Көлік және коммуникация саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 14 наурыздағы № 188 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 25 сәуірде № 9355 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 629 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.05.2015 № 629 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің  138-4-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған көлік және коммуникация саласындағы салалық біліктілік шеңбері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жолдауды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. «Көлік және коммуникация саласындағы салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушысының 2013 жылғы 29 шілдедегі № 576 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8675 болып тіркелген, 2013 жылғы 31 қазанда № 243 (28182) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау өзіме қалдырамын.
      5. Осы бірлескен бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

      Министр                                          Ж.Қасымбек

Қазақстан Республикасы      
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 14 наурыздағы      
№ 188 бұйрығымен бекітілген     

Көлік және коммуникация саласындағы
салалық біліктілік шеңберін бекіту туралы 1. Жалпы ережелер

      1. «Көлік және коммуникация саласындағы» салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) «Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 444 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушысының 2012 жылғы 24 қыркүйектегі № 373-п-м бірлескен бұйрығымен бекітілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 19 қазандағы № 8022 тіркелген, 2012 жылғы 16 қарашадағы № 174 (2182) «Заң газеті» және 2012 жылғы 24 қараша № 771-775 (27847) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған), Ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) негізінде әзірленді және орындалатын жұмыстардың күрделілігі мен қолданылатын білім, дағды, құзырет сипатына байланысты деңгейлер бойынша маманның біліктілігіне қойылатын талаптарды көлік және коммуникация саласында жіктейді.
      2. СБШ мақсаты – кәсіптік, сертификаттау және білім беру стандарттарын кейіннен әзірлеу үшін саланың технологиялық талаптарын ескере отырып, БҰШ-тың деңгейлік біліктілік құзыреттерін сипаттау.
      3. СБШ негізгі пайдаланушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық біліктілік жүйесін құру шеңберінде саланың кәсіби стандарттарын әзірлеумен айналысатын сарапшылар, әзірлеушілер, көлік-коммуникациялар кәсіби қызметі саласындағы жұмыс берушілер, басшылар және мамандар, сондай-ақ жұмыс тобының мүшелері болып табылады.
      4. СБШ-та саланың қолданылатын және перспективті технологияларын ескере отырып, қызметкерлердің қызметтік, машықтарына және біліміне қойылатын талаптар сипатталады.
      5. СБШ мына қағидаттарды ескере отырып, БҰШ негізінде әзірленеді:
      1) салалардың қолданыстағы және болашақтағы технологияларын ескере отырып, қызметкерлердің қызметтеріне (қызметтік), машықтарына және біліміне қойылатын БҰШ-тың біліктілік деңгейлерінің талаптарын нақтылау;
      2) саланың басымдықтарын айқындау және компанияның бизнес-мүдделерін есепке алу;
      3) төменгі біліктілік деңгейлерінен жоғарғыларына өткен кездегі қызметтердің ауыспалылығы және үздіксіздігі;
      4) барлық тұтынушылар үшін біліктілік деңгейлер сипатының ашықтығы;
      5) біліктілік деңгейлері иерархиясының еңбек бөлінісі құрылымына және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне сәйкестігі;
      6) кәсіби қызмет көрсеткіштері арқылы БСШ-ның біліктілік деңгейлерін сипаттау;
      7) қызметті жүзеге асыратын қызметкерлерді емес, олардың еңбек қызметінің түрлерін және олардың лауазымдық міндеттерді орындау сапасын сипаттау.
      6. СБШ:
      1) нақты салада еңбек нарығын және білім беру жүйесін дамытудың жалпы стратегиясын қалыптастыруға, оның ішінде нақты біліктілікті алуға, біліктілік деңгейін арттыруға, карьералық өсуге әкелетін білім берудің әр түрлі аймақтарын жоспарлауға;
      2) көлемді еңбек ұтқырлығын қалыптастыруға;
      3) кәсіби және білім беру стандарттарын, кәсіби білім беру бағдарламаларын әзірлегенде қызметкерлер мен түлектердің біліктілігіне қойылатын талаптарды бірыңғай көзқараста сипаттауға;
      4) білім беру және біліктілікті сертификаттау нәтижелерін бағалау рәсімдерін әзірлеуге, сертификаттар жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
      7. Саланың стратегиялық мақсаттары мен міндеттері болып:
      1) Қазақстан Республикасының көлік инфрақұрылымын дамыту;
      2) көлік-коммуникациялық кешенінің дамуының озық қарқындарына жету;
      3) автомобиль жолдары саласы инфрақұрылымының даму деңгейінің өсуі;
      4) темір жол саласы инфрақұрылымының даму деңгейінің өсуі;
      5) су көлігі инфрақұрылымының даму деңгейінің өсуі;
      6) автомобиль көлігі инфрақұрылымының даму деңгейінің өсуі;
      7) Қазақстан Республикасының транзиттік-көліктік әлеуетті дамыту;
      8) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдауларды арттыру;
      9) Қазақстан Республикасының көліктік кешенің халықаралық көлік желілеріне ықпалдастыру деңгейін жоғарылату табылады.

2. СБШ паспорты

      8. Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) көлік және коммуникация саласындағы экономикалық қызмет түрлері мынадай кәсіби қызметтік салалары бойынша анықталады:
      1) осы СБШ 1-қосымшасының кестесінде анықталған көліктік инфрақұрылымды, көліктік машиналар мен жабдықтар паркін дайындау;
      2) осы СБШ 2-қосымшасының кестесінде анықталған жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметтерін ұсыну;
      3) осы СБШ 3-қосымшасының кестесінде анықталған көліктік инфрақұрылымды жөндеу және ұстау, машиналар мен жабдықтар паркін жаңарту.
      9. Еңбек қызметінің түрі мыналарға бөлінеді:
      1) басқарушылық;
      2) атқарушы-басқарушылық;
      3) атқарушы.
      10. СБШ осы СБШ 4-қосымшада келтірілген.

Көлік және коммуникация саласындағы
салалық біліктілік шеңберіне   
1-қосымша           

Кесте

Көліктік инфрақұрылымды, көліктік машиналар мен
құрал-жабдықтар паркін дайындау

ЭҚЖЖ коды

Экономикалық қызмет түрлерінің атауы

30

Басқа көлік құралдардың өндірісі

30.2

Теміржол локомотивтері мен жылжымалы құрамының өндірісі

42.1

Автомобиль және темір жолдардың құрылысы

42.11

Жолдар мен автомагистральдердің құрылысы

42.12

Теміржолдар мен метроның құрылысы

42.13

Көпірлер мен туннельдердің құрылысы

42.9

Басқа инженерлік құрылыстардың құрылысы

42.91

Су құрылыстардың құрылысы

42.99

Басқа топтарға қосылмаған өзге инженерлік құрылыстардың құрылысы

43.1

Бар құрылыстарды бұзу және құрылыс үшін алаңды дайындау

74.90

Басқа санаттарға кірмеген өзге кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

Көлік және коммуникация саласындағы
салалық біліктілік шеңберіне    
2-қосымша             

Кесте

Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметтерін ұсыну

ҚЖЖ коды

Экономикалық қызмет түрлерінің атауы

49

Құрлықтағы көлік және құбырлар арқылы тасымалдау

49.1

Жолаушы темір жол көлігі, қалааралық

49.2

Теміржол жүк көлігі

49.3

Басқа жолаушылар құрлық құрлықтағы көлік

49.31

Қалалық және жердегі қала маңайындағы жолаушылар көлігі

49.32

Такси қызметі

49.39

Өзге санаттарға жатпаған жердегі қала маңайындағы тасымалдаулардың басқа түрлері

49.4

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдаулары және тасымалдаулар бойынша қызметтер

49.41

Автомобиль көлігімен жүк тасымалдаулары

49.42

Тасымалдаулар бойынша қызметтер

50

Су көлігі

50.1

Теңіз және су жағасындағы жолаушылар көлігі

50.2

Теңіз және су жағасындағы жүк көлігі

50.3

Өзен жолаушылар көлігі

50.4

Өзен жүк көлігі

52

Қоймадағы шаруашылық және қосымша көлік қызметі

52.1

Жүктің қоймалауы және сақталуы

52.2

Тасымалдау кезінде қосалқы қызмет түрлері

52.21

Құрлық құрлықтағы көлік саласында қызметтер

52.22

Су көлігі саласындағы қызметтер

52.24

Жүктің көліктік өндеуі

52.29

Тасымалдау кезінде өзге іліспе қызметтер

74.90

Басқа санаттарға кірмеген өзге кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

Көлік және коммуникация саласындағы
салалық біліктілік шеңберіне   
3-қосымша              

Кесте

Көліктік инфрақұрылымды жөндеу және ұстау, машиналар мен жабдықтар паркін жаңарту

ЭҚЖЖ коды

Экономикалық қызмет түрлерінің атауы

33

Машиналардың және жабдықтардың жөнделуі және орнатылуы

33.11

Дайын темір бұйымдарды жөндеу

33.12

Машиналардың және жабдықтардың жөнделуі

33.17

Басқа көлік құралдарын жөндеуі және техникалық қызмет көрсету

45.2

Көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу

45.20

Автомобиль көлігі құралдарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу

74.90

Басқа санаттарға кірмеген өзге кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

Көлік және коммуникация саласындағы
салалық біліктілік шеңберіне    
4-қосымша              

Көлік және коммуникация саласындағы салалық біліктілік шеңбері

БҰШ деңгейі

СБШ деңгейі

Кәсіби қызмет саласы:
1. Көліктік инфрақұрылымды, көліктік машиналар мен жабдықтар паркін, көлік құралдары өндірісін дайындау, көлік құралдарын шығару

Жеке және кәсіби құзыреттіліктерге қойылатын талаптар

Іскерлікке және машықтарға қойылатын талаптар

Білімге қойылатын талаптар

1

1

Күрделі емес жабдықты құрастыруға және бөлшектеуге дайындаған кезде қарапайым қызметтерді іске асыру бойынша тікелей басшылықтағы атқарушылық іс-қимылдар. Осы іс-қимылдардың кеңістікті-уақыттық, физиологиялық немесе қызметтік сипаттамаларын анықтайтын жұмыс беруші алдын ала белгілеген критерийлермен өз іс-қимылдарын салыстыра отырып, жұмыс беруші алдын ала әзірлеген алгоритмдер бойынша қарапайым іс-қимылдарды орындау.

Үлгілік күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін өзі қадағалау және өзін өзі тәртіпте ұстау машықтарын иеленеді.
Еңбектің жалпы техникалық, өртке қарсы, арнайы және экологиялық қауіпсіздігін анықтайтын ережелердің нормативтері мен талаптарына сәйкес өз іс-қимылдарын қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өзі бақылайды.

Еңбек пәні, оның өзгеру процесі және тиісті атқарушылық қызметтердің айналымы туралы негізгі білім. Заттар мен еңбек құралдарының жағдайы туралы алғашқы ақпаратты жинау және осы ақпаратты тапсырмаға және/немесе жұмыстардың орындалатын алгоритміне сәйкес параллельді немесе бақылаушы деңгейге беру.

2

2

Көлік жабдығын сүйемелдеу және қызмет көрсету барысында жауапкершілікті және өздігімен жұмыс істеудің белгілі бір дәрежесін ұйғаратын басшылықпен нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет.
Қарапайым тапсырмаларды орындау нәтижелері үшін, өзінің қауіпсіздігі, өзгелердің қауіпсіздігі үшін, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың орындалуы үшін жауапкершілікте болу. Топта жұмыс істей білу – топтық жұмыс процесіне белсенді қатысу.
Бірінші біліктілік деңгейіндегі қызметшілер үшін алдын ала әзірленген, ағымдағы кезеңде орындалатын алгоритмдер аясында қарапайым іс-қимылдарды орындауға тапсырмаларды қалыптастыру.

Жұмыс істеу тәсілін нұсқаулық негізінде таңдайды және күрделі емес тәжірибелік тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау машықтарын және іс-қимыл түрлерін өздігінен түзетеді.
Бірінші біліктілік деңгейіндегі қызметкерлерге тапсырмалар беруді және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Өз іс-қимылдары мен бірінші біліктілік деңгейіндегі қызметкерлердің іс-қимылдарын орындалатын жұмыс алгоритмі аясында үйлестіреді. Дайындалған реттеуші шешімдерді жоғары тұрған деңгейдегі қызметкерлермен келіседі.

Еңбек пәні, қарапайым үлгілі міндеттерді орындауда нәтижелерге қол жеткізу құралдары мен тәсілдері туралы, атқарушылық қызмет рефлексиясы туралы негізгі білім. Заттар мен еңбек құралдарының жағдайы туралы алғашқы ақпаратты жинау және осы ақпаратты тапсырмаға және/немесе жұмыстардың орындалатын алгоритміне сәйкес параллельді немесе бақылаушы деңгейге беру.

3

3

Қойылған міндеттерді орындауға және құрылымдалған, болжамдықты тәуелсіздікке ортадағы шектеулі және жауапкершілікті көздейтін басшылықпен нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет.
Кәсіби ортада жаңалықты дұрыс қабылдай алу, оқуға қабілеттілік, соңғы нәтижеге ұмтылыс. Өз жұмысын жеке немесе топта мақсатты ұйымдастыру дамыған қабілетінің дамуы. Берілген тапсырманы орындау жолын өздігінен табу.
Орындалған жұмыстардың нәтижесі үшін, өзінің қауіпсіздігі, өзінің қауіпсіздігі үшін, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың орындалуы үшін жауапкершілік

Жұмыста өздерінің негізгі кәсіби білімдерін және білім алу нәтижесінде ие болған машықтарын қолдану, алған білімін практикада қолдана білу, техникалық құжаттамаларды оқу алу, қойылған алгоритмді іске асыра білу.


Ішкі еңбек тәртібін, еңбекті қорғау нормаларын, қауіпсіздік техникаларын, өндірістік санитарияны және өтке қарсы қорғауды білу.
Жұмыс орнына орнатылған техникалық құжаттаманы жүргізу.
Бірінші және екінші біліктілік деңгейлі персоналдар үшін технологиялық режимдер жүргізу аясында өндірістік тапсырмаларды қалыптастыру.
Көліктік машиналар паркіне және жабдықтарға және көліктік құралдар өндірісіне қатысты нормативтік құжаттамалар көлеміне қажетті білімі.

4

4

Белгіленген қызметтерді іске асыру кезіндегі нәтижелер үшін жауапкершілікті көздейтін ортада жалпы басшылықта нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық - басқару қызметі.
Қойылған мақсатты ескере отырып, құрылымдаған, болжамсыздықтың азғана ықтималдылығына ие ортада туындайтын мәселелерді шешуді өздігімен жоспарлау. Қойылған міндеттерді өздігімен шешу.
Үлгілік тәжірибелік мақсаттарды шешу, нұсқау бойынша белгілі әрекетің тәсілін таңдау, орындау жағдайын ескере отырып әрекеттерді түзету.

Жұмыста өздігінен анықтау және өздігінен нормалау дағдысын қолданады. Алға қойған тапсырмаларды нақтылайды, қол астындағыларға тапсырмалар береді, қызмет нәтижелерін бағалайды, білім және дағды жетіспеушілігін анықтайды, қызметкерлердің кәсіби өсуін дәлелдейді.
Жұмыс уақытында бірінші, екінші және үшінші деңгейлі қызметкерлердің қызмет жетістігін қамтамасыз ететін жағдайларды жасайды.
Жұмыс орнына арналып қойылған техникалық құжаттамаларды жүргізеді.
Клиенттермен, вокзалдармен, станциялармен және кассалармен байланысты жүзеге асыру үшін қол астындағыларға тапсырмаларды беруді нақтылайды.
Ұйымның дағдысын және өндірістік инструктаж жүргізе білу.
Диагностикалауға қажетті техникалық құралдарды таңдай білу.
Көлік құралдарының ақаулығын байқау бойынша қажетті технологиялық операцияларды таңдай білу.
Көлік құралдарына диагностика жасау құралдарына жөндеу және қызмет көрсету бойынша дағдыларды таңдай білу.

Технологиялық процестерді қызмет ету аясында техникалық құжаттамаларды әзірлеу.
Технологиялық режимдер жағдайы және жабдықтар туралы ақпараттарды жинау және осы ақпараттарды ұйымдастыру – техникалық құжаттамаларға сәйкес сәйкес параллельді немесе бақылаушы деңгейге беру.
Бақылау-диагностикалық құралдардың міндеттерін және олардың жұмыс істеу принциптерін, еңбекті қорғау қағидасын және нормаларын, техника қауіпсіздігін, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғауды білу.
Автокөлік құралдарының ақауларын байқау бойынша күрделі операцияларды орындау тәсілдерін білу.
Автокөлік құралдарына техникалық диагностика жүргізуді, бақылау-диагностикалық жабдықтарының пайдалану және жөндеу бойынша нұсқаулығын білу.

5

5

Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын технологиялық процесс учаскесі шеңберінде атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскедегі нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару. Ауызша және жазбаша коммуникацияға қабілетінің дамығандығы.
Күрделілігі: жұмыс жағдайында әртүрлі жағдайларда тәжірибелік міндеттерді шешу, ағымдағы және қорытынды бақылау, қызметті бағалау және түзету. Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын кәсіпорын қызметі стратегиясының шеңберінде атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскеде болатын нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару. Ауызша және жазбаша коммуникацияға даму қабілеттілігі.

Заманауи ой-қабілет машықтарың, жобалау тобының ішінде жұмыс істей білу машықтарының кең жиынтығын жұмыста қолданады, жұмыс процесін басқара біледі, логикалық, жүйелік және бірізді тәсілдерді қолдана отырып, мәселелерге шешім таба біледі.
Адамдарды оқыту және нұсқау беру, басқа адамдарда жаңа білім мен тәжірибе алу тілегін тудыру машықтарына ие.
Өндеу және жүйелік талдау жүргізеді. Мониторинг.
Жобалау үшін бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалану машықтарын иеленген.
Өлшеуді және байқауды жүргізу техникасын пайдалану машықтарын иеленген.

Кәсіби жағдайларды жүйелі талдау және жобалау әдістемесі, басқарушылық шешімдер қабылдау тәсілдері туралы, ұжым мен топ құру туралы білім.
Технологиялық режимдер жағдайы және жабдықтар туралы ақпараттарды жинау және осы ақпараттарды ұйымдастыру – техникалық құжаттамаларға сәйкес сәйкес параллельді немесе бақылаушы деңгейге беру.
Технолгиялық процестерге қызмет ету шеңберінде техникалық құжаттаманы әзірлеу және варикациялау.
Деректер негізінде көлік құралдары жұмыстарының қалдық ресурстарын анықтау әдісін, диагностикалау, еңбекті қорғау қағидаларын және нормаларын, өндірістік санитарияны және өртке қарсы қорғауды білу.
Ұйымдастыру, бақылау және көлік құралдарын диагностикалау процесін шұғыл басқаруды білу.
Бақылау-диагностикалық құралдарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету әдістерін білу.

6

6

Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын кәсіпорын қызметі стратегиясының шеңберінде атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскеде болатын нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару.
Техникалық салада терең білім мен машықтарды көрсете білудің дамыған қабілеті. Көшбасшылық танытады және топ жұмысының нәтижелілігі үшін, оның болжамсыз ортада дамуы үшін жауап береді.
Күрделігі: кәсіби қызметті таңдауды және әтісілдердің көп түрлілігі, әзірлеу, енгізу, бақылау, бағалау және компоненттерді түзету шамаланған технологиялық немесе әдістемелік сипаттағы міндеттерді шешу.
Қауіпсіздік талаптарына және жағдайларына тиімділікті және тепе-теңдікті талдау, кәсіпорынның бөлімшелеріндегі қолданыстағы технологияларды және техникалық шешімдерді талдау және анықталған сәйкессіздіктерді реттеу.
Кәсіпорынның бөлімшелеріндегі қолданыстағы технолгиялық процестердің аппаратуралық рәсімдерін қауіпсіздік және тиімділік талаптарына және шарттарына және анықталған сәйкессіздіктерді реттеудің техникалық сәйкестігіне талдау.

Жұмыс процесін басқару машықтарының жиынтығын жұмыста қолданады, нәтижелер алу үшін бағалаудың әдістерін, әдістемесі мен критерийлерін таңдайды, құзыреттерді бөліп таратуды және құқық беруді, тиімді топтар қалыптастыруды біледі, сондай-ақ өндірістік процесс барысында шешім қабылдай біледі.
Жоспарлау, ұйымдастыру және кәсіпорынның қызметкерлеріне техникалық оқу жүргізу машықтарына ие.
Көлік құралдарын диагностикалау нәтижелерін өңдеу процесін ұйымдастыру және басқару бойынша машықтарға ие.
Кәсіпорында табылатын көлік құралдарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде диагностикалық жұмыстарды таңдау машықтарына ие.
Ғылымы-техникалық ақпараттар көлік құралдарын диагностикалау құралдарының даму тенденцияларын анықтау бойынша машықтарға ие.
Кәсіпорынның көлік құралдарының диагностикалау постарын жобалау бойынша машықтарға ие.
Көлік құралдарының техникалық жағдайларын диагностикалаудың технологиялық процестерін әзірлеу бойынша машықтарға ие.
Кәсіпорының қызмет стратегиясына әсер ететін деректерді қамтитын техникалық құжаттамаларды жасауға басқару және бақылау бойынша машықтарға ие.

Үздіксіз білім беру әдістерін және қызметкерлерді техникалық оқыту принциптерін, еңбекті қорғау қағидасын және нормаларын, техникалық қауіпсіздікті, өндірістік санитарияны және қорке қарсы қорғауды білу.
Қызметкерлерді бағалау әдістерін және біліктілікті жоғарылату тәсілдерін білу.
Көлік құралдарының жұмыстарының қалдық ресурстарын анықтау процесін басқару әдістерін диагностикалау негізінде жетік білу.
Кәсіпорынның көлік құралдарына техникалық қызмет ету және жөндеу процесін және осы процесс шеңберінде қажетті диагностикалық жұмыстарды жетік білу.
Ғылыми техникалық ақпараттарды талдаудың заманауи әдістерін білу.
Заманауи тенденцияларды ескере отырып көлік құралдарын диагностикалау құралдарын жаңғырту және жаңарту принциптерін білу.
Көлік құралдарына диагностика жүргізуге жауап беретін кәсіпорынның инфрақұрылым объектілерін жобалау әдістерін білу.
Көлік құралдарың техникалық жағдайын диагностикалаудың технолгиялық процестерін әзірлеу әдістерін білу.
 

7

7

Бизнес-логиканы жобалауды ұйғаратын атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрымданбаған болжамсыз ортада бөлімше деңгейінде технология саласын дамытудың стратегиялық бағыттары үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлердің жұмысына басшылық ету.
Құрылымданбаған болжамсыз ортадағы ұйым немесе бөлімше деңгейіндегі нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып бөлімше немесе ұйым стратегиясын ұйғаратын ұйым қызметінің стратегиясы шеңберіндегі басқарушылық қызмет.
Басқарудың нақты объектісі қызмет етуінің мүмкін болатын нұсқаларын жүйелі және кешенді түсінудің дамыған қабілеті, осы нұсқалардың туындау уақытын және ықтималдылығын, сондай-ақ олардың әрекет ету ұзақтылығын анық бағалау.

Жүйені жобалау/үлгілеу машықтарын жұмыс барысында қолданады, тұжырымдама негіздемелерін қалыптастыра біледі және оларды таныстыра білу, күрделі техникалық мәселелерді шешу үшін сараптамалар жүргізу және қызметтік бойынша неғұрлым оңтайлы сәулеттік шешімдерді енгізуді қамтамасыз ету.
Нарық үрдістеріне қарай отырып, ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау машықтарын көрсетеді. Бизнес ортадағы өзгерістерді танып, өз бөлімшесі дамуының стратегиялық бағытын анықтай біледі.

Тұжырымдамаларды, стратегияларды, қызметтің және өзара іс-қимылдың қызметтік үлгілерін, міндеттер мен мәселелерді қою және оларды жүйелік шешу әдістерін құрастыру әдістемесі туралы білу.
Көлік жүйесін жобалау әдістемесін білу. Технологияның және көлік жүйелерін дамыту тұжырымдамасы.
Жобалау қызметінің өмірлік циклын, көлік жүйелерін әзірлеу ережесін, компаниялардың негізгі бизнес-процестерін, персоналды басқару негіздерін, өндірісі мен менеджментті, басқару психологиясын, көліктік қауіпсіздік мәселелерін білу

8

8

Болжамсыз және құрылымданбаған орта шартындағы ірі институционалдық құрылым деңгейінде шешім мен жауапкершілікті қабылдай отырып, процесті және қызметті басқару стратегиясын анықтауды ұйғаратын басқарушылық қызмет.
Өзгерістерді басқарудың, анықсыздық жағдайларында жұмыс істеудің, күрделі шешімдерді, сондай-ақ деректердің жеткіліксіздігі жағдайындағы шешімдерді жылдам қабылдаудың дамыған қабілеті, көшбасшылықты үнемі көрсету.
Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару құрылымын әзірлеуге арналған қызметің бағыттылық мазмұнын анықтайтын алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сараптама жүргізу.
Жоспарланған іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және орындалуын бақылауға алу.
Ұйымдастырушылық-өкімдік қызметтің тиімділігіне талдау жүргізу. Қажет болған жағдайда реттеуші шешімдер әзірлеу.
Бағынысты бөлімшелердің қызметінің тиімділігіне талдау жүргізу. Қажет болған жағдайда реттеуші шешімдердің орындалуын әзірлеу және ұйымдастыру.
Стратегияларды анықтау, күрделі әлеуметтік, өндірістік, ғылыми процестерді басқару. Сала, ел ауқымында, халықаралық деңгейде нәтиже үшін жауапкершілікте болу.
Маңызды деп табылатын көшбасшылық қасиеттерді, жаңашылдық және көптеген өзара байланысты факторлармен проблемаларды шешуді талап ететін жаңа түпмәтіндердегі еңбек етудің дербестігін көрсету. Жаңа және күрделі идеяларға талдау жүргізу, бағалау және синтездеу және осы процестер негізінде стратегиялық шешімдер қабылдау.
Күрделі жағдайларда стратегиялық шешім қабылдау мүмкіндіктері туралы операционалды өзара іс-қимыл тәжірибесін көрсету.
Басқарылатын процестердің тиімділігін арттыруымен байланысты зерттеулік және жобалық сипаттағы мәселелерді шешу.

Экологиялық және стратегиялық ойлау қабілетін, логикалық әдістерді пайдалана отырып, өзара пайдалы шешімдерді қабылдай алу дағдысын, кәсіби қызмет және өзара іс-қимыл модельдерін құру және жүзеге асыру әрекеттерін иеленген.
Жұмыс күні ішінде жетінші деңгейлі қызметкерлерінің табыстылығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.
Персоналды даярлау және жұмыстарды ұйымдастырудың қажетті деңгейі болған кезде қауіпсіздік жобалау шектері мен жағдайларды сақтаудың бұзылуына жол бермейтін жағдайларды сақтайды.
Өкімдер береді, бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру саласында тапсырмаларды қалыптастырады және олардың орындалуын бақылайды.
Жаңа білім мен жаңа шешімдер алуға жетелейтін жобаларды зерттеу, әзірлеу, іске асыру және бейімдеу, басқару және/немесе жаңашылдықтағы сыни проблемаларды шешу үшін талап етілетін және қазіргі білімін немесе кәсіби практикасын қайта қарауға және жаңартуға мүмкіндік беретін синтез бен бағалауды қоса алғанда, ең ілгері және мамандандырылған машықтар мен іскерліктерге ие.
Идеяны тудыра, инновациялық қызмет нәтижелерін болжай, кәсіби және әлеуметтік салада кең ауқымды өзгерістерді жүзеге асыра, күрделі өндірістік және ғылыми процестерді басқара біледі.

Кәсіптік қызмет, сондай-ақ қаржы, маркетинг, халықаралық нарық саласындағы ең терең және толық білім.
Қызметтің кооперативтік жүйелерін құру және өзара іс-қимылы, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді модельдеу және басқару әдіснамасы туралы білім.
Кәсіпорынның ішкі стандарттарына, МемСТ-ға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес бағдарламаларды және жобалау құжаттарын әзірлеу саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарымен ұйымдастыру.

БҰШ деңгейі

СБШ деңгейі

Кәсіби қызмет саласы:
2. Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қызметтерін ұсыну

Жеке және кәсіби құзыреттіліктерге қойылатын талаптар

Іскерлікке және машықтарға қойылатын талаптар

Білімге қойылатын талаптар

1

1

Күрделі емес жабдықты құрастыруға және бөлшектеуге дайындағанда қарапайым қызметтерді іске асыру бойынша тікелей басшылықтағы атқарушылық іс-қимылдар. Осы іс-қимылдардың кеңістікті-уақыттық, физиологиялық немесе қызметтік сипаттамаларын анықтайтын жұмыс беруші алдын ала белгілеген критерийлермен өз әрекеттерін салыстыра отырып, жұмыс беруші алдын ала әзірлеген алгоритмдер бойынша қарапайым іс-қимылдарды орындау.

Үлгілі күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, өзін өзі қадағалау және өзін өзі тәртіптеу машықтарын иеленген.
Еңбектің жалпы техникалық, өртке қарсы, арнайы және экологиялық қауіпсіздігін анықтайтын ережелердің нормативтері мен талаптарына сәйкес өз іс-қимылдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өзі бақылауды жүзеге асырады.

Еңбек мәні, оны түрлендіру процесі және тиісті атқарушылық іс-қимыл циклы туралы негізгі білім.
Заттар мен еңбек құралдарының жағдайы туралы бастапқы ақпаратты жинау және осы ақпаратты тапсырмаға және/немесе жұмыстардың орындалатын алгоритміне сәйкес қатар немесе бақылаушы деңгейге беру.

2

2

Технологиялық жабдықтардың күрделі емес жекелеген тораптарын өндіру, құрастыру және бөлшектеу кезінде жауапкершілік пен дербестіліктің белгілі бір дәрежесін көздейтін басшылықтағы нормаларды іске асыру жөніндегі атқарушылық қызмет.
Бірінші біліктілік деңгейінің персоналы үшін алгоритмдердің ағымдағы сәтінде орындалатын бұрын әзірлегендер шеңберінде қарапайым іс-қимылдарды орындауға тапсырмалар жасау.

Нұсқаулықтар негізінде жұмыстардың тәсілін таңдайды және күрделі емес практикалық тапсырмалар орындайды, жай өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау және өзін-өзі түзету дағдыларына ие. Бірінші деңгейдегі персоналға тапсырмаларды беру және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Жұмыстардың орындалатын алгоритмі шеңберінде өзінің және персоналдың іс-қимылын үйлестіреді. Жоғары деңгейдегі персоналмен дайындалған реттеуші шешімдердің орындалуын келісуді жүзеге асырады.

Еңбек мәні, қарапайым үлгілі міндеттерді орындауда нәтижелерге қол жеткізу құралдары мен тәсілдері туралы, атқарушылық қызмет рефлексиясы туралы негізгі білім. Заттар мен еңбек құралдарының жағдайы туралы бастапқы ақпаратты жинау және осы ақпаратты тапсырмаға және/немесе жұмыстардың орындалатын алгоритміне сәйкес қатар немесе бақылаушы деңгейге беру.

3

3

Ілеспе құжаттарға сәйкес жүктерді алуға көзделетін жауапкершілік басшылық нормаларын алуға іске асыру жөніндегі атқарушылық қызметі.
Күрделілігі: нақты анықталған стандартты әрекеттерді орындау, стандартты/типтік міндеттерді шешу, білім және практикалық тәжірибе негізінде танымал әрекеттердің тәсілін таңдау, олардың орындалу шартын ескере отырып, түзету.
Өздігінен әрекет ету – қойылған тапсырманың орындалу жолдарын шешу.
Қойылған міндеттерді шешу үшін кәсіби әрекет ете білу. Орындалған жұмыстардың нәтижесіне, өзінің қауіпсіздігімен, басқалардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаны қорғау бойынша талаптардың орындалуына жауапкершілігі.

Жүктерді есепке алу, қабылдау, алып жүру, сапалы және сандық көрсеткіштердің іліспе құжаттармен салыстырып тексеру, оларды тасымалдау кезінде сақталуын қамтамасыз етеді.
Жүктерді тасымалдау үшін құралдардың болуын және дұрыстығын тексеру, тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу дұрыстығын тексеру, жүкті көлікпен тасымалдау және іліспе құжаттардың талаптарына сәйкес жүктерді орналастыру және төсеу.
Жүктердің жетіспеуі және бүлінуі туралы құжаттарды дайындауына қатысу дағдылары.
(Жолаушылар мен жүктерді) тасымалдау процесінің жүру барысына бақылауды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік дағдылар.
(Жолаушылар мен жүктерді) тасымалдау процесінің жүру барысының оперативтік есепті жүргізу дағдылары.
Коммуникация және байланыс құралдарымен, есеп техникасымен жұмыс істеу дағдылары.
Жұмыстардың орындалатын алгоритмі шеңберінде бірінші және екінші деңгейдегі өз іс-қимылын және персоналдың іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асырады. Өз іс-қимылын анықталған тапсырмалар мен жұмыстардың орындалатын алгоритмі шеңберінде параллельді жұмыс істейтін қызметкерлермен үйлестіру.

Ішкі еңбек тәртібін, жүктерді қабылдап алу тәртібін, негізгі жүк жеткізушілердің және олардың қоймалардың мекен жайларын жүктерді қабылдап алу және жіберу құжаттардың нысандарын және оларды толтыру, еңбекті қорғау нормаларын, қауіпсіздік техниканы, өндірістік санитарияны және өртке қарсы қорғауын білу.
Жұмыс орны үшін белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу.
Бірінші және екінші біліктілік деңгейлерінің персоналы үшін технологиялық режимдерді жүргізу шеңберінде өндірістік тапсырмаларды қалыптастыру.
(Жолаушылар мен жүктерді) тасымалдау шарттарын, экспедицияланатын жүктерді сақтау талаптарын, (жолаушылар мен жүктерді) тасымалдау бағдарларын білу.
Жолаушыларды, жүктерді тиісті көлікпен тасымалдау нормаларын, жүктер ораманың (ыдыстың) бұзылуының және ақаулықтың негізгі типтерін білу.
Ұйымның экспедициялау жұмысына қатысты нормативтік құжаттарды қажет көлемінде, тапшылық, бұзылу туралы актілердің және басқа құжаттардың нысандарын және оларды толтыру тәртібін білу.
Жол парағын толтыру тәртібін және жол ережесін, көлік құралдарын пайдалануға жіберудің негізгі ережелерін және лауазымды адамдардың міндеттемелерін және жол ережесін қамтамасыз ету бойынша жол қозғалысына қатысушыларды және Көліктері арнайы жарық сигналдарымен және дыбыс сигналдарымен және арнайы түсті графикалық схемалармен бояуға жататын жедел және арнайы қызметтер тізбесін білу.

4

4

Міндеттердің дербес айқындалуын, ұйымдастырылуын және қарамағындағы қызметкерлерге нормаларды іске асыруды бақылауды көздейтін басшылықпен нормалардың іске асырылуы жөніндегі атқарушылық-басқарушылық қызмет, қойылған мақсаттарды шешуге жауапкершілік.
Күрделілігі: жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін өздігімен талдау жасауды, белгілі қызмет ету жолдарын таңдау, қызметтерді ағымдағы және қорытынды бақылау, бағалау және түзетуді талап ететін, әр түрлі типтегі практикалық тапсырмаларды шешу.
Осы талдаудың теріс нәтижелері жағдайларында болуы мүмкін реттеуші әсерлер бойынша шешімдерді озық қабылдау мақсатында жұмыс күні ішінде жұмыс орнына бекітілген техникалық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің технологиялық режимдері мен талаптары жай-күйлерін талдау.
Жұмыс күні ішінде бірінші, екінші және үшінші деңгейлердегі жұмыс орнына бекітілген қызмет көрсетудің барлық аймақтарының технологиялық режимдерін жүргізу бойынша тапсырмаларын жоспарлау, қалыптастыру және қызметті бақылау

Өзін-өзі анықтау және өзін-өзі нормалау машықтарын жұмыста қолданады. Алған тапсырмаларын нақтылайды, бағыныстыларға міндеттер қояды, қызмет нәтижелерін бағалайды, білімі мен машығының жетіспейтіндігін айқындайды, қызметкерлердің кәсібилігін арттыруды ынталандырады.
Жұмыс күні ішінде бірінші, екінші және үшінші деңгейлердегі персонал қызметінің табыстылығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.
Жұмыс орны үшін белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.
Клиенттермен, вокзалдармен, станциялармен және кассалармен байланысты жүзеге асыру үшін бағынысты адамдарға міндеттерді қоюдың нақтылау дағдыларына ие.
Өндірістік нұсқаулықты ұйымдастыру және өткізу бойынша дағдылары. (Жолаушылар мен жүктерді) тасымалдауды жүзеге асыру кезінде көлік құралдарының нормадан тыс бос тұруын жою бойынша шараларды қабылдау және іске асыру дағдылары. Орындалған (жолаушылар мен жүктерді) тасымалдарды есепке алу бойынша дағдылар және көлік процестерінің ақауларын оперативтік жою бойынша шаралар қабылдау.

Кәсіби міндеттерді қою және шешу тәсілдері, қағидаттары мен амалдары туралы, этика және қарым-қатынас психологиясы, ойлау және қызмет рефлексиясы, уәждеу және еңбекті ынталандыру тәсілдері туралы білімінің болуы.
Қызмет көрсетілетін технологиялық процестер шеңберінде техникалық құжаттаманы әзірлеу.
Экономика, еңбекті және өндірісті ұйымдастыру, өндірістік жобалау және басқару, Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамаларын білу.
Орындалған тасымалдар бойынша жол қағаздарын, ауысымды тапсырмаларды және басқа да құжаттарды ресімдеу, беру, қабылдау және өндеу, жолаушылар мен жүктерді тиісті көлікпен тасымалдау тәртібін білу.
Ауысым кезіндегі жұмыс және оқиғалар туралы оперативтік ақпараттарды және мәлімдемелерді белгіленген уақытында тапсыру және толтыру тәртібін білу.
Диспетчерлік журналды және кезекшілік кітабын жүргізу тәртібін білу.

5

5

Міндеттердің дербес айқындалуын, ұйымдастырылуын және бағынысты қызметкерлерге нормаларды іске асыруды бақылауды көздейтін басшылықпен нормалардың іске асырылуы жөніндегі атқарушылық-басқарушылық қызмет, ұйымның автомобиль көлігі құралдарын дайындау кезінде нәтижесіне өзінің қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігіне жауапкершілігі.
Күрделілігі: жұмыс жағдайын және оның ықтимал өзгерістерін өздігімен талдау жасауды, белгілі қызмет ету жолдарын таңдау, қызметтерді ағымдағы және қорытынды бақылау, бағалау және түзетуді талап ететін, әр түрлі типтегі практикалық тапсырмаларды шешу.
Осы талдаудың теріс нәтижелері жағдайларында болуы мүмкін реттеуші әсерлер бойынша шешімдерді озық қабылдау мақсатында жұмыс күні ішінде жұмыс орнына бекітілген техникалық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің технологиялық режимдері мен талаптары жағдайларын талдау.
Жұмыс күні ішінде бірінші, екінші және үшінші деңгейлердегі жұмыс орнына бекітілген қызмет көрсетудің барлық аймақтарының технологиялық режимдерін жүргізу тапсырмаларын жоспарлау, қалыптастыру және қызметті бақылау.

Жағдайды талдау, өзін-өзі талдау, шешімдер қабылдау және оларды іске асыруға жағдай жасау, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты арттырудың алдын алатын командалық жұмыстың түп-мәтінінде қызметті бақылау және түзету дағдыларын жұмыста қолданады.
Төртінші деңгейдегі қызметкерлердің жұмыс күні ішінде табысты жұмысын қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.
Жұмыс орнына белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.
Жоғары тұрған деңгейдегі қызметкерлер жасайтын тапсырмалар шеңберінде инновациялық саясаттың жергілікті іс-шараларын іске асырады.
Персоналдың тәртіптілігіне және жұмыс сапасына бақылау бойынша дағдыларына ие.
Көлік құралдарының техникалық жағдайларына бақылау, тасымалдардың нақты түрлері үшін көлік құралдарының типін оңтайлы іріктеу бойынша дағдылары.
Жүргізушілерді сапар алдындағы және сапардан кейін медициналық байқауды жүргізу және нәтижелері туралы есепті өндеу және талдау бойынша дағдылары.
Жол-көлік оқиғаларының себептерін және жағдайларын талдау, оларды жою бойынша шараларды талдау және әзірлеу дағдылары.

Кәсіби жағдайларды жүйелі талдау және жобалау, басқарушылық шешім қабылдау әдістемесі туралы, ұжым және команда құру туралы білу.
Технологиялық режимдердің және құрал-жабдықтардың жай-күйі туралы ақпарат жинау және осы ақпаратты ұйымдастырушылық-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес қатар немесе бақылаушы деңгейге өткізу.
Қызмет көрсетілетін технологиялық процестер шеңберінде техникалық құжаттарды әзірлеу және верификациялау.
Көлік құралдары жүргізушілерінің авариясыз жұмыс істеуінің оң тәжірибесін таратудың әдістері мен нысандарын білу.
Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамаларының негіздерін білу.
Жол-көлік оқиғаларын тексеру бойынша әдістемелік және нормативтік құқықтық құжаттарды білу.
Ұйымның бөлімшелері мен қызметтердің жұмысын жаңғырту және жетілдіру бойынша әдістемені, тәсілдер мен шараларды әзірлеу және енгізу нысандарын білу.

6

6

Жұмыстарды басқа учаскелермен келісуді көздейтін кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберінде басқарушылық қызмет, қызметкерлердің кәсібилігін арттырғаны, жабдықтарды жасағаны, құрастырғаны және бөлшектегені үшін жауапкершілігі.
Кәсіпорын бөлімшесінде қолданылатын қауіпсіздік талаптары мен шарттарына технологиялар мен техникалық шешімдердің тиімділігі мен баламалылығын талдау және анықталған сәйкессіздіктерді реттеу.
Кәсіпорын бөлімшесінде қолданылатын технологиялық процестерді аппаратуралық ресімдеуді қауіпсіздік талаптары мен шарттарына техникалық сәйкестігі мен тиімділігіне талдау және анықталған сәйкессіздіктерді реттеу.

Жұмыста әлеуметтік және кәсіби жағдайларында шешімдерді жобалау және қабылдау машықтарын, өзін-өзі басқару, коммуникацияны ұйымдастыру және көзқарасын келісу, нәтижелерді рәсімдеу және таныстыру, қазіргі заманғы бағдарламалық өнімдерді және техникалық құралдарды пайдалану мәдениетін көрсетеді.
Қызметшілердің ақпараттық қамтамасыз етілуін, ұйымның тиісті талаптары көлемінде қауіпсіз және тиімді пайдалануды ұйымдастыруды жүргізеді.
Қызметшілерді даярлаудың және жұмыстарды ұйымдастырудың қажетті деңгейі болғанда жоба шектері мен қауіпсіздік талаптарын сақтауда бұзушылықтарды болдырмайтын шарттарды сақтауды жүзеге асырады.
Жұмыс күні ішінде бесінші деңгей қызметшілері қызметінің сәттілігін қамтамасыз ететін жағдай жасайды.
Ойын ауызша түрде, мысалы, сарапшылар деңгейіндегі ғылыми-техникалық кеңестердегі және кеңестердегі талқылау түрінде ресімдей білетінін көрсетеді.

Күрделі әлеуметтік және кәсіптік жағдайларда бірлескен талдау жасау, жобалау және шешім қабылдау әдістемесі туралы білу, қатынас және көзқарастарды келіс тәсілдерін, талдамалы және жобалау құжаттамасын рәсімдеу және таныстыру.
Кәсіпорынның ішкі стандарттарына, МемСТ-ға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес бағдарламаларды және жобалау құжаттарын әзірлеу саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарымен ұйымдастыру.
Дайындалған реттеуші шешімдерді орындауды жоғары деңгейдегі қызметшілермен келісу.
Көрсетілетін қызмет процестер шеңберінде техникалық құжаттаманы валидтеу және аккредиттеу.
Бөлімше персоналдарының қызметін ағымдық және перспективтік айлық жоспарлау, жоспарланатын іс-шараларды әзірлеу және орындалуын ұйымдастыру.

7

7

Бизнес-логиканы жобалауды көздейтін атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданбаған болжамсыз ортада бөлімше деңгейінде, техникалық сәулетті немесе технологияны кәсібилік қызмет саласында дамытудың стратегиялық бағыттары үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлердің қызметіне басшылық ету.
Сала құрылымдарының жұмыс істеу және даму стратегиясын құруды, жеке бөлшектерді, жинақтауыштарды және жабдықтардың тораптарын өндіруді және сатуды көздейтін басқарушылық қызмет.
Лауазымдардың штаттық толтыруды олардың атқаратын адамдар біліктілігінің тиісті талаптарға сәйкестігін талдау.
Кәсіпорын басшылығының кадр саясаты шеңберінде түзету іс-қимылдары туралы шешімдер қабылдау.
Бөлімшедегі ұйымдастыру-өкімдік қызметті талдау. Реттеуші шешімдерді әзірлеу.
Бөлімшенің штат санын жобалық, салалық, ұйымдастыру құжаттамасы және жабдықтарды дайындаушы зауыттардың құжаттамасы негізінде бөлімше қызметінің нақты ұйымдастыру-техникалық жағдайларында персоналды және процестерді тиімді басқаруды қамтамасыз етуге сәйкестігін талдау. Басқарылатын процестердің тиімділігін арттырумен байланысты зерттеушілік және жобалық сипаттағы проблемаларды шешу.

Инновациялық әдістерді, қызметтің тұжырымдамалары мен стратегияларын құру әдістерін қолдана отырып, проблемалық және өздігінен проблемаландыру дағдыларын жұмыста қолданады.
Жұмыс күні ішінде алтыншы деңгей қызметшілері қызметінің табыстылығын қамтамасыз ететін жағдайларын жасайды.
Қызметшілерді даярлау және жұмыстарды ұйымдастырудың қажетті деңгейі болған кезде қауіпсіздіктің жобалау шектері мен жағдайларды сақтаудың бұзылуына жол бермейтін жағдайлар жасайды.
Бөлімше немесе ұйым қызметін түзетуді жүзеге асырады.
Мақсат қоюды ғылыми негіздеу және әдістер мен оларға қол жеткізу құралдарын таңдау білімі мен машықтарына ие.

Тұжырымдамаларды, стратегияларды, қызметтің және өзара іс-қимылдың қызметтік үлгілерін, міндеттер мен мәселелер қою және оларды жүйелік шешу әдістерін құрастыру әдістемесі туралы білу.
Бөлімше персоналдарының қызметін ағымдық және перспективті айлық жоспарлау, жоспарланатын іс-шараларды әзірлеу және орындалуын ұйымдастыру.
Кәсіпорынның ішкі стандарттарына, МемСТ-ға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес бағдарламаларды және жобалау құжаттарын әзірлеу саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарымен ұйымдастыру.

8

8

Мемлекеттік ауқымдағы ірі институционалдық құрылымдар саласын дамыту және олардың жұмыс істеуіне ықпал етуге негізделген басқарушылық қызмет, жабдықтарды монтаждау, демонтаждау, өндіріс үшін жауапкершілікте болу және жағдай жасауды ұйымдастыру.
Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару құрылымын әзірлеуге арналған бағыттылық қызметі мазмұнын анықтайтын алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сараптама жүргізу.
Жоспарланған іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және орындалуын бақылау.
Ұйымдастырушылық-өкімдік қызметінің тиімділігіне сараптама. Қажет болған жағдайда реттеуші шешімдер әзірлеу.
Бағынысты бөлімшелер қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізу. Қажет болған жағдайда реттеуші шешімдердің орындалуын әзірлеу және ұйымдастыру.
Стратегияларды анықтау, күрделі әлеуметтік, өндірістік, ғылыми процестерді басқару. Сала, ел, халықаралық деңгейде нәтиже ауқымына деген жауапкершілік. Маңызды деп табылатын көшбасшылық қасиеттерді көрсету, жаңашылдық және өзара байланысты факторлардың көпшілігімен байланысты жаңа контекстегі еңбек әрекетіне деген өздігінен әрекет ету жағдайларын көрсету. Жаңа және күрделі идеяларға сараптама жүргізу, бағалау және синтездеу және осы процестер негізінде стратегиялық шешімдер қабылдау.
Күрделі жағдайларда стратегиялық шешім қабылдау мүмкіндіктері туралы операционалды әрекет ету тәжірибесін көрсету. Күрделілігі: басқарылатын процестердің тиімділігін арттыруға байланысты зерттеушілік және жобалық сипаттағы мәселелерді шешу.

Экологиялық және стратегиялық шешімдерді, логикалық әдістерді пайдалана отырып, өзара пайдалы шешімдерді қабылдай алу дағдысын, кәсіби қызмет және өзара әрекет модельдерін құру және жүзеге асыру әрекеттерін көрсетеді.
Жұмыс күні барысында жетінші деңгейлі қызметкерлер құрамы үшін табыстылықты қамтамасыз ететін жағдайларды жасайды.
Персоналды даярлау және жұмыстарды ұйымдастырудың қажетті деңгейі болған жағдайда қауіпсіздіктің жобалау шектері мен жағдайларды сақтаудың бұзылуына жол бермейтін жағдайларды жасайды.
Өкімдер береді, бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру саласында тапсырмаларды қалыптастырады және олардың орындалуын бақылайды.
Жаңа білім мен жаңа шешімдер алуға жетелейтін жобаларды зерттейді, әзірлейді, іске асырады және бейімдейді; басқарады және/немесе жаңашылдықтағы сыни проблемаларды шешу үшін талап етілетін және қазіргі білімін немесе кәсіби практикасын қайта қарауға және жаңартуға мүмкіндік беретін синтез бен бағалауды қоса алғанда, ең ілгері және мамандандырылған машықтар мен іскерліктерге ие;
Идеяны тудыруды, инновациялық қызмет нәтижелерін болжау, кәсіби және әлеуметтік салада кең ауқымды өзгерістерді жүзеге асыру, күрделі өндірістік және ғылыми процестерді басқара білу іскерлігіне ие

Кәсіптік қызмет, сондай-ақ қаржы, маркетинг, халықаралық нарық саласындағы ең терең және толық білім.
Қызметтің кооперативтік жүйелерін құру және өзара іс-қимылы, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді модельдеу және басқару әдіснамасы туралы білім.
Кәсіпорынның ішкі стандарттарына, МемСТ-ға және басқа нормативтік құжаттарға сәйкес бағдарламаларды және жобалау құжаттарын әзірлеу саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарымен ұйымдастыру.

БҰШ деңгейі

СБШ деңгейі

Кәсіби қызмет саласы:
3. Көліктік инфрақұрылымды жөндеу және ұстау, көлік машиналары мен жабдықтар паркін жаңарту

Жеке және кәсіби құзыреттіліктерге қойылатын талаптар

Іскерлікке және машықтарға қойылатын талаптар

Білімге қойылатын талаптар

1

1

Күрделі емес жабдықты орнатуға және бұзуға дайындау кезінде қарапайым функцияларды іске асыру бойынша тікелей басшылықпен орындаушылық іс-әрекеттер.
Әрекеттердің кеңістікті-уақытша, физиологиялық немесе қызметтік сипаттамаларын анықтайтын жұмыс беруші алдын ала белгілеген критерийлермен өз әрекеттерін салыстыра отырып, жұмыс беруші алдын ала әзірлеген алгоритмдер бойынша қарапайым әрекеттер орындау.

Үлгі күрделі емес тәжірибелік тапсырмаларды орындайды, өзін өзі қадағалау және өзін өзі тәртіптеу машықтарын жұмыста қолданады.
Еңбектің жалпы техникалық, өртке қарсы, арнайы және экологиялық қауіпсіздігін анықтайтын ережелердің нормативтері мен талаптарына сәйкес өз әрекеттерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өзін-өзі бақылауды жүзеге асырады.

Еңбек мәні, оны түрлендіру процесі және тиісті атқарушылық әрекеттер циклы туралы негізгі білім.
Заттар мен еңбек құралдарының жағдайы туралы алғашқы ақпаратты жинау және осы ақпаратты тапсырмаға және/немесе жұмыстардың орындалатын алгоритміне сәйкес параллельді немесе бақылаушы деңгейге беру.

2

2

Байланыс құралдары жабдығының пайдалану-техникалық қызмет көрсетуін қамтамасыз ету бойынша шектеулі жауапкершілікті және дайындаушы және қорытынды қызметтерді өздігінен іске асыруда белгілі бір деңгейді анықтауды ұйғаратын басшылықпен нормаларды іске асыру бойынша атқарушылық қызмет қызмет.
Бірінші біліктілік деңгейінің персоналы үшін алгоритмдердің ағымдағы сәтінде орындалатын бұрын әзірлегендер шеңберінде қарапайым іс-қимылдарды орындауға тапсырмалар жасау.

Нұсқаулықтардың негізінде жұмыс жасаудың әдісін таңдайды және күрделі емес практикалық тапсырмаларды орындайды, қарапайым өндірістік жағдайларда өзін-өзі бақылау және іс-әрекетін өздігінен түзету дағдыларын жұмыста қолданады. Бірінші деңгейдегі қызметкерлерге тапсырма беру және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады. Өзінің іс-әрекетін және орындайтын жұмыстарының алгоритмі шеңберінде бірінші деңгейдегі персоналдың іс-әрекетін үйлестіруді жүзеге асырады. Әзірленген реттеуші шешімдердің орындалуын жоғары деңгейдегі персоналмен келісуді жүргізеді.

Еңбек мәні, қарапайым үлгілік міндеттерді орындау кезінде нәтижеге жету құралдары мен әдістері туралы, орындаушылық қызмет рефлексиясы туралы базалық білім. Еңбек мәндері мен құралдарының жағдайы туралы бастапқы ақпарат жинау және осы ақпаратты тапсырмаға және/немесе орындалатын жұмыстың алгоритмдеріне сәйкес параллельді немесе бақылаушы деңгейге беру.

3

3

Өздігінен жоспарлауды, жабдықтарды профилактикалық тексеру, байланыс құралдарының жабдықтарына пайдалану-техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету бойынша әзірлеуші және қорытынды функцияларды орындау кезінде, сондай-ақ техникалық тапсырманы талдау, жергілікті жерлерде іздеу жұмыстары кезінде, жобалау-сметалық құжаттаманы дайындауда қойылған міндеттерді орындау үшін жауапкершілікті көздейтін норманы іске асыру бойынша атқарушылық қызмет.
Жүйелер мен қондырғылардың технологиялық режимдерінің белгіленген параметрлерін, қауіпсіздік шарттары мен жұмыс істеуінің үнемділігін сақтауды қамтамасыз ететін реттеуші ықпал ету бойынша шешімдер қабылдау. Осы ықпал етудің технологиялық режим жағдайын және қауіпсіздік шарттарына сәйкестігін және жеткілікті болуын анықтау.

Өзін-өзі бағалау, өзін-өзі анықтау және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларына ие. Қойылған норманы орындаудың әдісін, еңбек ету мәні мен құралдарын өздігінен анықтайды.
Өзінің іс-әрекетін және орындайтын жұмыстарының алгоритмі шеңберінде бірінші және екінші деңгейдегі персоналдың іс-әрекетін үйлестіруді жүзеге асырады. Тапсырмамен және орындайтын жұмыстарының алгоритмімен анықталатын шекте қоса жұмыс істейтін қызметкерлермен өзінің іс-әрекетін үйлестіру.

Затты технологиялық қайта жасау, еңбекті жоспарлау және ұйымдастыру, кәсіби қызметтің үлгі жағдайларында міндеттерді дербес орындау туралы білу.
Жұмыс орнына белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу.
Технологиялық режимдерді жүргізу аясында бірінші және екінші біліктілік деңгейіндегі персоналға өндірістік тапсырмалар жасау.
Технологиялық режимдердің және жабдықтардың жағдайы туралы ақпаратты жинау және осы ақпаратты ұйымдастырушылық-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес параллельді немесе бақылаушы деңгейге беру.

4

4

Міндеттердің дербес айқындалуын, ұйымдастырылуын және қарамағындағы қызметкерлерге нормаларды іске асыруды бақылауды көздейтін басшылықпен нормалардың іске асырылуы жөніндегі атқарушылық-басқарушылық қызмет, аспаптарды, бұйымдарды және диагностикалау құралдарын таңдау үшін жауапкершілік.
Күрделілігі: жұмыс жағдайына және оның болжалды өзгерістеріне тұрақты талдау жасауды, белгілі қызмет ету жолдарын таңдау, қызметтерді күнделікті және қорытынды бақылау, бағалау және түзетуді талап ететін, әр түрлі үлгідегі практикалық міндеттерді шешу.
Осы талдаудың теріс нәтижелері жағдайларында болуы мүмкін реттеуші әсерлер бойынша шешімдерді озық қабылдау мақсатында жұмыс күні ішінде жұмыс орнына бекітілген техникалық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің технологиялық режимдері мен талаптары жағдайларын талдау.
Жұмыс күні ішінде бірінші, екінші және үшінші деңгейлердегі жұмыс орнына бекітілген қызмет көрсетудің барлық аймақтарының технологиялық режимдерін жүргізу тапсырмаларын жоспарлау, қалыптастыру және қызметті бақылау. Өзін-өзі оқытуға және басқаларды оқытуға жауапкершілік.

Өзін-өзі анықтау және өзін-өзі нормалау машықтарын жұмыста қолданады. Алған тапсырмаларын нақтылайды, қарамағындағыларға міндеттер қояды, қызмет нәтижелерін бағалайды, білімі мен машығының жетіспейтіндігін айқындайды, қызметкерлердің кәсібилігін арттыруды ынталандырады.
Жұмыс күні ішінде бірінші, екінші және үшінші деңгейлердегі персонал қызметінің табыстылығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.
Жұмыс орны үшін белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.
Диагностикалаудың қажетті техникалық құралдарын таңдау дағдыларына ие.
Көлік құралдарының жарамсыздықтарын анықтау бойынша қажетті технологиялық операцияларды таңдау дағдылары.
Көлік құралдарын диагностикалау құралдарын монтаждау, пайдалану және қызмет көрсету бойынша дағдылары.
Көлік құралдарын диагностикалау құралдарын пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу бойынша дағдылары.

Қызмет көрсетілетін технологиялық процестер шеңберінде техникалық құжаттаманы әзірлеу.
Технологиялық режимдер мен жабдықтардың жағдайы туралы ақпаратты жинау және осы ақпаратты ұйымдық-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес параллельді немесе бақылаушы деңгейге беру.
Бақылау-диагностикалау аспаптарының арналуын және олардың жұмыс істеу қағидаттарын, еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техниканың, өндірістік санитарияның және өртке қарсы қорғаудың ережелерін және нормаларын білу.
Автокөлік құралдарының ақауларын анықтау бойынша күрделі операциялардың әдістерін білу.
Автокөлік құралдарының техникалық диагностикалауды өткізу технологиясың, бақылау-диагностикалау жабдықтарды пайдалану және жөндеу бойынша нұсқаулықтарды білу.
Диагностикалауды жүргізу кезінде қолданыстағы бақылау-диагностикалау жабдығын және материалдармен қосалқы бөлшектерді шығындар нормаларын орнатудың жиынтығын білу.

5

5

Автокөлік кәсіпорынның техникалық қызметіне ұсынылатын ақпараттың нақтылығы үшін жауапкершілікті көздейтін технологиялық процес учаскесі және кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі атқарушылық-басқарушылық қызмет.
Күрделілігі: әр түрлі жұмыс жағдайында шешім табу тәсілдерін таңдап алу негізінде практикалық міндеттерді шешу, ағымдағы және қорытындыны бақылау, қызметтерді бағалау және түзету.
Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын технологиялық процес учаскесі шеңберіндегі атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскеде болатын нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару. Ауызша және жазбаша коммуникацияға дамыған қабілеттілік.

Тапсырысты түсіну, жағдайды талдау, өзін-өзі талдау, шешімдер қабылдау және оларды іске асыруға жағдай жасау, басқарушылық және орындаушылық кәсіпқойлықты арттырудың алдын алатын командалық жұмыс контекстінде қызметті бақылау және түзету дағдыларына ие.
Төртінші деңгейдегі персоналдың жұмыс күні ішінде табысты қызметін қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.
Жұмыс орнына белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.
Жоғары деңгейдегі персонал жасайтын тапсырмалар шеңберінде инновациялық саясаттың жергілікті іс-шараларын іске асырады.
Статистикалық деректермен жұмыс істеу және есеп техникасының құралдарының көмегімен деректерді өндеу дағдыларына ие. Кәсіпорын қызметінің стратегиясына әсер ететін деректерді құрайтын техникалық құжаттарды дайындау дағдыларына ие.
Көлік құралдарын диагностикалау бойынша іс-шараларды жоспарлау бойынша дағдыларына ие. Көлік құралдарын диагностикалау процесін басқару дағдылары. Көлік құралдарын диагностикалаудың технологиялық процесін оңтайландыру және жаңарту дағдылары.

Кәсіби жағдайларды жүйелі талдау және жобалау, басқарушылық шешім қабылдау әдістемесі туралы, ұжым және команда құру туралы білу.
Технологиялық режимдердің және жабдықтардың жағдайы туралы ақпарат жинау және осы ақпаратты ұйымдастырушылық-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес параллельді немесе бақылаушы деңгейге беру.
Қызмет көрсетілетін технологиялық процестер шеңберінде техникалық құжаттаманы әзірлеу және верификациялау.
Диагностикалау деректері негізінде көлік құралдарының жұмыс істеуінің қалдық ресурсын анықтау әдістерін, еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитарияны, өртке қарсы қорғау ережелерін және нормаларын білу.
Өндірісті жоспарлау және басқару тәсілдерін және еңбекті нормалау қағидаттарын, еңбекті нормалау саласындағы нормативтік техникалық құжаттарды білу.
Көлік құралдарын диагностикалау процесін ұйымдастыру, бақылау және оперативтік басқару әдістерін білу. Бақылау-диагностикалау құралдарын тиімді пайдалануын қамтамасыз етудің әдістерін білу.

6

6

Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын кәсіпорын қызметі стратегиясының аясындағы атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскеде болатын нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару.
Техникалық салада терең білім мен машықтарды көрсете білудің дамыған қабілеті. Көшбасшылық танытады және топ жұмысының нәтижелілігі үшін, оның болжамсыз ортада дамуы үшін жауап береді.
Күрделілігі: шешім қабылдау тәсілдерінің әр түрлілігін көздейтін, технологиялық немесе әдіснамалық сипаттағы міндеттерді шешу, кәсіби қызметтің құрамдас бөліктерін әзірлеу, енгізу, бақылау, бағалау және түзету.
Қауіпсіздік талаптарының және шарттарының тиімділігі мен орындылығын, кәсіпорынның құрылымдарында қолданыста жүрген технологиялар мен техникалық шешімдерді талдау және анықталған сәйкессіздіктерді реттеу.
Кәсіпорынның құрылымдарында қолданыста жүрген технологиялық процестердің аппаратуралық ресімделуін қауіпсіздіктің және тиімділіктің талаптары мен шарттарына техникалық сәйкестігін талдау және анықталған сәйкессіздіктерді реттеу.

Жұмыс процесін басқару машықтарын жұмыста қолданады, нәтижелер алу үшін бағалаудың әдістерін, әдістемесі мен критерийлерін таңдайды, құзыреттерді бөліп тарату және құқық беру, тиімді топтар қалыптастыра білу, сондай-ақ өндірістік процес барысында шешім қабылдай білу. Кәсіпорының қызметкерелеріне техникалық оқытудың жоспарлау, ұйымдастыру және өткізу дағдыларына ие.
Көлік құралдарын диагностикалау нәтижелерін өндеу процесін ұйымдастыру және басқару бойынша дағдыларына ие.
Кәсіпорында бар көлік құралдарын техникалық қызмет көрсету және жөндеу барысында диагностикалау құралдарын талдау дағдыларына ие.
Ғылыми-техникалық ақпаратты талдау, көлік құралдарын диагностикалау құралдарының даму процесін анықтау бойынша дағдыларына ие.
Кәсіпорынның көлік құралдарын диагностикалау бекеттерін жобалау бойынша дағдыларына ие.
Көлік құралдарын техникалық жай-күйін диагностикалауға техникалық процестерін әзірлеу бойынша дағдыларына ие.
Ұйым қызметінің стратегиясына әсер ететін мәліметтерді құрайтын техникалық құжаттарды басқару және бақылау бойынша дағдыларына ие.

Персоналдың үздіксіз білім алу әдістерін және техникалық білім алу қағидаттарын, еңбек қорғау, қауіпсіздік бойынша техниканың, өндірістік санитарияның және өртке қарсы қорғау бойынша ережелерді және нормаларды білу.
Персоналды бағалау әдістерін және біліктілікті арттыру тәсілдерін білу.
Диагностикалау мәліметтері негізінде көлік құралдарының жұмыс істеуінің қалдық қорын анықтау процесін басқару әдістерін жетік білу.
Ұйымның көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету процесін және бұл процестің шеңберіндегі қажет диагностикалық жұмыстарды жетік білу. Ғылыми техникалық ақпаратты талдаудың қазіргі заманға әдістерін білу. Қазіргі заманға беталысты ескере отырып көлік құралдарының үлгілендіру және жаңару қағидаттарын білу. Көлік құралдарына диагностикалауды жүргізуге сай келетін ұйым инфрақұрылымдарының нысандарын жобалау әдістерін білу. Көлік құралдарының техникалық жай-күйін диагностикалаудың технологиялық процестерін әзірлеу әдістерін білу.

7

7

Жағдайды немесе ақпаратты талдау әр түрлі факторларды терең бағалауды талап ететін күрделі міндеттермен жұмыс жүргізуді ұйғаратын технологиялық процес учаскесі шеңберіндегі атқарушылық-басқарушылық қызмет, сондай-ақ құрылымданған болжамсыз ортадағы нақты учаскеде болатын нәтиже үшін жауапкершілікті қабылдай отырып, қызметкерлерді басқару.
Ауызша және жазбаша коммуникацияға дамыған қабілеттілік.
Құрылымдық бөлімше немесе құрылымданбаған болжамсыз ортадағы ұйым деңгейінде нәтиже үшін жауапкершілік қабылдай отырып, құрылымдық бөлімше немесе ұйым қызметінің стратегиясын ұйғаратын және анықтайтын ұйым қызметінің стратегиясы аясындағы басқарушылық қызмет.
Басқарудың нақты объектісі қызмет етуінің мүмкін болатын нұсқаларын жүйелі және кешенді түсінудің дамыған қабілеті, осы нұсқалардың туындау уақытын және ықтималдылығын, сондай-ақ олардың әрекет ету ұзақтылығын анық бағалау.

Тапсырысты түсіну, жағдайды талдау, өзін өзі талдау, шешім қабылдау және оларға іске асыруға шарт жасау, топтық жұмыс барысында қызметті бақылау және түзету, басқарушылық және орындаушылық кәсібилікті арттырудан озатын машықтарын жұмыста қолданады.
Жұмыс күні ішінде алтыншы деңгейден персонал қызметінің сәттілігін қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.
Жұмыс орны үшін белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізуді жүзеге асырады.
Жоғары деңгейден персонал қалыптастыратын тапсырмалар шеңберінде инновациялық саясаттың жергілікті іс-шараларын іске асырады.
Нарық үрдісін қарастыра отырып, ұйымның бәсекеге қабілеттілігін талдау машықтарына ие. Бизнес ортадағы өзгерістерді жорамалдап, өз бөлімшесі дамуының стратегиялық бағытын анықтай біледі.

Ұжым және топ құру туралы басқарушылық шешімдерді қабылдаудың кәсіби ахуалдары, тәсілдерін жүйелі талдау және жобалау әдіснамасы туралы білімі болуы.
Технологиялық режимдер мен жабдықтардың жағдайы туралы алғашқы ақпаратты жинау және осы ақпаратты ұйымдық-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес параллельді немесе бақылаушы деңгейге беру.
Қызмет көрсетілетін технологиялық процестер шеңберінде техникалық құжаттаманы әзірлеу және анықтау.
Жобалау қызметінің өмірлік циклын, бағдарламалық өнімдерді әзірлеу ережелерін, компанияның негізгі бизнес-процестерін, персоналды басқару негіздерін, өндірісті, менеджментті, басқару психологиясын, көліктік қауіпсіздік мәселелерін білу.

8

8

Мемлекеттік ауқымдағы ірі институционалды құрылымдар саласын дамыту және жұмыс істеу стратегиясын құруды көздейтін басқарушылық қызмет.
Оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз ететін басқару құрылымын әзірлеуге арналған бағыттылық қызметі мазмұнын анықтайтын алға қойылған мақсаттар мен міндеттерге сараптама жүргізу.
Жоспарланған іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және жүзеге асырылуын бақылауға алу.
Ұйымдастырушылық-белгілеу қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізу. Қажет болған жағдайда реттеуші шешімдер әзірлеу.
Бағынышты бөлімшелердің қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізу. Қажет болған жағдайда реттеуші шешімдердің орындалуын әзірлеу және ұйымдастыру.
Маңызды деп табылатын көшбасшылық қасиеттерді көрсету, жаңашылдық және өзара байланысты факторлардың көпшілігімен байланысты жаңа контекстегі еңбек әрекетіне деген өздігінен әрекет ету жағдайларын көрсету. Жаңа және күрделі идеяларға сараптама жүргізу, бағалау және синтездеу және осы процестер негізінде стратегиялық шешімдер қабылдау. Күрделі жағдайларда стратегиялық шешім қабылдау мүмкіндіктері туралы операционалды әрекет ету тәжірибесін көрсету. Басқарылатын процестердің тиімділігін жоғарылатуға байланысты зерттеушілік және жобалық сипаттағы проблемаларды шешу.

Экологиялық және стратегиялық шешімдерді, логикалық әдістерді пайдалана отырып, өзара пайдалы шешімдерді қабылдай алу, кәсіби қызмет және өзара әрекет модельдерін құру дағдыларын жұмыста қолданады.
Жұмыс күні ішінде жетінші деңгейден персонал қызметінің табыстылығын қамтамасыз ететін жағдайлар жасайды.
Персоналды даярлау және жұмыстарды ұйымдастырудың қажетті деңгейі болған жағдайда қауіпсіздіктің жобалау шектері мен жағдайларды сақтаудың бұзылуына жол бермейтін жағдайларды сақтайды.
Өкімдерді береді, бөлімшелердің қызметін ұйымдастыру саласында тапсырмаларды қалыптастырады және олардың орындалуын бақылайды.
Жаңа білім мен жаңа шешімдер алуға жетелейтін жобаларды зерттейді, әзірлейді, іске асырады және бейімдейді. Басқару және/немесе жаңашылдықтағы сыни проблемаларды шешу үшін талап етілетін және қазіргі білімін немесе кәсіби практикасын қайта қарауға және жаңартуға мүмкіндік беретін синтез бен бағалауды қоса алғанда, ең ілгері және мамандандырылған машықтар мен іскерліктерге ие;
Идеяны тудыра, инновациялық қызмет нәтижелерін болжай, кәсіби және әлеуметтік салада кең ауқымды өзгерістерді жүзеге асырады, күрделі өндірістік және ғылыми процестерді басқара білу іскерлігі.

Кәсіптік қызмет, сондай-ақ қаржы, маркетинг, халықаралық нарық саласындағы ең терең және толық білім.
Қызметтің кооперативтік жүйелерін құру және өзара іс-қимылы, макроәлеуметтік және макроэкономикалық жүйелерді модельдеу және басқару әдіснамасы туралы білу.
Кәсіпорынның ішкі стандарттарына, МемСТ-ға және басқа да нормативтік құжаттарға сәйкес бағдарламаларды және жобалау құжаттарын әзірлеу саласындағы ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарымен ұйымдастыру.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады