеті ұсынатын гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.

      ** Ас қорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерге клиникалық-диагностикалық қызметтерді толық көлемде көрсету мүмкін болмаған кезде аталған қызметтерді өзге денсаулық сақтау ұйымдары тиісті шарттардың негізінде көрсетеді.

  Қазақстан Республикасының халқына
гастроэнтерологиялық және гепатологиялық
көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарының қызметі туралы ережеге
5-қосымша

Өз құрылымында гепатологиялық кабинеті (орталығы) бар денсаулық
сақтау ұйымын жарақтандыру тізбесі

Р/с №


Саны


Гастроскопия кабинеті


1

Фиброгастроскоп немесе бейнегастроскоп

2

2

Биопсиялық қысқаштар

2

3

Эндоскопиялық жарық беруші немесе процессор

1

4

Электросорғыш

1

5

Пациентті тексеріп-қарауға арналған кушетка немесе үстел

1

6

Аспаптық үстел

2

7

Медициналық шкаф

1

8

Бактерицидті шам

1

9

Морфологиялық зерттеуге арналған материалды алу үшін формалині бар шынылар мен құтылар

Жұмыс көлеміне байланысты


Ректоскопия кабинеті


10

Ректоскоп

2

11

Ретоскопқа арналған биопсиялық қысқаштар

2

12

Эндоскопиялық жарық беруші немесе процессор

1

13

Пациентті тексеріп-қарауға арналған кушетка немесе үстел

1

14

Медициналық шкаф

1

15

Аспаптық үстел

1

16

Бактерицидті шам

1

17

Морфологиялық зерттеуге арналған материалды алу үшін формалині бар шынылар мен құтылар

Жұмыс көлеміне байланысты


Эндоскоптарды және аспаптарды жууға және зарарсыздандыруға арналған кабинет


18

Эндоскоптарды автоматты жууға және зарарсыздандыруға арналған аппарат *

1


Сәулелік диагностика кабинеті


19

Рентгенологиялық қондырғы

1

20

Допплерогафиялық карталауы функциясы бар ультрадыбыстық диагностикаға арналған аппарат

1

21

Бауырдың серпінділігін (эластометриялығын) өлшеуге арналған аппарат

1


      * Жуу үшін автомат болмаған кезде дезинфекатанттарды және дистиллирленген суды қолдана отырып пластик ыдыстардағы эндоскоптарды қолмен тазалауды ұйымдастыру

  Қазақстан Республикасының халқына
гастроэнтерологиялық және гепатологиялық
көмек көрсететін денсаулық сақтау
ұйымдарының қызметі туралы ережеге
6-қосымша

Гепатологиялық кабинет (орталық) ұсынатын гепатологиялық көмек
көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тізбесі *

Р/с №


Саны

1

қанның, несептің және зәрдің жалпы клиникалық талдауы

айғақтар бойынша қайталама 1 рет талдау

2

қанның биохимиялық талдауы

айғақтар бойынша қайталама 1 рет талдау

3

инфекцияға серологиялық және вирусологиялық зерттеу


4

иммунологиялық зерттеу (аутоантидененің, ісік маркерлерінің болуына)


5

биопсиясы бар гастроскопияға


6

биопсиясы бар ректоскопияға


7

цитологиялық және гистологиялық зерттеу


8

ішперде ағзаларына ультрадыбыстық зерттеулер


9

бауырдың серпінділігі (эластометриялығы)


10

рентгенологиялық, оның ішінде асқазан-ішек жолдары ағзаларына контрастық зерттеулер


11

уреазды тыныс алу тесті


12

компьютерлік (магнитті резонансты) томография



      * Гепатологиялық кабинеті ұсынатын гастроэнтерологиялық және гепатологиялық көмек көлеміндегі клиникалық-диагностикалық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жүзеге асырылады.

      Ас қорыту ағзаларының аурулары бар пациенттерге клиникалық-диагностикалық қызметтерді толық көлемде көрсету мүмкін болмаған кезде аталған қызметтерді өзге денсаулық сақтау ұйымдары тиісті шарттардың негізінде көрсетеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады