Республикалық меншікке жататын орта мерзімді кезеңге (2015 – 2017 жылдарға) концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 553 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 тамызда № 11911 болып тіркелді

      «Концессиялар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған республикалық меншікке жататын орта мерзімді кезеңге (2015 – 2017 жылдарға) арналған концессияға ұсынылатын объектілердің тізбесі бекітілсін.
      2. «Орта мерзімді кезеңге (2014 – 2016 жылдарға) концессияға беруге ұсынылатын объектілердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 27 мамырдағы № 156 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9540 болып тіркелген).
      3. Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық экономика министрі                  Е. Досаев

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      ____________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 20 шілде

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 21 шілдедегі  
№ 553 бұйрығымен бекітілген

Республикалық меншікке жататын орта мерзімді кезеңге
(2015 – 2017 жылдарға) концессияға ұсынылатын
объектілердің тізбесі

Р/с

Атауы

1

2

1 Реконструкциялануы және пайдаланылуы концессия шарты негiзiнде жүзеге асырылатын жұмыс істеп тұрған мемлекеттік меншiк объектiлерi

2. Құрылуы және пайдаланылуы концессия шарттары негiзiнде жүзеге асырылатын объектiлер

1.

«Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы» (ҮАААЖ) автомобиль жолын салу және пайдалану

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады