"Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бірлескен бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 16 мамырдағы № 446 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 40 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 24 мамырда № 18727 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2006 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Мыналардың:

      1) "Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және мемлекеттік кірістер органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 143 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 95/НҚ бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9347 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 25 сәуірде жарияланған);

      2) "Салық құпиясын құрайтын мәліметтер тізбесін және салық қызметі органдарының кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 143 және Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрінің 2014 жылғы 28 наурыздағы № 95/НҚ бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 224 және Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 287 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10860 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 22 мамырда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      3) Қазақстан Республикасының қаржы және ұлттық экономикалық министрліктері осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарда орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары –
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
Ә. Смайылов
     
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Р. Дәленов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады