Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 20.12.2020 № 393 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 138-5 бабының 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі "Кәсіптік стандарттарды әзірлеуге 2013 жылға қаражат бөлу және оны пайдалану қағидаларын бекіту туралы" № 406 қаулысына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. Бал ара өсіру қызметіндегі кәсіби стандарт бекітілсін.
2. Мал шаруашылығы департаменті (Е.Қ. Ахметов) Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен кәсіби стандартты енгізуге шаралар қабылдасын.
3. Әлеуметтік саясат басқармасы (С.С. Лепешко) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әлеуметтік саясат басқармасына (С.С. Лепешко) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А.Мамытбеков |
Келісілген
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
Т. Дүйсенова ___________
2014 жылғы 7 сәуір
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 21 қаңтардағы № 20/54 бұйрығымен бекітілген |
Бал ара өсіру қызметіндегі кәсіби стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Бал ара өсіру қызметіндегі кәсіби стандарт (бұдан әрі - КС):
1) кәсіби білім беру мен еңбек салалары арасындағы қарым-қатынасты реттеуге;
2) кәсіби қайта даярлау мен біліктілігін көтеруді дайындау бағдарламаларын әзірлеу талаптарының мерзімін белгілеуге;
3) аттестациялау мен сертификаттауда қызметкерлердің құзыреттілігін бағалау талаптарының мерзімін белгілеуге;
4) кәсіби қызметтің мәніне бірыңғай талаптар әзірлеуге, еңбек нарығының заманауи талаптарына жауап беретін біліктілік талаптарын жаңартуға;
5) персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешуге;
6) білім беру стандарттарын, оқу жоспарларын, модульдік оқу бағдарламаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге;
7) кәсіби даярлығын бағалаудан өткізу және мамандар біліктіліктерінің сәйкестіктерін растауға арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру мекемелері түлектері, жұмысшылар;
2) ұйымдардың басшылары мен жұмысшылары, ұйымдардың персоналды басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім беру бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар.
3. КС негізінде кәсіпорындар қызметінің функционалдық үлгілеріне, лауазымына, қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аттестациядан өткізу, еңбекке ынталандыру жүйесіне ішкі, корпоративті стандарттар және басқалар әзірленуі мүмкін.
4. Осы КС-да төмендегі терминдер мен аңықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – жұмысшының еңбек қызметінің нақты түрін орындауға кәсіби дайындық дәрежесі;
2) біліктілік деңгейі\білікті деңгейі – атқарылатын жұмыстардың күрделілігі, дербестігі мен жауаптылығы көрінетін қызметкердің біліктілігіне (құзыреттілігіне) қойылатын талаптар деңгейі;
3) еңбек мәні - белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
4) еңбек құралы – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функцияларының тұтас жиынтығымен және оларды орындау үшін қажетті құзыреттілікпен құрылған кәсіби қызмет саласындағы құрамдас бөлік;
6) еңбек функциясы – бизнес-процеспен анықталатын және олардың еңбек қызметінің нақты түрінің шеңберінде орындалуы үшін тиісті құзыреттіліктің болуын көздейтін еңбек әрекеттерінің интеграцияланған және тиісінше автономды жиынтығы;
7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграцияланған негізі (ұқсас және жуық мәндер, объектілер, технологиялар, соның ішінде еңбек құралдары) және еңбек функцияларының ұқсас жиынтығын және оларды орындау үшін құзыреттілікті көздейтін саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;
8) КС – нақты кәсіби қызмет саласындағы еңбек сапасы мен жағдайы, біліктілігі, құзыреттілігі, мазмұны деңгейіне қойылатын талаптарды айқындайтын стандарт;
9) КС бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, тиісінше автономды және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасынан тұратын КС құрылымдық элементі;
10) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы білімді, ептілікті және практикалық дағдыларды талап ететін және білімі туралы тиісті құжаттармен нақтыланатын адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
11) құзыреттілік – қызметкердің кәсіби қызметте білімін және іскерлігін қолдану қабілеті;
12) лауазым – лауазымдық өкілеттіктер мен лауазымдық міндеттер шеңбері жүктелген жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
13) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
14) сала – шығарылатын өнімнің, өндіріс технологиясының, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби дағдыларының жалпылығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы;
15) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
16) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында құпталатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдалған сипаттамасы;
17) функционалдық карта – әр түрлі кәсіби қызметтер саласының шеңберінде белгіленген, қызметкер орындайтын еңбек қызметінің түрінің еңбек функциялары мен кәсіби міндеттерінің құрылымданған сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. Экономикалық қызмет түрі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жіктеушісі 03-2007: 01.49 Өзге жануарлар түрлерін өсіру.
6. Экономикалық қызмет түрінің негізгі мақсаты: бал, ара балауызын және басқа өнімдерді алу үшін, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыру мақсатында оларды тозаңдату үшін бал араларын өсіру.
КС мал шаруашылығы, аң аулау және осы саладағы қызметтерді ұсыну кәсіби қызмет саласында еңбек мәніне, сапасына, жағдайына және қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігіне қойылатын талаптарды белгілейді.
7. Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері осы КС 1-қосымшасында берілген.
Стандарт талаптары қызмет түрлеріне және осы саланың төмендегі кәсіптеріне жатады:
омарташы;
техник.
3. Еңбек қызмет (кәсіп) түрлерінің карточкасы
1-параграф. Омарташы
8. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 3.
9. Лауазымның мүмкін атаулары: омарташы.
10. "Омарташы" кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: аналық шығару, тайпалық, тозаңдандырғыш-бал фермаларда, кеспеағаштарда араларды күту бойынша жұмыстар жүргізу.
11. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 2-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
12. Омарташының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
13. Еңбек функцияларын айқындайтын, омарташы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 2-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
14. Омарташының орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 2-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
15. Омарташының құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 2-қосымшасының 5-кестесінде көрсетілген.
2-параграф. Техник
16. СБШ бойынша біліктілік деңгейі – 4-5.
17. Лауазымның мүмкін атаулары: техник.
18. "Техник" кәсібі субъектінің негізгі қызметін жүзеге асыруға байланысты міндеттерді білуге және атқара білуге міндеттейді: ара шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу.
19. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы осы КС 3-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген.
20. Техниктің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 2-кестесінде көрсетілген.
21. Еңбек функцияларын айқындайтын, омарташы орындайтын, КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген.
22. Техниктің орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы және еңбек әрекеттері осы КС 3-қосымшасының 4-кестесінде көрсетілген.
23. Техниктің құзыреттіліктеріне қойылатын талаптар осы КС 3-қосымшасының 5, 6-кестесінде көрсетілген.
4. КС әзірлеушілері
24. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі болып табылады.
25. Келісу парағы, КС сараптамасы мен тіркелуі осы КС 4-қосымшасында көрсетілген.
Бал ара өсіру қызметіндегі кәсіби стандартының 1-қосымшасы |
Қызмет түрлері, кәсіптер, біліктілік деңгейлері
№ р/с | Қызмет түрі атауы | Еңбек нарығы тенденцияларын есепке алғандағы кәсіп атауы | 01-2005 Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуішісіне сәйкес кәсіптер атауы | СБШ біліктілік деңгейлері |
1. | Ара шаруашылығы | Омарташы | Омарташы | 3-4 |
2. | Ара шаруашылығы | Техник | Техник | 4-5 |
Бал ара өсіру қызметіндегі кәсіби стандартының 2-қосымшасы |
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ) | |
Базалық топ | 6123 Омарташы |
Қазақстан Республикасы жұмысшылар кәсіптері мен жұмыстарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтағышы (БТБА) | |
Шығарылым, БТБА тарауы | 64-шығарылым, тарау: Мал шаруашылығындағы жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптері |
БТБА бойынша кәсібі | Омарташы |
СБШ біліктілік деңгейі | БТБА бойынша разрядтар |
3 | 3-5 |
2-кесте. Омарташының еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым) | Ара өсіру шаруашылықтары, омарта, егіндер, арнайы үй-жайлар | ||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары | Жоқ | ||
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес | ||
СБШ біліктілік деңгейі | Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі | Қажетті еңбек тәжірибесі | |
3 | Практикалық тәжірибесіз негізгі орта білім базасында жалпы орта білімі немесе техникалық және кәсіби білімі болған жағдайда практикалық тәжірибе және/немесе кәсіби дайындық (бір жылға дейін кәсіби дайындықты ұйымдастыру базасындағы курстар немесе кәсіпорында оқыту). | Кәсіби дайындығы немесе оған дейінгі позицияларда 1 жылдан кем емес тәжірибесі болған жағдайда талап етілмейді |
3-кесте. Омарташы орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функцияларының шифры | Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірлігі) |
1 | Тауарлы және тозаңдатушы омарталардағы араларды күтіп-қарау жөніндегі жұмыстарды атқару. Араларды тозаңдатылатын дақылдарға үйрету. Ара ұяларының сапасын, ұядағы аралар саны мен бал көлемін, ұяда аналық араның бар болуын және оның сапасын, барлық жастағы ұрпақтарын тексеру |
2 | Омарта мен үй-жайлардағы санитарлық-гигиеналық шарттарды ұстайды. Орынжайларға, қоршауға, жабдықтар мен құралдарға ағымдық жөндеу жүргізуді жүзеге асырады. Еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс қағидалары мен нормаларын сақтайды. Ара ұялары мен құрал-саймандарды залалсыздандырады, ара аурулары мен зиянкестерімен күрес жөніндегі профилактикалық шараларды қолданады |
3 | Балды алу және балауыз шикізатын жинақтау. Егінді жинау және сұрыптау. Ара өсіру өнімдерін ыдысқа қаптау және оны тұтынушыларға сату үшін дайындау бекетіне жеткізу |
4 | Омарта мен арнайы бөлінген орынжайларда еңбек қауіпсіздігі техникасының сақталуын бақылау. Еңбек құралдары және заттарымен қамтамасыз ету. Ара жанұяларын қарау. Ұяларды дайындау. Араларды сатып алу |
5 | Ұяларды тозаңдату үшін тасымалдау. Ұяларды бал жинақтау үшін тасымалдау. Омартадағы емдеу-профилактикалық шаралары. Балды жинақтау. Ара шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өндеу |
6 | Ара жанұяларын қысқа дайындау. Ара шаруашылығы өнімдерін сату. Ара шаруашылығы өнімдерін сақтау |
4-кесте. Омарташы орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Еңбек функцияларының шифры | Еңбек заттары | Еңбек құралдары | Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері) |
1 | Аралар, аналықтар, сұлатпа, нуклеус | Түтіндеуіш, қорғаныс маскасы | 1-1) Ара жанұяларын қарау |
Ұялар, ағаш қуысындағы ара ұялары, аралар | Бояу, құрал-саймандар, жіп | 1-2) Ұяларды дайындау | |
Ұялар, ағаш қуысындағы ара ұялары | Ұя бекіткіші, көлік құралы, араларға арналған павильон | 1-3) Ұяларды медициналық жинақтау үшін тасымалдау | |
2 | Ұялар, ағаш қуысындағы ара ұялары, омарта | Газтұтқыш, емдік препараттар, зарарсыздандыру құралдары мен химикаттар | 2-1) Омартадағы емдеу-профилактикалық шаралары |
Қысқы ұя, ұялар | Бал, шарбат | 2-2) Аралар үшін қысқы және көктемгі уақытқа жем дайындау | |
Ұялар, ағаш қуысындағы ара ұялары, омарта | Газтұтқыш, емдік препараттар, зарарсыздандыру құралдары мен химикаттар | 2-3) Ара ұясындағы емдеу-профилактикалық шаралары | |
3 | Ұялар, ағаш қуысындағы ара ұялары, ара рамкасы | Балды алу, балауызды еріту, балауызпресс, бал тұратын жер, түтіндегіш, омарташы вибропышақ, рамка тазалауышы | 3-1) Балды алу, тазарту және балауыз өнімін қайта өндеу |
Бал | Жөке бөшкелері, әйнек құтылар | 3-2) Ара шаруашылығы өнімдерін сақтау | |
Бал | Мал дәрігерлік ілеспе құжаттар, павильондар, дүкендер | 3-3) Ара шаруашылығы өнімдерін сату | |
4 | Аралар, аналықтар, сұлатпа, нуклеус | Түтіндеуіш, қорғаныс маскасы | 4-1) Ара жанұяларын қарау |
Ұялар, ағаш қуысындағы ара ұялары, аралар | Бояу, құрал-саймандар, жіп | 4-2) Ұяларды дайындау | |
Ұялар, ағаш қуысындағы ара ұялары | Ұя бекіткіші, көлік құралы, араларға арналған павильон | 4-3) Ұяларды медициналық жинақтау үшін тасымалдау | |
5 | Ұялар, ағаш қуысындағы ара ұялары, омарта | Газтұтқыш, емдік препараттар, зарарсыздандыру құралдары мен химикаттар | 5-1) Омартадағы емдеу-профилактикалық шаралары |
Қысқы ұя, ұялар | Бал, шарбат | 5-2) Аралар үшін қысқы және көктемгі уақытқа жем дайындау | |
6 | Ұялар, ағаш қуысындағы ара ұялары, ара рамкасы | Балды алу, балауызды еріту, балауызпресс, бал тұратын жер, түтіндегіш, омарташы вибропышақ, рамка тазалауышы | 6-1) Балды алу, тазарту және балауыз өнімін қайта өндеу |
Бал | Жөке бөшкелері, әйнек құтылар | 6-2) Ара шаруашылығы өнімдерін сақтау | |
Бал | Мал дәрігерлік ілеспе құжаттар, павильондар, дүкендер | 6-3) Ара шаруашылығы өнімдерін сату |
5-кесте. СБШ біліктіліктің 3-деңгейлі омарташының құзыретіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры | Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер | Біліктер мен дағдылар | Білімдер |
1-1) | Нәтижелерді өлшеу және оларды өз нәтижелерімен салыстыру үшін сапаның өзге тұлғалар мен стандарттар белгілеген емес өз өлшемдерін жасайды | Ара жанұяларының шаруашылық жарамдығын анықтау білігі | Қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау қағидаларын білу. Араның түрлері мен аралардың жай-күйін білу |
1-2) | Нұсқаулар береді немесе қызметкерлерді дамыту мақсатында қандай да бір жұмыстарды қалай жасау керектігін көрсетеді | Ұяларға жөндеу жүргізу білігі | Ұяның түрлері мен құрылымы |
1-3) | Ара өсіру шаруашылығы жұмысындағы өзгерістерге тез бейімделеді | Ара ұяларын гүлдеп тұрған балды өсімдіктер алабына уақытылы апаруды ұйымдастыру білігі | Ара жанұясының жыл ішіндегі өмірі |
2-1) | Жаңа мүмкіндіктерді көреді және оларды омарта қызметінде пайдаланады | Омартадағы емдеу-профилактикалық шараларды ұйымдастыру дағдылары | Аралар аурулары және омартадағы емдеу-профилактикалық шаралардың әдістері |
2-2) | Командадан оң нәтижені күтеді және командада қабылданған мінез-құлықты білдіретін команда мүшелеріне кері байланыс береді | Ұяларды сақтау үшін қысқы орынжайға тасымалдау жөніндегі іс-шараларын жүргізу дағдысы | Араларды қысқы орынжайдан шығару және қысқы орынжайға орналастыру техникасы |
3-1) | Кеспеағаштарда маусымдық жұмыс жүргізу үшін жыл мезгілінің өзгеруіне әсер етеді | Бал алуды, сондай-ақ ара шаруашылығының өзге өнімдерін жинақтауды қамтамасыз ету білігі | Ара шаруашылығы өнімдерінің түрлері. Ара шаруашылығы өнімдерін өндеу технологиясы |
3-2) | Жағдайды жеке қатысу жолымен зерттейді | Ара шаруашылығы өнімдерін өндеу жөніндегі шараларды ұйымдастыру дағдысы | Ара шаруашылығы өнімдерін сақтау технологиясы |
3-3) | Жағдайды жеке қатысу жолымен зерттейді | Ара шаруашылығы өнімдерін тұтынушыға дейін жеткізу үдерісін ұйымдастыру дағдысы | Ара шаруашылығы өнімдеріне қойылатын талаптар |
Бал ара өсіру қызметіндегі кәсіби стандартының 3-қосымшасы |
1-кесте. Қолданыстағы нормативтік құжаттармен байланысы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік кәсіптер жіктеуіші (МКЖ) | |
Базалық топ | 3119 Техник |
Басшылардың, мамандардың және басқа да қызметшілері лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 21 мамырдағы № 201-ө-м бұйрығы, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 25 маусымда № 7755 тіркелді) | |
СБШ біліктілік деңгейі | Санаттар |
4 | Санаты жоқ, ІІ, І |
5 | Санаты жоқ, ІІ, І |
2-кесте. Техниктің еңбек шарттарына, біліміне және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша мүмкін жұмыс орындары (кәсіпорын, ұйым) | Ара өсіру шаруашылықтары, омарта, егіндер, арнайы үй-жайлар | ||
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары | Жоқ | ||
Жұмысқа жіберудің ерекше шарттары | Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес | ||
СБШ біліктілік деңгейі | Кәсіптік білім беру және оқыту деңгейі | Қажетті еңбек тәжірибесі | |
4 | Жоғары деңгейлі техникалық және кәсіби білім (қосымша кәсіби дайындық), практикалық тәжірибе | Санаты жоқ – жұмыс стажына талап қойылмайды; ІІ санат – кем дегенде 1 жыл санаты жоқ лауазымында қызмет ету; І санат – кем дегенде 1 жыл ІІ санат лауазымында қызмет ету | |
5 | Техникалық және кәсіби (орта буын маманы), орта білімнен кейінгі білім, практикалық тәжірибе, не болмаса жоғары білім | Санаты жоқ – жұмыс стажына талап қойылмайды; ІІ санат – кем дегенде 1 жыл санаты жоқ лауазымында қызмет ету; І санат – кем дегенде 1 жыл ІІ санат лауазымында қызмет ету |
3-кесте. Техник орындайтын, еңбек функцияларын анықтайтын, КС бірліктерінің тізбесі
Еңбек функцияларының шифры | Еңбек функциясының атауы (кәсіби стандарттың бірлігі) |
1 | Аралардың негізгі тұқымдарын, негізгі араның тұқымдастығын, тұқымдастық күшін және аналық сапасын ара шаруашылығы мезгілінің кез келген уақытында анықтау |
2 | Жыл мезгіліне сәйкес ара тұқымдастығын күту |
3 | Тайпалық есеп жүргізу, ара тұқымдастарының мінез-құлықтарын: өнімділігін, қысқа төзімділігін, ауруларға төзімділігін және т.б анықтау |
4 | Жаңа ара тұқымдастығын алу үшін жұмыс ұйымдастыру, аналық аталық араларды өсіру, олардың сақталуын қамтамасыз ету |
5 | Негізгі (бал және балауыз) және қосымша (ара аналығының сүті, прополис, перга) ара өнімдерін шығару, олардың табиғилығы мен сапасын бағалау |
6 | Шағын бизнес ұйымдастыру бизнес-жоспарын жасау |
7 | Ара шаруашылығы өнімдерін сертификациялау орындау |
4-кесте. Техник орындайтын КС бірліктерінің сипаттамасы
Еңбек функцияларының шифры | Еңбек заттары | Еңбек құралдары | Міндеттер (еңбек іс-әрекеттері) |
1 | Аралар, аналықтар, | Балды алу және қайта өңдеу үшін ара ұясы, жабдықтар, балауыз өнімдерін және басқа ара шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу | 1-1) Ара шаруашылық мезгілінің кез келген уақытында аналық сапасын анықтау |
2 | Аралар, аналықтар, | Балды алу және қайта өңдеу үшін ара ұясы, жабдықтар, балауыз өнімдерін және басқа ара шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу | 2-1) Ара тұқымдастығының күтімі |
3 | Аралар, аналықтар, | Ара ұясы, есеп журналы | 3-1) Тайпалық есеп жүргізу, Ара тұқымдастығының мінез құлықтарын анықтау |
4 | Аралар, аналықтар, | Балды алу және қайта өңдеу үшін ара ұясы, жабдықтар, балауыз өнімдерін және басқа ара шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу | 4-1) Жаңа ара тұқымдастығын алу |
5 | Бал, ара ұялары | Балды алу және қайта өңдеу үшін жабдықтар, балауыз өнімдерін және басқа ара шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу | 5-1) Ара шаруашылығының өнімдерін шығару |
6 | Ара ұялары | Ара ұяларының өндірімділік есеп журналы, бухгалтерлік есеп | 6-1) Бизнес-жоспар құру |
7 | Ара шаруашылығының өнімдері | Балды алу және қайта өңдеу үшін жабдықтар, балауыз өнімдерін және басқа ара шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу | 7-1) Ара шаруашылығының өнімдерін сертификациялау |
5-кесте. СБШ біліктіліктің 4-деңгейлі техниктің құзыретіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры | Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер | Біліктер мен дағдылар | Білімдер |
1-1) | Тапсырмада белгіленген нәтижелерге қол жеткізу үшін жауапкершілік пен түсінушілік | Кәсіби проблемаларды теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып, әр түрлі, оның ішінде шешудің балама нұсқаларын өздігінен әзірлеу және ұсыну білігі | Өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесін, стандарттарды, техникалық шарттарды және технологиялық құжаттаманы жобалау, әзірлеу және ресімдеу жөніндегі өзге нормативтік және басқарушы материалдарды білу |
2-1) | Қызмет үдерісін ұйым стратегиясының, саясаты мен мақсатының шеңберінде бақылау қабілеттілігі | Шешудің алуан түрін және оларды таңдауды болжамдайтын практикалық міндеттерді шешу дағдылары | Ара өсіру өндірісіндегі кәсіпорындар шығаратын өнімнің өндіріс технологиясын білу |
3-1) | Командадағы жұмыстың оң ерекшеліктері | Шешудің алуан түрін және оларды таңдауды болжамдайтын технологиялық немесе әдістемелік проблемаларды шешу білігі | Технологиялық үдеріс немесе өндіріс режимі әзірленетін өнімнің құрамын, патенттік зерттеулер жүргізудің әдістері |
4-1) | Алынған учаскедегі жұмыстарды өзге учаскелердің қызметімен келісу | Технологиялық үдеріс компоненттерін әзірлеу, енгізу, бақылау, бағалау және түзету білігі | Үлгілік технологиялық үдерістерді және ара өсіру өндірісінің режимдері |
5-1) | Кәсіби қызметтегі шығармашылыққа, басқарудағы бастамаға, кәсіби білімді дамыту мен кәсіби қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілік қабылдауға қабілеттігі | Ғылыми-зерттеу және жаңа білімді дамыту және түрлі салалардағы білімдерді біріктіру шаралары жөніндегі инновациялық қызметті, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық тұрғыдан жеткізуді, нақты саладағы теориялық білімді практикада пайдалануды жүзеге асырудың дағдылары | Стандарттарды, техникалық шарттарды және технологиялық құжаттаманы жобалау, әзірлеу және ресімдеу жөніндегі өзге нормативтік және басқарушы материалдар |
6-кесте. СБШ біліктіліктің 5-деңгейлі техниктің құзыретіне қойылатын талаптар
Міндеттер шифры | Тұлғалық және кәсіптік құзыреттіліктер | Біліктер мен дағдылар | Білімдер |
1-1) | Тапсырмада белгіленген нәтижелерге қол жеткізу үшін жауапкершілік пен түсінушілік | Кәсіби проблемаларды теориялық және практикалық білімдерді пайдалана отырып, әр түрлі, оның ішінде шешудің балама нұсқаларын өздігінен әзірлеу және ұсыну білігі | Өндірісті технологиялық дайындаудың бірыңғай жүйесін, стандарттарды, техникалық шарттарды және технологиялық құжаттаманы жобалау, әзірлеу және ресімдеу жөніндегі өзге нормативтік және басқарушы материалдарды білу |
2-1) | Қызмет үдерісін ұйым стратегиясының, саясаты мен мақсатының шеңберінде бақылау қабілеттілігі | Шешудің алуан түрін және оларды таңдауды болжамдайтын практикалық міндеттерді шешу дағдылары | Ара өсіру өндірісіндегі кәсіпорындар шығаратын өнімнің өндіріс технологиясын білу |
3-1) | Командадағы жұмыстың оң ерекшеліктері | Шешудің алуан түрін және оларды таңдауды болжамдайтын технологиялық немесе әдістемелік проблемаларды шешу білігі | Технологиялық үдеріс немесе өндіріс режимі әзірленетін өнімнің құрамын, патенттік зерттеулер жүргізудің әдістері |
4-1) | Алынған учаскедегі жұмыстарды өзге учаскелердің қызметімен келісу | Технологиялық үдеріс компоненттерін әзірлеу, енгізу, бақылау, бағалау және түзету білігі | Үлгілік технологиялық үдерістерді және ара өсіру өндірісінің режимдері |
5-1) | Кәсіби қызметтегі шығармашылыққа, басқарудағы бастамаға, кәсіби білімді дамыту мен кәсіби қызметінің нәтижесі үшін жауапкершілік қабылдауға қабілеттігі | Ғылыми-зерттеу және жаңа білімді дамыту және түрлі салалардағы білімдерді біріктіру шаралары жөніндегі инновациялық қызметті, өз ойын ауызша және жазбаша түрде дұрыс және логикалық тұрғыдан жеткізуді, нақты саладағы теориялық білімді практикада пайдалануды жүзеге асырудың дағдылары | Стандарттарды, техникалық шарттарды және технологиялық құжаттаманы жобалау, әзірлеу және ресімдеу жөніндегі өзге нормативтік және басқарушы материалдар |
6-1) | Ұйымның стратегиясы, саясаты мен мақсатының шеңберінде еңбек және оқу үдерісін өздігінен басқару және бақылау, проблемаларды талқылау, қорытындыларға дәлел ұсыну және ақпаратты сауатты жасау қабілеттілігі | Өз әрекетін жұмыс жағдайының шарттарына сәйкес түзету білігі | Технологиялық үдерістерді және ара өсіру өндірісінің жабдықтарын жобалауда еңбекті ұйымдастырудың негізгі талаптары |
7-1) | Өз денсаулығы мен қауіпсіздігі және өзгелердің денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапты болады | Стандартты міндеттерді шешудің дағдылары | Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қағидалары |
Бал ара өсіру қызметіндегі кәсіби стандартының 4-қосымшасы |
Келісу парағы
Ұйымның атауы |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
Осы КС тіркелді______________________________________________________
Кәсіби стандарттар Реестріне енгізілді, тіркеу №_____________________
Хат (хаттама) № ____________________ Күні____________________________