"Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы"

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2014 жылғы 27 наурыздағы № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 1 сәуірде № 9289 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 100 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 20.02.2015 № 100 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 5-тармағына және «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 3 қарашадағы № 308 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6630 тіркелген және 2010 жылғы 26 қарашадағы № 321-322 (26382-26383) «Казахстанская правда» газетінде, 2010 жылғы 24 желтоқсандағы № 52 (522) «Официальная газета» газетінде, 2010 жылғы 30 қарашадағы № 506-512 (26355) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Атқарушылық құжаттарды орындау кезінде тыйым салынған мүлікті сату ережесіне:
      2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «кепілдік жарна – борышкерлердің тыйым салынған мүлкін сату жөніндегі сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірген тұлғалар аумақтық органның бақылаудағы қолма-қол ақша шотына, сонымен қатар жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізетін ақшалай сома;»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Өндіріп алушылар ретінде екі және одан көп өндіріп алушылар әрекет ететін атқарушылық іс жүргізу бойынша тыйым салынған мүлік әрбір өндіріп алушыға бара-бар тиесілі сомада мүлікті сатудан алынған ақшалай қаражатты бөлу жолымен барлық өндіріп алушылардың талаптарын қанағаттандыру үшін сауда-саттыққа қойылады. Осы атқарушылық іс жүргізулер бойынша сатудың барлық сатысында өндіріп алушыларға мүлікті заттай қабылдап алу туралы ұсыныс жасалмайды. Өндіріп алушы аукционға қатысқан кезде кепілдік жарнаны және жеңген жағдайда толық құнын енгізеді.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Өткізілгелі жатқан аукцион туралы хабарландыру аукцион өткiзiлгенге дейін кемінде он күнтізбелік күн бұрын, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таратылатын ресми хабарламаларды жариялауға құқығы бар мерзімді баспа басылымдарында, қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.»;
      мынадай мазмұндағы 10-1-тармақпен толықтырылсын:
      «10-1. Борышкердің мүлкін аукционда сатқан кезде мемлекеттік сот орындаушысы мүліктің тізімін аумақтық органның интернет-ресурсында жариялайды, ал жеке сот орындаушысы жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының интернет-ресурсында жариялайды.»;
      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      11-тармақ. Аукционды өткізу туралы хабарламада мынадай мәлеметтер көрсетіледі:
      1) аукцион өткізу туралы тақырып;
      2) мүлкі сатылатын борышкердің атауы;
      3) электрондық аукцион өтетін күні мен уақыты;
      4) қосымша ақпарат алу үшін аукцион ұйымдастырушысының, аумақтық органның немесе жеке сот орындаушыларының өңірлік алқасының телефондар нөмірлері, мекенжайлары мен интернет-ресурсының электрондық мекенжайы;
      5) өтінімдерді қабылдау уақыты мен мерзімдері;
      6) аукционға қатысу үшін кепілдік жарна мөлшері және аумақтық органның кепілақы аударылуы тиіс ағымдағы бақылаудағы қолма-қол ақша шотының немесе жеке сот орындаушысының ағымдағы шотының деректемелері;
      7) уәкілетті органның сенім телефондары.
      16-20 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Сауда-саттыққа қатысқысы келетін адамдар қатысушы ретінде тіркелу үшін мыналарды тапсырады:
      1) сауда-саттыққа қатысуға өтінім;
      2) сауда-саттыққа қатысуы үшін кедергілердің жоқтығы туралы тілхат;
      3) қатысушының жеке басын куәландыратын құжат және заңды тұлға өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжат;
      4) кепілдік жарнаның енгізілгенін растайтын төлем құжат;
      5) заңды тұлғалар заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы анықтаманы ұсынады.
      Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдерде сауда-саттыққа қатысушының толық деректері: тегі, аты, әкесінің аты, жеке куәлігінің деректері, заңды тұлғаның толық атауы, жеке идентификациялық нөмірі/бизнес идентификациялық нөмірі көрсетіледі.
      осы тармақтың 4) тармақшасының талаптары мүлкі сатылып отырған атқарушылық іс жүргізу бойынша өндіріп алушысы болып табылатын аукционның қатысушысына қолданылмайды.
      17. Сауда-саттыққа қатысу үшін кепілдік жарна мүліктің бастапқы құнының бес пайызы мөлшерінде белгіленеді.»;
      18. Кепілдік жарнанаы қатысушының атынан сенімхатпен немесе шартпен уәкілеттік берілген кез келген жеке немесе заңды тұлға салуы мүмкін.»;
      19. Сауда-саттықты жеңіп алған тұлғаның кепілдік жарнасы сатып алу бағасының шотына есепке алынады. Қалған қатысушылардың енгізген кепілдік жарнасы сауда-саттық өткізілгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде қайтарылуға жатады.»;
      20. Егер сатып алушы бес жұмыс күні ішінде мүліктің бүкіл сатып алу құнын енгізбеген жағдайда немесе сауда-саттыққа қатыса алмағандығы белгілі болған жағдайда кепілдік жарна оған қайтарылмайды және ол мемлекет кірісіне түседі. Егер кепілдік жарна жеке сот орындаушысының ағымдағы шотына енгізілген жағдайда, жеке сот орындаушысы үш жұмыс күні ішінде кепілдік жарнаны мемлекет пайдасына аудару туралы шараны қолданады.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Бірінші сауда-саттықты өткізген кезде құны үш жүзден мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш болатын мүліктің бастапқы бағасын жоғарлату қадамы бес пайызды құрайды.
      Қайталама сауда-саттық өткізген кезде құны үш жүзден мыңға дейін айлық есептік көрсеткіш болатын мүліктің бастапқы бағасынан төмендеу қадамы үш пайызды құрайды.»;
      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «34. Сатып алушы сатып алынған мүлік үшін барлық сатып алу сомасын енгізгеннен кейін сот орындаушысы болып өткен сауда-саттық туралы хаттама және мүліктен ауыртпалықты (тыйым салуды) алу туралы қаулы құрылады. Осымен бір уақытта сот орындаушысының, сатып алушының және борышкердің қатысуымен мүлікті сатып алушыға мүлікті қабылдап алу-тапсыру актісі жасалады. Борышкердің болмауы мүлікті сатып алушыға беруге кедергі болып табылмайды.
      Сонымен бірге, сауда - саттықта мүлікті сатып алушымен сатып алу-сату шарты жасалады. Аталған шарт сатып алушының алған мүлкіне оның меншік құқықтарын (меншік құқықтарының ауысуын) мемлекеттік органдарда тіркеу үшін негіз болып табылады.
      Өндіріп алушыны сауда-саттықтың жеңімпазы ретінде жариялаған кезде сатып алынған мүліктің сомасы берешек сомасынан жоғары болса, өндіріп алушы берешек сомасы мен сатылған мүлік құнының арасындағы айырмашылықты береді.»;
      37-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «сауда-саттыққа екінші қатысушысы осы Ережелердің 35-тармағында көзделген жағдайларда өзі жариялаған сатып алу бағасын бес жұмыс күндік мерзімде енгізбесе.»;
      39-41 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «39. Егер сауда-саттық өтпесе, осы Ереженің 20-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кепілдік жарна оны салған адамдарға қайтарылады.
      40. Осы Ереженің 6-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, алғашқы сауда-саттық өпеді деп жарияланған жағдайда өндіріп алушыға бастапқы бағамен мүлікті өзіне қалдыру құқығы беріледі, ол туралы тиісті қаулы шығарылады.
      Өндіріп алушыға мүлікті меншігіне қабылдау құқығы берілген жағдайда оған он бес жұмыс күні ішінде жауап берілмесе, мүлікті меншікке қабылдаудан бас тартатындығын білдіретіндігі жөнінде жазбаша түсіндіріледі.
      Өндіріп алушыға мүлікті берген кезде өндіріп алушы борышкердің мүлкінің құнынан атқарушылық әрекеттерді жасау бойынша шығындардың және жеке сот орындаушысы қызметінің төлемінің берілген мүлік құнымен мөлшерлес сомасын өтейді. Аталған сома кейін борышкерден өндіріліп алынады.
      Аукцион өтпеді деп танылған және өндіріп алушының мүлікті өзіне қалдырудан бас тартқан жағдайда сот орындаушысы Заңмен және осы Ережемен белгіленген тәртіпті сақтай отырып және өндіріп алушыға қатысуға құқық бере отырып қайталама аукцион белгілейді.
      41. Мүліктің бастапқы бағасы қайталама сауда-саттық өткізген кезде мүліктің бастапқы бағасына тең болады. Сауда-саттық ұйымдастырушысы лоттың бастапқы бағасын жариялайды және лоттың ең төменгі бағасынан төмен емес, мүліктің бастапқы құнынан елу пайыз мөлшерінде жаңа бағаны жариялай отырып, өтінілген қадаммен оны төмендетеді.
      Қатысушы өзіне берілген тіркеу нөмірі бар парақшаны көтерген жағдайда сауда-саттық ұйымдастырушысы бағаны жариялаған кезде өзіне берілген тіркеу нөмірі бар парақшаны бірінші болып көтерген қатысушының нөмірін айтады, лоттың бағасын үш рет қайталайды және он секунд ішінде өзге көтерілген нөмірлер болмаған жағдайда оны осы лот бойынша жеңімпаз ретінде жариялайды.
      Қатысушының нөмірін қайталау кезінде өзге қатысушы (қатысушылар) өзіне берілген тіркеу нөмірі бар парақшаны көтерсе немесе бір қадамда бір уақытта бірнеше қатысушылар өздеріне берілген тіркеу нөмірлері бар парақшаларды көтерсе, онда осы лот бойынша сауда-саттық мүлік құнын жоғарылату әдісімен жалғастырылады, сондай-ақ жоғарлату қадамы мүліктің бастапқы бағасынан үш пайыз болып қалады.»;
      43-44 тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «43. Қайталама сауда-саттық өтпеді деп жарияланған жағдайда өндіріп алушыға жазбаша нысанда бастапқы құнынан (бағасынан) жиырма пайызға төмендетілген бағамен борышкердің мүлкін өзіне қалдыру ұсынылады. Сот орындаушысы қайталама сауда-саттықты өтпеді деп тану туралы тиісті қаулы шығарады.
      44. Өндіріп алушы борышкердің мүлкін соңғы жарияланған бағамен өзіне қалдырудан жазбаша бас тартқан жағдайда немесе он бес жұмыс күні ішінде жауап бермесе, сот орындаушысы борышкердің өзге мүлкі болмаса оны қайта бағалау және одан әрі сату шараларын қабылдайды.»;
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитетінің төрағасына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі                             Б. Имашев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады