Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 146 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 29 желтоқсанда № 10031 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы № 318 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 09.08.2021 № 318 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Қалдықтарды басқару департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның ресми жариялауға бұқаралық ақпараттық құралдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне жолдануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

В.Школьник


  Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2014 жылғы 25 қарашадағы
№ 146 бұйрығымен
бекітілген

Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қалдықтарды басқару бағдарламасын әзірлеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 17-бабының 29) тармақшасына сәйкес әзірленген және жеке және заңды тұлғаларға қалдықтарды басқару бағдарламасын (бұдан әрі - Бағдарлама) әзірлеу тәртібін белгілейді.

      2. Бағдарламаны I және II санатты объектілері бар және қалдықтармен жұмыс істеу бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар әзірлейді.

      Табиғат пайдалану объектілерінің санаттары Кодекстің 71-бабына сәйкес анықталады.

      Кодекстің 288-1-бабының 2-тармағына сәйкес қалдықтарды кәдеге жаратуды және қайта өңдеуді немесе олардың көлемін және қауіпті қасиеттерін өзге де тәсілдермен азайтуды жүзеге асыратын, сондай-ақ өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырумен байланысты қызметті жүзеге асыратын тұлғалар үшін Бағдарламаны әзірлеу міндетті.

      3. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) қалдықтарды басқару - өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу бойынша іс-шараларды жоспарлау, іске асыру, мониторинг және талдау бойынша қызмет;

      2) ең озық қолжетімді технологиялар - қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін қамтамасыз етуге дейін шаруашылық қызметтің қоршаған ортаға теріс әсерінің деңгейін азайтуға бағытталған, ұйымдастыру және басқару шараларын қамтамасыз ететін, пайдаланылатын және жоспарланатын салалық технологиялар, техника мен жабдық;

      3) жоспарлы кезең - Бағдарлама әзірленген кезең.

      4. Қалдықтарды басқару Бағдарламасында:

      1) өндірістік процестерді, оның ішінде аз қалдықты технологияларды енгізу есебінен жетілдіру;

      2) қалдықтарды қайтадан пайдалану не оларды пайдалануға мүдделі жеке және заңды тұлғаларға беру;

      3) ең озық қолжетімді технологияларды пайдалана отырып, қалдықтарды қайта өңдеу арқылы қалдықтардың көлемін бірте-бірте азайтуды қамтамасыз ету бойынша көлемдері мен оларды орындау мерзімдері көрсетілген шаралар көзделеді.

      5. Қалдықтарды орналастыру орындарын қалпына келтірудің технологиялық мүмкіндігі болмаған жағдайда Бағдарламада қоршаған ортаға олардың зиянды әсерін азайту бойынша іс-шаралар көзделуі тиіс.

2. Бағдарламаны әзірлеу тәртібі

      6. Жеке және заңды тұлғалар Бағдарламаны мынадай талаптарға сәйкес әзірлейді:

      Бағдарлама мынадай бөлімдерден тұруы тиіс:

      1) кәсіпорындардағы қалдықтарды басқарудың ағымдағы жағдайын талдау:

      проблемалары бар қалдықтардың ағымдағы жай-күйінің сандық және сапалық көрсеткіштері, соңғы үш жылғы динамикадағы қалдықтарды басқару бойынша жұмыстардың негізгі нәтижелері;

      түзілген және орналастырылған қалдықтардың көлемі мен құрамы, оларды сақтау, кәдеге жарату, көму, рекультивациялау немесе жою әдістері туралы мәліметтер;

      2) бағдарламаның мақсаты қалдықтардың көлемін және (немесе) жинақталған және түзілген, сондай-ақ жұмыс істеу барысындағы қалдықтардың қауіпті қасиеттерінің деңгейін біртіндеп азайтуға бағытталған белгіленген көрсеткіштерге жету болып табылады.

      Бағдарламаның міндеті барынша тиімді және экономикалық негізделген әдістермен, жоспарланған кезең шеңберінде қолжетімді жұмыс көлемдерін (кезеңдерін) болжай отырып, мақсатқа қол жеткізу жолдарын анықтау болып табылады.

      Міндеттер:

      кәсіпорындарға қалдықтарды залалсыздандыру, қайта пайдалану және өңдеу бойынша әлемде бар ең озық қолжетімді технологияларды енгізуді;

      қалдықтарды өңдеуге және қайта пайдалануға инвестицияларды тартуды;

      көму полигондарына әкететін қалдықтар көлемін азайтуды;

      қалдықтарды көму орындарын қалпына келтіруді, полигондардың қоршаған ортаға кері әсерін азайтуды ескере отырып, түзілетін және жинақталған қалдықтардың көлемін азайтуға бағытталған;

      3) бағдарлама көрсеткіштері - бұл белгілі бір кезеңдерде өндіріс және тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға кері әсерін төмендетуге бағытталған шаралар кешенін іске асырудан күтілетін нәтижелерді анықтайтын сандық және (немесе) сапалық мәндер.

      Көрсеткіштерді жеке және заңды тұлғалар барлық өндірістік факторларды, экологиялық тиімділікті және экономикалық мақсатқа сәйкестігін ескере отырып, дербес анықтайды. Көрсеткіштер бақыланатын және тексерілетін болып табылады, бағдарламаны іске асыру кезеңдері бойынша анықталады;

      4) ұйымдардың өз қаражаты, тікелей шетелдік және отандық инвестициялар, халықаралық қаржылық экономикалық ұйымдардың немесе донор елдердің гранттары, екінші деңгейдегі банктердің кредиттері және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа көздер бағдарламаны қаржыландыру көздері болып табылады;

      5) іс-шаралар жоспары бағдарламаның құрылымдық бөлігі болып табылады және қажетті ресурстарды, жауапты орындаушыларды, аяқталу нысанын және орындалу мерзімдерін көрсетумен бағдарламаның мақсаты мен міндеттеріне жетуге бағытталған ұйымдастырушылық, экономикалық, ғылыми-техникалық және басқа да іс-шаралар кешені болып табылады.

      Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірленеді.

  Қалдықтарды басқару бағдарламасын
әзірлеу қағидаларына
қосымша

      Нысан

Қалдықтарды басқару бағдарламасын іске асыру жөніндегі
іс-шаралар жоспары (кезең)

р/с №

Іс-шаралар

Көрсеткіш (сандық/сапалық)

Аяқталу нысаны

Жауапты орындаушылар

Орындау мерзімі

Болжанған шығыстар

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

8










      Ескертпе:

      2-бағанда қалдықтардың көлемін азайтуға қауіпті қасиеттерін төмендетуге бағытталған іс-шаралар, оның ішінде қалдықтарды қайта пайдалану, өңдеу, кәдеге жарату, көму, залалсыздандыру, орналастыру орындарын қалпына келтіру, қалдықтарды пайдалануға мүдделі жеке және заңды тұлғаларға беру арқылы оларды жою, оқшаулау сияқты қалдықтардың қоршаған ортаға кері әсерлерін қысқарту тәсілдері көрсетіледі;

      3-бағанда болжамдалған өлшем бірлігінде берілген сандық немесе сапалық көрсеткіштер (қалдықтарды азайтудың және (немесе) олардың қауіптілік деңгейінің физикалық көлемдері және (немесе) %) көрсетіледі;

      4-бағанда іс-шаралардың аяқталу нысаны көрсетіледі;

      5-бағанда әрбір іс-шараны орындауға жауаптылар көрсетіледі;

      6-бағанда әрбір іс-шараның орындалу мерзімі көрсетіледі;

      7-бағанда әрбір іс-шараны іске асыру үшін бөлінетін болжанған қаржылай шығыстар көлемі көрсетіледі;

      8-бағанда іс-шаралардың қаржыландыру көздері көрсетіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады