Орта мерзімді кезеңге (2014 - 2016 жылдарға) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2014 жылы 27 маусымда № 9540 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 553 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің 21.07.2015 № 553 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Концессиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған орта мерзімді кезеңге (2014 - 2016 жылдарға) арналған концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.
      2. Инвестициялық саясат департаменті (Аязбаев Н.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, оның мемлекеттік органның интернет-ресурсында, «Әділет» ақпараттық-кұқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Министр                                    Е. Досаев

Қазақстан Республикасы
Экономика және бюджеттік
жоспарлау министрінің 
2014 жылғы 27 мамырдағы
№ 156 бұйрығымен  
бекітілген      

Орта мерзімді кезеңге (2014 – 2016 жылдарға) концессияға
беруге ұсынылатын объектілердің тізбесі

Р/с №

Атауы

Конкурсты ұйымдастырушы

1

2

3

1. Реконструкциялануы және пайдаланылуы концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншiк объектiлерi

2. Құрылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын объектiлер

1.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі

2.

Теміртау қаласында балабақшалар кешенін салу және пайдалану

Қарағанды облысының әкімдігі

3.

«Маңғыстау (Тамақ) станциясы» теміржол вокзалын салу

Маңғыстау облысының әкімдігі

4.

Ақтау қаласында автовокзал салу

Маңғыстау облысының әкімдігі

5.

Семей қаласында балабақшалар кешенін салу және пайдалану

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

6.

Өскемен қаласында балабақшалар кешенін салу және пайдалану

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады