Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Экономика министрінің 2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 150 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 қаңтарда № 10110 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 22 мамырдағы № 42 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.05.2020 № 42 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) бұйрығымен.

      "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 7-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті (С.М. Жұманғарин) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың "Әділет" ақпараттық құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика бірінші вице-министрі М.Ә. Құсайыновқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2014 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 150 бұйрығымен
бекітілген

Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп
көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну
жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл
сайынғы есепті өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар "Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы" 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар және өзге де мүдделі тұлғалар алдында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополиялар субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есепті өткізу тәртібін белгілейді.

      Осы Қағидалар қуаттылығы аз табиғи монополиялар субъектілеріне қолданылмайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидалардың мақсаты тұтынушылар құқығын қорғау жүйесін күшейту, тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға табиғи монополиялар субъектілері қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Тұтынушыларға және өзге де мүдделі тұлғаларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі табиғи монополия субъектісінің қызметі туралы жыл сайынғы есеп (бұдан әрі - жыл сайынғы есеп) тыңдау нысанында өткізіледі.

      4. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) уәкілетті орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетін нарықтарда басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) уәкілетті органның ведомствосы - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті.

      Осы Қағидаларда пайдаланылатын өзге анықтамалар мен терминдер табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мәндерде қолданылады.

      5. Жыл сайынғы есептерді өткізу қағидаттары:

      1) жариялылық;

      2) табиғи монополия субъектілері қызметінің ашықтығы;

      3) тұтынушылар мен табиғи монополиялар субъектілері мүдделерінің теңгерімін сақтау.

      6. Жыл сайынғы есеп бойынша алда болатын тыңдау туралы хабарландыруды Табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі аптасына кемінде үш рет шығатын мерзімді баспасөз басылымында, ал Табиғи монополиялар субъектілерінің Мемлекеттік тіркелімінің республикалық бөліміне енгізілген табиғи монополия субъектісі аптасына кемінде үш рет шығатын және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таралатын мерзімді баспасөз басылымында он бес жұмыс күнінен кешіктірмей жариялайды және ол:

      1) табиғи монополия субъектісінің атауы мен орналасқан жерін;

      2) жыл сайынғы есепті өткізу күні мен орнын;

      3) реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) түрін қамтиды.

      7. Табиғи монополия субъектісі жыл сайынғы есепті өткізгенге дейін бір ай бұрын уәкілетті органның ведомствосын хабардар етеді.

      8. Жыл сайынғы есеп бойынша алдағы уақытта болатын тыңдау туралы хабарландыруды жариялағаннан кейін табиғи монополия субъектісі жыл сайынғы есеп бойынша тыңдауды өткізгенге дейін бес жұмыс күні бұрын Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген ақпаратты, сондай-ақ Қағидалардың 13-тармағының әрбір тармақшасы бойынша негіздемелерді өзінің интернет-ресурсында орналастырады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Табиғи монополия субъектісі табиғи монополия субъектісінің жыл сайынғы есебін тыңдауға қатысуға тілек білдіргендердің барлығының тыңдау өтетін орынға кіруін қамтамасыз етеді. Тыңдау рұқсаттамалық және басқа да арнайы режимі бар ғимараттарда өткізілген жағдайда, табиғи монополия субъектісі хабарландыруда тыңдаушылардың тізімін алдын ала қалыптастырылатыны, оның мерзімі тыңдау өткізілгенге дейін 24 сағат бұрын аяқталатыны туралы көрсетеді. Егер есеп демалыс күнінен кейінгі жұмыс күнінде өткізілетін болса, онда есеп күннің екінші жартысында жүргізіледі, ал тыңдаушылар тізімін қалыптастыру тыңдау өтетін күні жұмыс күнінің бірінші жартысында сағат 12.00-ге дейін аяқталуы керек.

2. Жыл сайынғы есепті өткізу тәртібі

      10. Жыл сайынғы есепті тыңдауды табиғи монополия субъектісі өзі белгілеген үй-жайда өткізеді. Табиғи монополия субъектісі тыңдауды есептіден кейінгі жылдың 1 мамырына дейін өткізеді.

      11. Жыл сайынғы есепті өткізу үшін табиғи монополия субъектісі басшыларының ішінен тыңдаудың Төрағасы тағайындалады. Тыңдаудың Төрағасы табиғи монополия субъектісі қызметкерлерінің ішінен хаттама жүргізетін хатшыны тағайындайды.

      12. Төраға тағайындалған уақытта тыңдауды ашады, оның мақсатын және күн тәртібін жариялайды.

      13. Табиғи монополия субъектісінің сөйлейтін сөзі мынадай:

      1) инвестициялық бағдарламалардың және (немесе) инвестициялық жобалардың, оның ішінде уәкілетті органның ведомствосы бекіткендердің орындалуы туралы;

      2) табиғи монополия субъектісі қызметінің есепті кезеңдегі негізгі қаржы-экономикалық көрсеткіштері туралы;

      3) ұсынылған реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) есепті кезеңдегі көлемдері туралы;

      4) реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) тұтынушылармен жүргізілетін жұмыс туралы;

      5) уәкілетті орган бекіткен тарифтік сметаның әрбір бап бойынша есепті кезеңде орындалуы туралы;

      6) қызметтің перспективасы (даму жоспарлары), оның ішінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің (тауарлардың, жұмыстардың) тарифтері туралы ақпаратты қамтиды.

      Табиғи монополия субъектісінің есебі Қағидалардың осы тармағының 1)-6) тармақшаларында көзделген ақпарат бойынша негіздемелерді қамтиды.

      Өз сөзінде табиғи монополия субъектісі тұтынушыларға реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсынудың сапасы жөнінде егжей-тегжейлі түсіндірме береді.

      Тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалардың алдында есеп беретін табиғи монополия субъектісінің атынан бірінші басшы не бірінші басшының міндеті атқару жүктелген адам сөз сөйлейді.

      Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Тыңдауға қатысушылар қаралып отырған мәселелер бойынша өздерінің пікірлерін айта алады, сөз сөйлеушілерге сұрақтар қоя алады, өздерінің сөздерінде көмекші материалдарды (плакаттарды, кестелерді және басқа да) пайдалана алады және хаттамаға жазбаша түрдегі сөзін қоса бере алады.

      15. Тыңдауға қатысушының жазбаша түрде білдірген пікірі жеке немесе заңды тұлғаның ресми тұлғаға берген өтінішіне теңестіріледі және міндетті түрде тыңдау хаттамасына енгізуге, одан әрі табиғи монополия субъектісінің қарауына және тиісті шаралар қолдануға жатады. Өтінішті қарау нәтижелері бойынша табиғи монополия субъектісі тыңдауға қатысушыны нәтижелері және қабылданған шаралар туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2015 № 637 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Тыңдауды өткізу кезінде тәртіп бұзған тұлғаға тыңдау Төрағасы ескерту жасайды.

      17. Тыңдаудың Төрағасы қорытынды шығарады және тыңдауды жабады.

      18. Тыңдауды өткізу барысында хаттама жасалады. Хаттама осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген ақпаратты, сондай-ақ тыңдаудың басталатын және аяқталатын уақыты, сөз сөйлегендердің тегі және аты-жөні туралы мәліметті және сөйлеген сөздерінің қысқаша мазмұнын қамтуға тиіс. Барлық хаттамалар нөмірленеді және жеке папкаға тігіледі.

      19. Тыңдау хаттамасының көшірмесі тыңдау өткізілгеннен кейін үш күн ішінде уәкілетті органның ведомствосына ұсынылады.

      20. Тыңдаудың хаттамасы тыңдау өткізілген күннен бастап үш жыл бойы (тарифтің шекті деңгейін қолдану кезеңінде) тыңдауды өткізген табиғи монополия субъектісінің мұрағатында сақталады.

      Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      21. Табиғи монополия субъектісі тұтынушылардың және өзге де мүдделі тұлғалардың алдында есеп өткізген сәттен бастап күнтізбелік бес күннен кешіктірмей бұқаралық ақпарат құралдарында және өзінің интернет-ресурсында не уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында реттеліп көрсетілетін қызметтерді (тауарларды, жұмыстарды) ұсыну жөніндегі қызмет туралы жыл сайынғы есепті негіздемелерімен орналастырады.

      Егер табиғи монополия субъектісі қызмет туралы есепті негіздемелерімен уәкілетті орган ведомствосының интернет-ресурсында жариялауға жіберген жағдайда, онда жыл сайынғы есепті уәкілетті органның ведомствосы ол түскен сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде орналастырады.

      Ескерту. 21-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 24.07.2015 № 567 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады