"Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күрделi және орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 337-I бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 338 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 3 шілдеде № 9548 тіркелді

      «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын күрделi және орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргiзу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2005 жылғы 31 қазандағы № 337-I бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3929 тіркелген, «Заң газеті» газетінде 2005 жылғы 14 желтоқсандағы № 233-234 (967-968 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың ережесін бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың қағидалары бекітілсін»;
      Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманы жүргізу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (С.Ә. Аблалиев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында ресми жариялануын және оны мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруын;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде көшірмесін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі М.Қ. Пішембаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Ж. Қасымбек

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация министрінің
2014 жылғы 2 маусымдағы    
№ 338 бұйрығына қосымша    

Қазақстан Республикасының
жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге
арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың
қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Автомобиль жолдары туралы» 2001 жылғы 17 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптаманы ұйымдастыру мен жүзеге асыру тәртібін анықтайды.

2. Ведомстволық сараптама жүргізудің тәртібі

      2. Қолданыстағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама (бұдан әрі - ведомстволық сараптама) - осы Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті (бұдан әрі - Комитет) жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамада қабылданатын шешімдердің негізділігі деңгейін арттыру мақсатында сараптау объектісіне талдау бағасын беру үшін жол саласы ұйымдарының өтінімі бойынша жүргізетін бағалау іс-қимылдары мен тұжырымдау жүйесі.
      3. Қолданыстағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама мыналарға ұсынылған материалдардың сараптамасын қамтиды:
      1) қабылданған көлемді-жоспарлы және сындарлы шешімдердің қолданылатын материалдар мен инженерлік жабдықтың негізділігіне, құрылыс конструкцияларының сенімділігі мен беріктігіне;
      2) техникалық құжаттамада көзделген жөндеу көлемінің негізділігіне және орындылығына;
      3) көрсеткіштердің, соның ішінде жөндеу есептік немесе сметалық құнының негізділігі мен дұрыстығына.
      4. Ведомстволық сараптаманы жүргізу үшін Комитет төрағасының бұйрығымен Комитеттің қызметкерлерінен құрамы 5 адамнан кем емес сараптау тобы құрылады.
      5. Ведомстволық сараптама жүргізу үшін Комитетке мынадай құжаттар:
      1) ведомстволық сараптама жүргізуге арналған еркін нысандағы өтініш;
      2) техникалық құжаттама ұсынылады.
      6. Техникалық құжаттамаға ведомстволық сараптама жүргізудің ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен аспауы тиіс.
      7. Бекітілген негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерге әсер ететін Қазақстан Республикасының қолданыстағы жалпы пайдаланымдағы бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттамаға енгізілетін өзгерістер (толықтырулар) жаңадан әзірленетін техникалық құжаттама үшін белгіленген тәртіппен ведомстволық қайта сараптамаға жатады.
      8. Қолданыстағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама оны әзірлегеннен және ведомстволық сараптаманы жүргізгеннен кейін үш жыл ішінде ол бойынша жөндеу басталмаған, ескірген болып есептеледі және пайдаланылуы мүмкін емес.
      9. Ведомстволық сараптамаға жататын, бірақ белгіленген тәртіппен оны өтпеген бар автомобиль жолдарын орташа жөндеуге арналған техникалық құжаттама аяқталмаған болып есептеледі және оны пайдаланып, жөндеу жұмыстарын орындауға жол берілмейді.
      10. Техникалық құжаттаманы осы Қағидаларға сәйкес жүргізілген сараптамалық топтың оң қорытындысынсыз бекітуге жол берілмейді.
      11. Оң қорытынды алған жағдайда сараптамалық топ техникалық құжаттаманы бекітуге ұсынады, егер ұсынылған құжаттар нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда сараптамалық топ себептерді көрсете отырып, техникалық құжаттаманы пысықтауға қайтарады.

3. Қорытынды ережелер

      12. Сараптамалық топтың шешіміне сот тәртібімен шағымдануға болады.
      13. Сараптамалық топтың мүшелері қаралатын техникалық құжаттама бойынша құпиялылықты сақтауы тиіс.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады