Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 16 шілдедегі № 141 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 28 тамызда № 9706 тіркелді

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу тәртібін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 24 тамыздағы № 242 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7977 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2012 жылы 27 желтоқсандағы № 852-856 (27927) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының шетел валюталарына қатысты ресми бағамын белгілеу қағидаларында:
      1-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) уәкілетті бөлімше – Ұлттық Банктің монетарлық операциялар және активтерді басқару бөлімшесі;»;
      қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Қ. Келімбетов

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 16 шілдедегі
№ 141 қаулысына   
қосымша        

Қазақстан Республикасы     
ұлттық валютасының шетел валюталарына
қатысты ресми бағамын белгілеу
қағидаларына          
қосымша             

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шетел валюталарының
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасына қатысты ____ жылғы
__________ ресми бағамдары туралы хабарлайды

Австралия доллары (AUD)
Әзірбайжан манаты (AZN)
Армян драмы (AMD)
Белорусь рублі (BYR)
Бразилия реалы (BRL)
Венгер форинті (HUF)
Корея Республикасының вонасы (KRW)
Гонконг доллары (HKD)
Грузин лариі (GEL)
Дат кронасы (DKK)
БАӘ дирхамы (AED)
АҚШ доллары (USD)
Еуро (EUR)
Үндістан рупиясы (INR)
Иран риалы (IRR)
Канада доллары (CAD)
Қытай юані (CNY)
Қырғыз сомы (KGS)
Кувейт динары (KWD)
Литва литі (LTL)
Малайзия ринггиті (MYR)
Мексика песосы (MXN)
Молдова леясы (MDL)
Норвегия кронасы (NOK)
Польша злотыйы (PLN)
Ресей рублі (RUB)
Сауд Арабиясының риалы (SAR)
СДР (XDR)
Cингапур доллары (SGD)
Тәжік сомониі (TJS)
Тайланд баты (THB)
Түрік лирасы (TRY)
Өзбек сумы (UZS)
Украина гривнасы (UAH)
Біріккен Корольдіктің Фунт стерлингі (GBP)
Чех кронасы (CZK)
Швед кронасы (SEK)
Швейцария франкі (CHF)
Оңтүстік Африка рэнді (ZAR)
Жапон йенасы (JPY)

теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге
теңге

теңге
теңге
теңге
теңге
теңге

                                             құжатқа қол қойылған күн

Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің
басшылығы ________________ Тегі және инициалдары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады