"2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 158-2106 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 158-638 қаулысы. Астана қаласының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда № 813 болып тіркелді. Күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 158-2200 қаулысымен.

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 158-2200 (қолданысқа енгізілу тәртібін 8-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 158-2106 қаулысына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 798 болып тіркелген, 2013 жылғы 27 желтоқсандағы № 147 «Астана ақшамы», 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 154 «Вечерняя Астана» газеттерінде жарияланған) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес реттік нөмірлері 166, 167, 168, 169, 170, 171, 172, 173, 174, 175, 176, 177, 178, 179, 180, 181, 182, 183 - жолдармен толықтырылсын.
      2. «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен оны ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялауды жүргізсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары А.Ғ. Балаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Әкім                                       И. Тасмағамбетов

Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 18 сәуірдегі 
№ 158-638 қаулысына   
қосымша          

2014 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар
ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі

Р/с №

Кәсіпорындардың, ұйымдардың атауы

Жұмыстардың түрлері

Көлемі мен нақты жағдайлары

2014 жыл

сұраныс

ұсыныс

1

2

3

4

5

6

166.

«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы

Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету.
Әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуде көмек көрсету

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттық жұмыс күні

2

2

167.

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Астана қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаменті» ММ

Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету.

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттық жұмыс күні

10

10

168.

«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті» ММ

4

4

169.

«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» ММ

1

1

170.

«Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ

10

10

171.

«Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ

6

6

172.

«Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ

5

5

173.

«Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы» ҚБ Астана қаласы Есіл аудандық филиалы

Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету.
Әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуде көмек көрсету

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттық жұмыс күні

4

4

174.

«Сауран» ПИК

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ұйымдарына қала аумағын жинастыруға, тұрғын үйдi жөндеуге және қайта жөндеуге қатысуға, аймақты экологиялық сауықтыруға (көгалдандыру және абаттандыру) көмек көрсету және басқалар

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттық жұмыс күні

9

9

175.

«Надежда -1» ҮИК (Ү)

3

3

176.

Астана қаласы әкімдігінің «Зорлық-зомбылық немесе зорлық-зомбылық қаупi салдарынан қиын жағдайға тап болған адамдарға арналған дағдарыс орталығы-баспанасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету. Әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуде көмек көрсету

5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттық жұмыс күні

10

10

177.

«Әйелдер лигасы» ҚБ

10

10

178.

«Астана қаласындағы Қазақстан балалар қоры» ҚҚ

8

8

179.

«Құқық» ҚҚ

1

1

180.

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық «Нұр» филиалы

25

10

181.

Астана қаласындағы «Қазақстанның патриоттық жастар одағы» жастар бірлестігінің республикалық қоғамдық филиалы

30

10

182.

«Жақсылық әлемі» ЖҚ

Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету. Әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуде көмек көрсету


10

10

183.

«Қорғау-Астана» ЖҚ

1

1

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ММ – мемлекеттік мекемесі
      ПИК – пәтер иелерінің кооперативі
      ПИК (Ү) – пәтер және үй-жайлар иелері кооперативі
      ҚБ – қоғамдық бірлестік
      ҚҚ – қоғамдық қор
      ЖҚ – жеке қор

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады