"Автомобиль көлігіндегі көліктік-экспедиторлық агенттіктердің қызметі" кәсіби стандартын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 316 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 4 наурызда № 10383 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2016 жылғы 25 ақпандағы № 224 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 25.02.2016 № 224 бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Автомобиль көлігіндегі көліктік-экспедиторлық агенттіктердің қызметі» кәсіби стандарты бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;
      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму
      министрінің міндетін атқарушы              Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау және
      әлеуметтік даму министрі
      ______________Т. Дүйсенова
      2015 жылғы 21 қаңтар

Қазақстан Республикасы   
инвестициялар және даму  
министрі міндетін атқарушының
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 316 бұйрығымен бекітілген

«Автомобиль көлігіндегі көліктік-экспедиторлық агенттіктердің қызметі» кәсіби стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Автомобиль көлігіндегі көліктік-экспедиторлық агенттіктердің қызметі» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындағы персоналды оқыту үшін білім беру мен мекемелердегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған.
      2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады:
      1) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі;
      2) біліктілік анықтамалығы – басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы.
      3) біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместгін, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзіреттілігінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы;
      4) ұлттық біліктілік шеңбері – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      5) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарық жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы;
      6) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау;
      7) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы;
      8) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын және білі туралы тиісті құжаттармен расталатын нақты білімін, шеберлігін және практикалық дағдыларын талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі;
      9) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттіліктерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы;
      10) кәсіби стандарт – еңбектің біліктілік, құзіреттілік, мазмұндық, сапалық және шарттық деңгейлеріндегі нақты саладағы кәсіби қызметті анықтайтын стандарт;
      11) кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы;
      12) сала – шығаратын өнімдерінің, өндіріс технологияларының, негізгі қорларының және жұмыс істеушілердің кәсіби машықтарының ортақтастығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы.
      3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар пайдаланылады:
      1) ҰБШ - ұлттық біліктілік шеңбері;
      2) ҰБЖ - ұлттық біліктілік жүйесі;
      3) СБШ - салалық біліктілік шеңбері;
      4) КҚС - кәсіптік қызмет саласы;
      5) БА - біліктілік анықтамалығы.

2. Кәсіби стандарттың паспорты

      4. Кәсіби стандарттың атауы: Автомобиль көлігіндегі көліктік-экспедиторлық агенттіктердің қызметі.
      5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: кәсіби стандарттың мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды сәйкестендіру және бекіту, автокөлік құралын техникалық пайдалануды ұйымдастыру аясында мамандарға қойылатын біліктілік деңгейінің нақты өлшемдерін айқындау.
      6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: кәсіпорындарға, ұйымдарға және халыққа көліктік-экспедициялық қызмет көрсету.
      7. Негізгі топ: көлік
      Кәсіби топ: тасымалдау жөніндегі қызмет

3. Кәсіптер карточкалары

      8. Кәсіптер тізбесі:
      көліктік-экспедициялық қызмет саласындағы маман, СБШ бойынша 4 біліктілік деңгейі;
      логистика жөніндегі маман, СБШ бойынша 5 біліктілік деңгейі.
      Кәсіптер карточкалары осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген.

«Автомобиль көлігіндегі
көліктік-экспедиторлық
агенттіктердің қызметі»
кәсіби стандартына  
қосымша        

Кәсіптер карточкалары

«Көліктік-экспедициялық қызмет саласындағы маман» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ

Кәсіп коды

4221

Кәсіп атауы

Көліктік-экспедициялық қызмет саласындағы маман

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

4

БА бойынша біліктілік деңгейі

4

Кәсіби білім деңгейі

Тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім

Еңбек функциялары

1. Мекемелерге және тұрғындарға көліктік-экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

1 еңбек функциясы

Мекемелерге және тұрғындарға көліктік-экспедициялық қызмет көрсетуді ұйымдастыру

Шеберлігі мен дағдылары:
1. Теміржол станцияларынан, порттардан, айлақтардан және әуежайлардан жүктерді орталықтандырылған тиеу-түсіру, сондай-ақ жүкті алушы және жүкті беруші кәсіпорындарға, ұйымдарға және мекемелерге көліктік-экспедициялық қызмет көрсету бойынша белгіленген жоспарлар мен тапсырмаларды орындауды бақылау.
2. Жүктерді орталықтандырылған тиеу-түсіру, кәсіпорынға, ұйымға және тұрғындарға көліктік-экспедициялық қызмет көрсету және оларды автокөлік кәсіпорындарына жеткізу бойынша бақылау сандарын әзірлеу мен келісуге қатысу дағдысы.
3. Жүкті тасымалдаудың сипатын, көлемдерін және бағыттарын талдау.
4. Жүктерді тиеу-түсіру және өңдеу орындарының техникалық жабдықталу деңгейін оқу, тиеу-түсіру процесін координациялау.
5. Теміржол станцияларынан, порттардан, айлақтардан және әуежайлардан автомобиль көлігі арқылы жүктерді дер кезінде кіргізуді-шығаруды қамтамасыз ету үшін бағытталған іс-шараларды әзірлеу. Ілеспе құжаттарға сәйкес атауы, салмағы және саны бойынша тауар-материалдық құндылықтарды рәсімдеу.
6. Тарифтерді дұрыс қолдануды бақылау.
7. Қолда бар сатандарттарға, нұсқауларға және нормативтік құжаттарға сәйкес құжаттарды рәсімдеу.
8. Құжаттарды курьерлік немесе жедел-почтаның көмегімен беру процедурасын жүзеге асыру.
9. Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету бойынша арыздарды қарау, олардың туындау себептерін талдау және жою.
10. Көлік-ілеспе құжаттардың рәсімделуін реттейтін ішкі құжаттард әзірлеу.
11. Тасымалданатын жүктердің сақталуын қаржылық тәртіпті пен шаруашылық есептеуді нығайтуды, көліктік-экспедициялық қызметтердің желісін кеңейту, қызмет көрсетудің мәдениетін жоғарлату бойынша іс-шараларды әзірлеу.
12. Көрсетілетін қызмет үшін түскен түсімнің уақытысында инкассалуын қадағалай білу.


Білімі:
1. «Қазақстан Республикасының Қауіпті жүктердің халықаралық жол тасымалы туралы еуропалық келісімге қосылуы туралы» 2001 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңы.
2. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-5) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін Қазақстан Республикасының автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері.
3. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-6) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы және басқа да көліктік-экспедициялық қызметке қатысты ұлттық және халықаралық заңнамалық құжаттар, үкімет аралық келісімдер.
4. Жүктерді тасымалдауға арналған тарифтер, оларды қолдану ережесі және қызметтерге арналған баға анықтамалығы.
5. Тұрғындар мен ұйымдарға көліктік-экспедициялық қызметтерді көрсету бойынша көліктік-ілеспе, көліктік-экспедициялық, сақтандыру және талап құжаттарын рәсімдеу қағидас мен тәртібі.
6. Курьерлік қызмет пен жедел-почта қызметтерін көрсету қағидасы.
7. Диспетчерлер арқылы автобустардың жұмыс картасын, нысандарын және тасымалдау бойынша ілеспе құжаттарды толтыру қағидасының регламенті.
8. Бекітілген есептілікті есепке алу және жүргізу бойынша нұсқаулық.
9. Ішкі еңбек тіртібінің қағидасы, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының негіздері.
10. Еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидалары мен нормалары.
11. Қажетті бағдарламаларды қолдана отырып жеке компьютерде жұмыс істеу негіздері, оның шінде Microsoft Word, Excel, Outlook, желілік орта, факсимильді және көшіргіш техника

Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар

Жаксы зейін. Кең ой-өріс

СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы

3422

Экспедитор;
Жүктерді тасымалдау жөніндегі экспедитор

«Логистика жөніндегі маман» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ

Кәсіп коды

-

Кәсіп атауы

Логистика жөніндегі маман

СБШ бойынша біліктілік деңгейі

5

БА бойынша біліктілік деңгейі

4

Кәсіби білім деңгейі

Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білім

Еңбек функциялары

1. Жүктер мен жолаушыларды тасымалдау бойынша логистикалық қызметті ұйымдастыру.

1 еңбек функциясы

Жүктер мен жолаушыларды тасымалдау бойынша логистикалық қызметті ұйымдастыру.

Шеберлігі мен дағдылары:
1. Республикалық және халықаралық бағыттардағы жолаушылар мен жүкті тасымалдауды орындау кезіндегі арақашықтықты дұрыс анықтау бағыттық желісіндегі сызбаны әзірлеу және бақылау.
2. Жүктер мен жолаушыларды тасымалдау құнын есептеу;
3. Оңтайлы шығындар кезінде және қысқа мерзім ішінде жөнелту бекетінен жету бекетіне дейінгі жүктерді (жолаушыларды) тасымалдаудың оңтайлы сызбасын әзірлеу Тасымалданатын жүктердің классын, және қауіптілік деңгейін анықтау.
4. Жүк-жолаушы ағымының сараптамасы және автокөлік қозғалысының шарттары мен тәртібі
5. Логистикалық принціптер негізінде жүктер мен жолаушыларды жеткізу сызбасының ең тиімді тәсілдерін таңдау.
6. Тасымалдау процесін реттейтін көліктік-ілеспелі және көліктік-экспедициялық құжаттарды рәсімдеу дағдылары.
7. Барлық шарттық міндеттемелер бойынша, технико-эксплуатациялық және экономикалық көрсеткіштер бойынша тасымалдау жоспарын орындау бойынша іс-шараларды әзірлеу және енгізу.
8. Қолданыстағы заңнаманы қолдана білу, оның ішінде талаптық істер туындағында.
9. Логистикалық қызмет көрсету аясындағы клиенттік сервисті талдау және оны жақсарту үшін іс-шараларды әзәрлеу.
10. Логистикалық тәуелділіктерді бағалау және оларды басқарудағы әдістері мен құрал-саймандарды таңдау.


Білімі:
1. «Қазақстан Республикасының Қауіпті жүктердің халықаралық жол тасымалы туралы еуропалық келісімге қосылуы туралы» 2001 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңы.
2. «1956 жылғы Халықаралық жүк тасымалдау шарты туралы Конвенцияға (ЖТШК) Қазақстан Республикасының қосылуы туралы» 1995 жылғы 12 мамырдағы № 2271 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
3. «1975 жылғы Қазақстан Республикасының ХЖТ кітапшасын қолдана отырып халықаралық жүк тасымалдау туралы Кеден Конвенциясына (ХЖТ Конвенциясы) қосылуы туралы» 1995 жылғы 12 мамырдан № 2275 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы.
4. «Қазақстан Республикасының 1970 жылғы Халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыратын көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Европа Келiсiмiне қатысуы туралы» 1995 жылғы 12 мамырдағы № 2272 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
5. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-11) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасы
6. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-7) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін қауіпті жүктерді тасымалдау қағидасы.
7. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-5) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автомобиль жолдары бойынша жүруге арналған автокөлік құралдарының рұқсат етілген параметрлері.
8. Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-11) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы.
9. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-9) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдау қағидасы.
10. Автомобиль тасымалдары саласында Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерімен жасаған екіжақтық және көпжақтық келісімдері.
11. Көлік логистикасының, оның ішінде логистикалық процесті басқару негіздері.
12. Логистикадағы жоспарлау мен бағдарлаудың принціптері.
13. Қазақстан Республикасындағы және шет елдердегі негізгі тасымалдар бойынша қолданыстағы тарифтік жүйелер.
14. Курьерлік қызмет пен жедел-почта қызметтерін көрсету қағидасы.
15. Қаржылық, тауар жөнелтпе құдаттың, көлік-экспедиторлық, көліктік-экспедиторлық, көліктік, кедендік, сақтандыру және талаптық құжаттарды рәсімдеу тәртібі.
16. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария мен өрт қауіпсіздігі қорғанысының қағидалары мен нормалары.
17. Процестік басқарудың негіздері.
18. Тасымалдау кезінде қолданатын әртүрлі көлік түрлерінің қозғылыс құрамының типтері мен параметрлері (жүк көтергіштігі, жүк сыйымдылығы, жүк бөлімінің габариттік өлшемдері).
19. Тасымалды басқарудағы қазіргі заманғы ақпараттық технологиялары
20. Шетел тіліндегі кәсіби терминология (INCOTERMS, EDI)
21. Көліктік-логистикалық қызметтің негізгі құқықтары.
22. Жүктер мен жолаушыларды жеткізуді көліктік-логистикалық сызбалардың амалдары, тәсілдері және оңтайландыру әдістері.
23. Тәуекел-менеджментінің негіздері, логистикалық тәуекелдердің жіктелуі
24. Логистикалық тәуелділіктердің түрлері, риск-менеджменттің негіздері.

Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар

Қызметті жүйелендіру.
Ақпарат жеткіліксіз болған жағдайында жұмыс істей алу.
Жағдайдың өзгергендіген жеңіл қарау

СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы

3411

Логистик

Кәсіби стандарттың техникалық деректері

Әзерленген

«Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Нұсқа номері мен шыққан жылы

1 нұсқа, 2014 жыл

Болжамды қайта қарау мерзімі

2017 жыл

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады