"Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)" кәсіби стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 наурыздағы № 75 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 5 мамырда № 9389 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 308 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 30.03.2016 № 308 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріп отырған «Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» кәсіби стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті (Б.Ә. Қасымбеков) заңнамада белгіленген тәртіпте:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің интернет-ресурсында осы бұйрықтың орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Қазақстан Республикасы Индустрия
      және жаңа технологиялар министрі           Ә. Исекешев

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты әлеуметтік
      қорғау министрі
      ___________ Т. Дүйсенова
      20__ жылғы «____» ___________

Қазақстан Республикасы     
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасы Индустрия және
жаңа технологиялар министрінің
2014 жылғы 13 наурыздағы    
№ 75 бұйрығымен бекітілді   

«Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)» кәсіби стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. "Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)" кәсіби стандарты (бұдан әрі - КС) кәсіби қызмет саласындағы қызметкерлердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына, біліктілігіне және құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайды және:
      1) еңбек нарығының қазіргі заман қажеттілігіне жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға, кәсіби қызметтің мазмұнына бірыңғай талаптарды белгілеуге;
      2) қызметкерлерді басқару саласында кең шеңбердегі міндеттерді шешуге;
      3) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеуге, сонымен қатар тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
      4) кәсіби даярлықтарын бағалауды жүргізуге және мамандардың біліктілік сәйкестігін растауға арналған.
      2. КС негізгі пайдаланушылары:
      1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
      2) ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері, ұйымдардың қызметкерлерді басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
      3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
      4) кәсіби даярлықтарын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
      3. КС негізінде қызметтің, лауазымның, біліктілікті арттырудың, қызметкерлерді аттестаттаудың, еңбекті ынталандыру жүйесінің және т.б. функционалдық модельдеріне қатысты ішкі, корпоративтік стандарттары әзірленеді.
      4. Осы КС-да келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) біліктілік – қызметкердің белгілі бір қызмет түрі шеңберінде еңбек міндеттерін сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
      2) біліктілік деңгейі – орындалатын жұмыстардың күрделілігін, дербестігі мен жауапкершілігін сипаттайтын қызметкердің біліктілігіне (құзыреттеріне) қойылатын талаптар деңгейі;
      3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
      4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
      5) еңбек қызметінің түрі – кәсіби қызмет саласының еңбек функцияларының тұтастай жиынтығынан және оларды орындауға қажетті құзыреттерден қалыптасқан құрамдас бөлігі;
      6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріс арқылы анықталатын және оларды еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде орындау үшін қажетті құзыреттердің болуын көздейтін еңбек іс-қимылдарының біріктірілген және салыстырмалы түрде дербес жиынтығы;
      7) кәсіби қызмет саласы – жалпы ықпалдасқан негізі (ұқсас және мақсаттылығы жақын объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін ұқсас құзыреттер мен еңбек функцияларының жинағын көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
      8) КС – кәсіби қызметтің нақты саласындағы қызметкердің еңбек мазмұнына, сапасына, жағдайына және біліктілік деңгейіне, құзыреттеріне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
      9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, салыстырмалы түрде дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
      10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
      11) құзырет – қызметкердің еңбек қызметінде білімін, білігі мен тәжірибесін қолдану қабілеті;
      12) лауазым – жұмыс берушінің лауазымдық өкілеттіліктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген құрылымдық бірлігі;
      13) міндет - нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып, еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
      14) сала - өнім шығаруда, өндіріс технологиясы, жұмыс істейтіндердің негізгі қорлары мен кәсіптік дағдыларында ортақ мақсаты бар кәсіпорындар мен ұйымдар жиынтығы;
      15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
      16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
      17) функционалдық карта – еңбек қызметінің белгілі түрі қызметкерінің кәсіби қызметтің сол немесе өзге саласы шеңберінде орындайтын еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымдалған сипаттамасы.

2. КС паспорты

      5. Экономикалық қызметтің түрі: Машина жасау технологиясы (түрлері бойынша)
      6. Кәсіби қызмет саласы: Машина жасау технологиясы.
      7. Кәсіби қызмет саласының негізгі мақсаты: технологиялық процестерді әзірлеу, жабдыққа технологиялық қызмет көрсету және жөндеу.
      8. Кәсіби қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында көрсетілген.

3. Еңбек қызмет түрлерінің (кәсіп) карточкалары

1-параграф. Техник - технолог

      9. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4.
      10. Мүмкін болатын лауазым атауы:
      техник - технолог.
      11. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы – өнімнің қарапайым түрлерін немесе оның элементтерін өндірудің үдемелі технологиялық үдерістері мен тиісті режімдерін әзірлеу.
      12. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС
2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
      13. Техник-технологтың еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
      14. Техник-технолог орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.
      15. Техник-технолог орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
      16. Техник-технологтың құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.

2-параграф. Техник - механик

      17. СБШ бойынша біліктілік деңгейі: 4.
      18. Мүмкін болатын лауазым атауы:
      техник - механик.
      19. Орындалатын еңбек функциясының жалпыланған сипаттамасы – кәсіпорындардың жабдықтарына технологиялық қызмет көрсету және жөндеу.
      20. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС
3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
      21. Техник-механиктің еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
      22. Техник-механик орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілген.
      23. Техник-механик орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
      24. Техник-мехниктің құзыреттеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.

4. КС әзірлеушілер

      25. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі КС әзірлеушісі болып табылады.
      26. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 4-қосымшасында келтірілген.

«Машина жасау технологиясы    
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына
1-қосымша             

Еңбек қызметінің түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері

Реттік №

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының бағыттары ескерілген кәсіп атауы

01-2005 Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуішісіне сәйкес кәсіптер атауы

Салалық біліктілік шеңберінің біліктілік деңгейлері

1.

Қарапайым өнім түрлері немесе олардың элементтеріне өндірістің прогрессивті технологиялық процестерін және тиімді режимдерін әзірлеу

Техник - технолог

Техник - технолог

4

2.

Кәсіпорын жабдығына технологиялық қызмет көрсету және жөндеу

Техник - механик

Техник - механик

4

«Машина жасау технологиясы    
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына
2-қосымша             

1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

«Қызметтердің жіктеуіші» 01-2005 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші

Базалық топ

3111–Техник-технолог

Басшылардың, мамандардың және басқа қызметшілер лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамалары (ҮБС)

Салалық біліктілік шеңберінің (СБШ) біліктілік деңгейі

Санатттар


Техник-технолог

4

-

2-кесте. Техник-технологтың еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Өндірістік-технологиялық бөлім, конструкторлық бөлім, тәжірибелік-эксперименттік бөлім

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

Жоқ

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше шарты

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Практикалық жұмыс тәжірибесінсіз техникалық және кәсіптік білімнің жоғары дәрежелі деңгейі

-

3-кесте. Техник-технолог орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын
КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының атауы
(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Құрал-сайманды таңдау, кесу режимдерін есептеу, құрылғы тңдау

2

Технологиялық процестерді әзірлеу

3

Өндірістік жұмыстардың технологиялық реттілігін бақылау, бақылау-өлшегіш аспаптары БӨА сапасын тексеру

4-кесте. Техник-технолог орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функциясының №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері)

1

Құрал-сайман таңдау

Технологиялық процесті жобалау негіздері

1-1) Құрал-сайманды орнату

Кесу режимдерін таңдау

Анықтама әдебиет, МЕМСТ, технологиялық жарақты жобалау әдістемесі

1-2) Кесудің тиімді режімдері

Құрылғы таңдау

Технологиялық жарақты жобалау әдістемесі

1-3) станок, бейімдемелер, кес-аспап және бөлшеккесуші аспап және бөлшек (СҚҚБ) жүйесінің қаттылығын қамтамасыз ету

2

Технологиялық процестерді әзірлеу

Мемлекеттік стандарттар, анықтама әдебиет, бөлшектерді механикалық өңдеудің технологиялық процестерін жобалау негіздері

2-1) Өндірістің прогрессивті технологиялық процестерін және тиімді режимдерін әзірлеу

3

Өндірістік жұмыстардың технологиялық реттілігін бақылау

Бөлшектерді операциялық өңдеуің маршруттық картасы

3-1) Бөлшектер мен түйіндердің жүктелу сипатын тексеру.

БӨА сапасын тексеру

Арнайы бақылау-өлшеу аспаптары

3-2) Дайындалған бұйымдардың сапасын тексеру

5-кесте. СБШ бойынша 4-біліктілік деңгейіндегі техник-технологтың
құзыреттеріне қойылатын талаптар

Еңбек міндетінің №

Жеке және кәсіптік құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-1)

Нақты технологиялық процесс учаскесі мен кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі құрал-сайманды орнату үшін жауапкершілікті болжайтын басқарушылық қызмет

Құрал-сайманды орнату

Кесетін құрал-сайманды және оны қайрау технологиясын, металл кескіш құрал-сайман үлгілері мен құрылысын білу

1-2)

Нақты технологиялық процесс учаскесі мен кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі СҚҚБ жүйесінің қаттылығын қамтамасыз етуүшін жауапкершілікті болжайтын басқарушылық қызмет

СҚҚБ жүйесінің қаттылығын қамтамасыз ету

Технологиялық жарақтың жіктелуі мен жұмыс істеу принципін, құрылғыларды жобалау негіздерін білу қажет

2-1)

Нақты технологиялық процесс учаскесі мен кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі өндірістің прогрессивті технологиялық процестерін және тиімді режимдерін әзірлеуүшін жауапкершілікті болжайтын басқарушылық қызмет

Өндірістің прогрессивті технологиялық процестерін және тиімді режимдерін әзірлеу

Технологиялық процестерді жобалау негіздерін білу

3-1)

Нақты технологиялық процесс учаскесі мен кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі бөлшектердің және түйіндердің жүктелу сипатын тексеруүшін жауапкершілікті болжайтын басқарушылық қызмет

Бөлшектердің және түйіндердің жүктелу сипатын тексеру

Теориялық механиканың, материал кедергілерінің негізгі түсініктері мен заңдарын, бөлшектер мен машиналардың түрлі қосылыстарын білу қажет

3-2)

Нақты технологиялық процесс учаскесі мен кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі дайындалған өнімнің сапасын тексеруүшін жауапкершілікті болжайтын басқарушылық қызмет

Дайындалған өнімнің сапасын тексеру

Бөлшектердің рұқсат ету мен орнатуларын, өлшеу тәсілдерін және өлшеу құралдарын білу қажет

«Машина жасау технологиясы    
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына
3-қосымша             

1 Кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы

«Қызметтердің жіктеуіші» 01-2005 Қазақстан Республикасының мемлекеттік жіктеуіші

Базалық топ

3115– Техник-механик

Басшылардың, мамандардың және басқа қызметшілер лауазымдарының Үлгілік біліктілік сипаттамалары (ҮБС)

Салалық біліктілік шеңберінің (СБШ) біліктілік деңгейі

Санаттар


техник-технолог

4

-

2-кесте. Техник-механиктің еңбек жағдайына, біліміне және жұмыс
тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорындар, ұйымдар)

Бас механик бөлімі, тәжірибелік-эксперименттік бөлім

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы

Жоқ

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше шарты

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес

СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіптік білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Практикалық жұмыс тәжірибесінсіз техникалық және кәсіптік білімнің жоғары дәрежелі деңгейі

-

3-кесте. Техник-механик орындайтын еңбек функцияларын анықтайтын
КС бірліктерінің тізбесі

Еңбек функциясының №

Еңбек функциясының атауы
(кәсіби стандарттың бірлігі)

1

Құрылғыларды орнату, майлау материалдары мен майлау және салқындату сұйықтықтарының (МСС) деңгейлерін тексеру

2

Жабдыққа технологиялық қызмет көрсету және жөндеу

3

Іске жарамды жабдық

4-кесте. Техник-механик орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы

Еңбек функциясының №

Еңбек мәні

Еңбек құралдары

Міндеттер

1

Құрылғыны орнату

Технологиялық құрылғылар, жабдық, автоматтандырылған желілер

1-1) Құрылғы мен технологиялық жарақты орнату, дәлдеу

Майлау материалдары мен МСС деңгейлерін тексеру

Жабдық пен автоматтандырылған желілер, құрал-сайман мен құрылғылар

1-2) Майлау материалдарын толтырып құю, МСС қоюлығын қажетті деңгейге жеткізу

2

Жабдыққа технологиялық қызмет көрсету және жөндеу

Жабдық пен автоматтандырылған желілер, құрал-сайман мен құрылғылар

2-1) Жабдық пен автоматтандырылған желіні жоспарлы және алдын ала жөндеу.

3

Іске жарамды жабдық

Жабдық пен автоматтандырылған желілер, құрал-сайман мен құрылғылар

3-1) Технологиялық жабдықты пайдалану ережелерін сақтау.

5-кесте. СБШ бойынша 4-біліктілік деңгейіндегі техник-механиктің
құзыреттеріне қойылатын талаптар

Еңбек міндетінің №

Жеке және кәсіби құзыреттері

Дағдылары мен біліктері

Білімі

1-1)

Нақты технологиялық процесс учаскесі мен кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі құрылғы мен технологиялық жарақты орнату, дәлдеуүшін жауапкершілікті болжайтын басқарушылық қызмет

Құрылғы мен технологиялық жарақты орнату, дәлдеу

Технологиялық жарақтың жіктелуі мен жұмыс істеу принциптерін, технологиялық жабдықты құрастыру, ретке келтіру, ретттеу әдістерін білу

1-2)

Нақты технологиялық процесс учаскесі мен кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі майлау материалдарын толтырып құю, МСС қоюлығын қажетті деңгейге жеткізуүшін жауапкершілікті болжайтын басқарушылық қызмет

Майлау материалдарын толтырып құю, МСС қоюлығын қажетті деңгейге жеткізу

Металл кескіш станоктардың жіктелуі мен қолданылу саласын, олардың құрылымын, техникалық сипаттамаларын білу қажет

2-1)

Нақты технологиялық процесс учаскесі мен кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі жабдық пен автоматтандырылған желіні жоспарлы және алдын ала жөндеуүшін жауапкершілікті болжайтын басқарушылық қызмет

Жабдық пен автоматтандырылған желіні жоспарлы және алдын ала жөндеу

Түрлі топтағы және үлгідегі металл өңдеу жабдығын пайдалану ерекшеліктерін, жетек номенклатурасын, оларды есептеу және реттеу әдістемесін білу қажет

3-1)

Нақты технологиялық процесс учаскесі мен кәсіпорын қызметінің стратегиясы шеңберіндегі іске жарамды жабдықүшін жауапкершілікті болжайтын басқарушылық қызмет

Іске жарамды жабдық

Теориялық механиканың, материал кедергілерінің негізгі түсініктері мен заңдарын, бөлшектер мен машиналардың түрлі қосылыстарын білу қажет

«Машина жасау технологиясы    
(түрлері бойынша)» кәсіби стандартына
4-қосымша             

Келісу парағы

Ұйымның атауы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Осы КС ___________________________________________________ тіркелді.
Кәсіби стандарттар тізбесіне _____________тіркеу нөмірімен енгізілді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні ____________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады