Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 "Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы" бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Ресубликасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 26 мамырдағы № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрілінде 2014 жылы 11 маусымда № 9496 тіркелді

       БҰЙЫРАМЫН:
       1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 8 ақпандағы № 40 «Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесін және Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру нұсқаулығын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6111 болып тіркелген, 2010 жылғы 12 шілдедегі № 11 Қазақстан Республикасы мемлекеттік атқарушы органдарының және басқа орталық мемлекеттік органдардың басылымында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сырттай, кешкі және экстернат нысанында білім алуға жол берілмейтін кәсіптер мен мамандықтардың тізбесінде:
      «3. Оқытудың сырттай нысанында жалпы орта білім беру базасында жол берілмейтін жоғары білім беру мамандықтары» бөлімде:
      «2. Құқық» деген бөлімшеде:
      «

5В030300

Құқық қорғау қызметі

                                                                 »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

5В030300

Құқық қорғау қызметі (құқық қорғау органдарына ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарынан басқа)

                                                                 ».

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ж.Қ. Шаймарданов):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.О.Балықбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                          А. Сәрінжіпов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады