Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарын айқындау және пайдалану режимінің қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 156 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 қаңтарда № 10171 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі № 86 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 14.04.2020 № 86 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Заңының 19-бабының

      13) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтарын айқындау және пайдалану режимінің қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдауын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі Ғ. Ахмедьяровқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғаш рет ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр

А. Мұхамедиұлы


  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрінің
2014 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 156 бұйрығымен
бекітілген

Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс
салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғат ландшафты
аймақтарын айқындау және пайдалану режимінің қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау және оларды пайдалану режимінің қағидалары тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймақтарын, құрылыс салуды реттеу аймақтарын және қорғалатын табиғи ландшафт аймақтарын айқындау және пайдалану режимінінің тәртібін белгілейді.

      2. Тарих және мәдениет ескерткіші деп танылған және Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген тарихи-мәдени мұра объектілерінің (бұдан әрі – тарихи-мәдени мұра объектілері) қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау аймақтары, құрылыс салуды реттеу аймақтары және қорғалатын табиғат ландшафты аймақтары белгіленеді.

2. Тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағын айқындау
және пайдалану режимінің тәртібі

      3. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 36-бабы 2-тармағына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғау аймағының шекарасын тиісті жергілікті атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органдары бекітеді.

      4. Сәулет және қала құрылысы ескерткіші жерден оның ең биік нүктесіне дейінгі арақашықтық көлеміне тең, бірақ 20 метрден кем болмайтын қорғау аймағымен қоршалады.

      5. Археологиялық ескерткіш оның шекарасынан, топталған ескерткіштерде – шеткі орналасқан тарихи-мәдени мұра объектінің сыртқы шекарасынан 50 метр болатын қорғау аймағымен қоршалады. Археология ескерткіштері үшін радиусы оның ортасынан 200 метрге тең көзбен шолуға болатын қорғау аймағы қамтамасыз етіледі.

      6. Тарихи-мәдени мұра объектісінің айналасындағы қорғау аймағы қорғау белгілерімен немесе жыртылған жермен немесе қоршаулармен не олардың шекара сызықтарының бойына бұталар отырғызу арқылы белгіленеді.

      Тарихи-мәдени мұра объектілерінің төрт жағынан объектінің атауы, оның қорғау аймағының ауданы көрсетілген қорғау белгілері орнатылады.

      7. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 36-бабы 2-тармағына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерінің қорғау аймағы тиісті жердің тарих және мәдениет ескерткіштері мен жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің орналасуы тіркелетін тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.

      8. Қорғау аймағы:

      1) тарихи-мәдени мұра объектілері және оның аумағына жапсарлас тарихи қалыптасқан ортаның сақталуын қамтамасыз ету үшін;

      2) тарихи-мәдени мұра объектісінің тарихи, ғылыми, көркемдік немесе өзге де мәдени құндылықтарын анықтауға ықпал ететін жағдай жасау үшін белгіленеді.

      Қорғау аймағының аумағында тарихи-мәдени мұра объектісінің сақталуына, оның тарихи-мәдени қабылдануына теріс әсерін тигізетін жұмыстар жүргізілмейді.

3. Тарихи-мәдени мұра объектісінің құрылыс салуды реттеу
аймағын және қорғалатын табиғат ландшафты аймағын айқындау
және пайдалану режимінің тәртібі

      9. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 36-бабы 2-тармағына сәйкес тарихи-мәдени мұра объектілерінің құрылыс салуды реттеу аймағы мен қорғалатын табиғи ландшафт аймағының шекараларын тиісті жергілікті атқарушы органдардың ұсынуы бойынша облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті өкілді органдары бекітеді.

      10. Тарихи-мәдени мұра объектісінің құрылыс салуды реттеу аймағы қорғау аймақтарының көлеміне екі есе тең мөлшерде бекітіледі. Құрылыс салуды реттеу аймағы қорғау аймағының шетінен бастап өлшенеді.

      11. Тарихи-мәдени мұра объектісінің қорғалатын табиғи ландшафт аймағының көлемі құрылыс салуды реттеу аймағына тең мөлшерде белгіленеді. Қорғалатын табиғи ландшафт аймағы құрылыс салуды реттеу аймағының шетінен бастап өлшенеді.

      12. Тарихи-мәдени мұра объектісінің құрылыс салуды реттеу аймағы және қорғалатын табиғи ландшафт аймағы тиісті жердің тарих және мәдениет ескерткіштері мен жаңадан анықталған тарихи-мәдени мұра объектілерінің орналасуы тіркелетін тарихи-сәулет тірек жоспарына және карта-схемасына енгізіледі.

      13. Құрылыс салуды реттеу аймағы тарихи-мәдени мұра объектілерінің қалаларды, елді мекендерді, табиғат көріністерін жоспарлаудың және салудың тарихи қалыптасқан жүйесіндегі кеңістіктік, композициялық рөлін сақтау үшін, тарихи-мәдени мұра объектілерінің қазіргі заманғы қала құрылысы немесе табиғи ортамен үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін белгіленеді.

      "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңының 18-бабы 6-тармақшасына сәйкес қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекiту кезiнде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану жөніндегі уәкiлеттi органмен келiсе отырып, барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз етедi.

      14. Қорғалатын табиғи ландшафт аймағы тарихи, сәулет-көркемдік немесе өзге де мәдени құндылығы бар табиғи және жасанды ландшафтардың, баулардың, саябақтардың сақталуын қамтамасыз ету үшін белгіленеді.

      Қорғалатын табиғат ландшафт аймағының аумағында ландшафтың, сумен қамту жүйесінің, өсімдіктердің және басқа да аймақ режимінде көзделген элементтердің сипатын өзгертпейтін қызметке рұқсат етіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады