Техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлауға 2014-2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2014 жылғы 22 тамыздағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 24 қыркүйекте № 9749 тіркелді

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 7-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2014 - 2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 мамырдағы № 604 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлаудың 2014-2015 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (А.Ә.Сыздықова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды
қамтамасыз етсін;
      4) осы бұйрықты осы бұйрыққа қосымшада көрсетілген денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына жеткізсін, және олармен техникалық және кәсіптік білімі бар мамандарды даярлау бойынша білім беру қызметін көрсетуге шарт жасасуды қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Экономика және қаржы департаменті жасалған шарттарға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарын қаржыландыруды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму бірінші вице-министрі С.З.Қайырбековаға жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Денсаулық сақтау және әлеуметтік
      даму министрінің міндетін атқарушы         С. Жақыпова

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің     
2014 жылғы 22 тамыздағы  
№ 22 бұйрығына     
қосымша          

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын денсаулық сақтау
саласындағы білім беру ұйымдарында техникалық және кәсіптік
білімі бар мамандарды даярлаудың 2014-2015 оку жылына арналған
мемлекеттік білім беру тапсырысы

р/с №

Денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары

Бөлінген орындардың саны

Мамандықтың атауы

Мамандық бойынша бөлінген орындардың саны

1

2

3

4

5

1.

Республикалық орта медицина және фармацевтика қызметкерлерін даярлау және қайта даярлау колледж

400, оның ішінде 200 қазақ тілінде білім алушылар

Мейіргер ісі

200, оның ішінде «Массаж» біліктілігі бойынша мейіргер ісі - 16, оның ішінде 75 қазақ тілінде білім алушылар

Ортопедиялық стоматология

25 қазақ тілінде білім алушылар

Зертханалық диагностика

100, оның ішінде 50 қазақ тілінде білім алушылар

Гигиена және эпидемиология

25 қазақ тілінде білім алушылар

Фармация

25 орыс тілінде білім алушылар

Емдеу ісі

25 қазақ тілінде білім алушылар

2.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

100 қазақ тілінде білім алушылар

Емдеу ісі

50 қазақ тілінде білім алушылар

Фармация

50 қазақ тілінде білім алушылар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады