"Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және салық қызметі органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 143 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 95/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 224 және Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 287 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 сәуірде № 10860 тіркелді. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 446 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 40 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - ҚР Қаржы министрінің 16.05.2019 № 446 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.05.2019 № 40 (бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және салық қызметі органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 143 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 95/НҚ бірлескен бұйрығы (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9347 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 сәуірде жарияланғаң) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы жаңа";

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған:

      1) Осы бірлескен бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі;

      2) Осы бірлескен бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес салық құпиясын құрайтын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну қағидалары бекітілсін.";

      1-қосымшасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсынатын салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесі";

      2-қосымша осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне (Д.Е. Ерғожин) заңнамамен белгіленген тәртіпте:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімдік баспа басылымдарда және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;

      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
____________Б. Сұлтанов

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
_________________ Е. Досаев

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы 27 наурыздағы № 224
және Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 31 наурыздағы
№ 287 бірлескен бұйрығына

      қосымша

  Қазақстан Республикасы
Премьер–Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2014 жылғы 28 наурыздағы № 143
және Қазақстан Республикасы
Өңірлік даму министрінің
2014 жылғы 28 наурыздағы
№ 95/НҚ бірлескен бұйрығына
  2-қосымша

Салық құпиясын құрайтын мәліметтерді мемлекеттік кірістер
органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну
қағидалары

      1. Осы Салық құпиясын құрайтын мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға ұсыну қағидалары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 557-бабы 3-тармағының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және салық құпиясын құрайтын мәліметтерді (бұдан әрі - мәліметтер) ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жыл сайын 15 қарашаға дейінгі мерзімде Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінің электронды байланыс арнасы арқылы осы бірлескен бұйрықпен бекітілген мәліметтерді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға жібереді. Мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік жүйесінде жоқ болған жағдайда Мәліметтер "Қызмет бабында пайдалану үшін" деген белгісі бар құжаттар түрінде жіберіледі.

      3. Мәліметтерді беру салық құпиясын құрайтын мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды тұлғалармен ғана жүзеге асырылады. Лауазымды тұлғалар тізбесі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      4. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның мәліметтерге рұқсаты бар лауазымды тұлғалары алынатын ақпараттың тек қана тікелей мақсаты бойынша және оны ұсынған тарапқа залал тигізбей, үшінші тарапқа беру құқығынсыз пайдаланылуын қамтамасыз етеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады