Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 28.12.2015 № 158-2402 (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 7-бабының 5) тармақшасына, 20-бабының 1-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес, халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мемлекеттік кепілдік беру жүйесін кеңейту мақсатында Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2015 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тиісті қаржылық жылға осы мақсаттарға бөлінген қаражат шегінде әлеуметтік-пайдалы бағыты бар және жұмыскерлердің алдын ала кәсіптік дайындығын талап етпейтін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға «Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – Басқарма) өтінімдер берген ұйымдар мен кәсіпорындар Тізбеге енгізуге жатады.
2. «Алматы», «Есіл», «Сарыарқа» аудандарының әкімдері Басқармамен бірлесіп 2015 жылы қолайлы жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырсын.
3. Ақылы қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты:
өтініш берген жұмыс орындары қажеттілігі санында – 3310 адамға;
бекітілген жұмыс орындары қажеттілігі санында – 1375 адамға белгілесін.
4. Ақылы қоғамдық жұмыстармен қамтылатын жұмыссыздарға еңбекақы төлемі Астана қаласының 2015 жылға арналған бюджетінде қарастырылған қаражат шегінде ең төменгі еңбекақыдан екіден артық емес көлемінде нақты орындалған жұмыс көлемі үшін жергілікті бюджет қаражатынан жүргізілсін.
Ұйымдар мен кәсіпорындар атқарылған жұмыстың санына, сапасы мен күрделілігіне байланысты өз қаражаты есебінен жұмыссыздарға нақты атқарылған жұмысқа қосымша үстемеақы белгілеуге құқылы.
5. Басқарма:
халықты, сондай-ақ қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарын қоғамдық жұмыстардың ұйымдастырылуы, өткізілуі және олардың төлем тәртібі туралы хабардар етуді қамтамасыз етсін;
осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен ресми және мерзiмдi баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында жариялануын жүргізсін.
6. Астана қаласы әкімдігінің:
«2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 158-2106 (Нормативтiк-құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2013 жылғы 27 желтоқсанда № 798 болып тiркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 154 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2013 жылғы 28 желтоқсандағы № 147 нөмірінде жарияланған);
«2014 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 158-2106 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 158-638 (Нормативтiк-құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2014 жылғы 20 мамырда № 813 болып тiркелген, «Астана ақшамы» газетінің 2014 жылғы 24 мамырдағы № 56 нөмірінде, «Вечерняя Астана» газетінің 2014 жылғы 24 мамырдағы № 55 нөмірінде жарияланған) қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
7. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Ә. Аманшаевқа жүктелсін.
8. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Әкiм Ә. Жақсыбеков
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 158-2200 қаулысына
қосымша
2015 жылы жұмыссыздар үшін ақылы қоғамдық жұмыстар
ұйымдастырылатын кәсіпорындар мен ұйымдардың
Ескерту. Тізбеге өзгерістер енгізілді - Астана қаласы әкімдігінің 20.07.2015 № 158-1209 қаулысымен.
Р/с № |
Кәсіпорындардың, ұйымдардың атауы |
Жұмыс түрлері |
Көлемі мен нақты жағдайлары |
Қаржыландыру көзі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1 |
«Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы Алматы аудандық филиалы |
Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету. |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
2 |
«Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана калалық филиалы |
|||
3 |
Астана қаласының «Қазақ соқырлар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің қалалық басқармасының филиалы |
Әртүрлi құжаттарды және басқаларды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
4 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Зейнетақы төлеу жөніндегі орталығы» РМҚК Астана қалалық филиалы |
|||
5 |
«Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Қалалық жылжымайтын мүлік» МКК |
|||
6 |
«Астана қаласының Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Астана қаласы Коммуналдық меншік қоры» МКК |
Саябақ аумағын және басқаларды абатттандыру және экологиялық тазартуға қатысу |
||
7 |
Астана қаласы Білім басқармасының «Гуманитарлық колледжі» МКҚК |
Әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету |
||
8 |
Астана қаласы әкімдігінің «ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» МКҚК |
Инъекциялық есiрткi құралдарын тұтынушылар арасында алдын алу жұмыстарын жүргiзуге көмек көрсету |
||
9 |
Астана қаласы әкімдігінің «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» МКҚК |
Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету. |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
10 |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 23 «Алтын бесік» балабақшасы» МКҚК |
|||
11 |
Астана қаласы Білім басқармасының «Астана қаласының № 65 мектеп гимназиясы» ММ |
|||
12 |
«Астана қаласы әкімінің аппараты» ММ |
Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
|
13 |
«Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің аппараты» ММ |
|||
14 |
«Астана қаласы «Есіл» ауданы әкімінің аппараты» ММ |
|||
15 |
«Астана қаласы «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппараты» ММ |
|||
16 |
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ |
|||
17 |
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің Астана қаласының Ішкі істер департаменті» ММ |
Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету. |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
18 |
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаменті» ММ |
|||
19 |
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша Экология департаменті» РММ |
|||
20 |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ |
|||
21 |
«Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаменті» РММ |
|||
22 |
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Астана қаласының Статистика департаменті» РММ |
|||
23 |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ |
Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету. |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
24 |
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Астана қаласындағы «Олимпиадалық даярлау орталығы» РМҚК |
|||
25 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК |
|||
26 |
«Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті» ММ |
|||
27 |
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті» РММ |
|||
28 |
«Астана қаласы Ішкі істер департаменті «Алматы» ауданының Ішкі істер басқармасы» ММ |
|||
29 |
«Астана қаласы Ішкі істер департаменті «Сарыарқа» ауданының Ішкі істер басқармасы» ММ |
|||
30 |
«Астана қаласының Ішкі істер департаменті «Есіл» ауданының Ішкі істер басқармасы» ММ |
Әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санаттағы деректер қорын жүргізу және сүйемелдеу бойынша техникалық жұмыстарды атқаруға көмек көрсету |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
31 |
«Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ |
|||
32 |
«Астана қаласының Тұрғын үй басқармасы» ММ |
|||
33 |
«Астана қаласының Тұрғын үй инспекциясы басқармасы» ММ |
|||
34 |
«Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ |
|||
35 |
«Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ |
|||
36 |
«Астана қаласының Мәдениет басқармасы» ММ |
|||
37 |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жанындағы «Материалдық-техникалық қамсыздандыру басқармасы» ММ |
|||
38 |
«Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ |
|||
39 |
«Астана қаласының Еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы» ММ |
|||
40 |
«Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ |
|||
41 |
«Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ |
Әлеуметтік қорғауға мұқтаж халықтың әртүрлі санаттағы деректер қорын жүргізу және сүйемелдеу бойынша техникалық жұмыстарды атқаруға көмек көрсету |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
42 |
«Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ |
|||
43 |
«Астана қаласының Жер қатынастары басқармасы» ММ |
|||
44 |
«Астана қаласының Коммуналдық шаруашылық басқармасы» ММ |
|||
45 |
«Астана қаласының Энергетика басқармасы» ММ |
|||
46 |
«Астана қаласының Білім басқармасы» ММ |
|||
47 |
«Астана қаласының Құрылыс басқармасы» ММ |
|||
48 |
«Астана қаласының Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» ММ |
|||
49 |
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті» ММ |
|||
50 |
«Астана қаласының прокуратурасы» ММ |
|||
51 |
«Астана қаласы «Алматы» ауданының прокуратурасы» ММ |
|||
52 |
Астана қаласы «Сарыарқа» ауданының прокуратурасы ММ |
|||
53 |
Астана қаласы «Есіл» ауданының прокуратурасы ММ |
|||
54 |
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы |
Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, халықпен жұмыс істеуге көмек көрсету. Әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
55 |
Астана қаласы әкімдігінің «Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ |
|||
56 |
Астана қаласы әкімдігінің «Жұмыспен қамту орталығы» КММ |
|||
57 |
Астана қаласы әкімдігінің «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ |
|||
58. - 119. |
Алынып тасталды - Астана қаласы әкімдігінің 20.07.2015 № 158-1209 қаулысымен. |
|||
120 |
«Имидж.kz» жастар ҚБ |
Қоғамдық науқандарды, мүгедек-балаларға қайырымдылық іс-шараларды және басқалардыұйымдастыруға және өткiзуге көмек көрсету, қоғамдық пiкiр сұрастыру, әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстар |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
121 |
«SOS Астана балалар ауылы» мемлекеттік емес білім беру мекемесі |
|||
122 |
«Ардагер» ҚБ |
|||
123 |
«Ассоциация Қазақстан әйелдері» ҚБ |
|||
124 |
«ЖасНұр» саңыраулар ассоциациясы» ҚБ |
|||
125 |
«Шамшырақ» соқырлардың ерікті қоғамы» ҚБ |
|||
126 |
«Жас жүрек» ҚБ |
|||
127 |
«Дос» Тәуелсіз өмір» орталығы мүгедектерінің ҚБ |
|||
128 |
«Тұтынушылар лигасы» ҚБ |
|||
129 |
«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» жастар қанаты» ҚБ |
|||
130 |
«Мүгедек жастар қоғамы» ҚБ |
|||
131 |
«Астана қаласының Жастар мәслихаты» ҚБ |
|||
132 |
«Астана қаласының мүгедек балалар қоғамы» ҚБ |
|||
133 |
«Қоғамдық жастар қозғалысы «Қарсы» ҚБ |
|||
134 |
«Астана қаласының әйелдер лигасы» ҚБ |
|||
135 |
«ОкеанАрт» Арт-терапия шығармашылық орталығы» ҚБ |
|||
136 |
«Астана қаласы-балалары бар мүгедек-аналар қоғамы» ҚБ |
|||
137 |
«Тұрғын-үй құқығы» ҚБ |
|||
138 |
«Астана қаласындағы Ауғанстан соғысы мүгедектері мен ардагерлері одағы» ҚБ |
Қоғамдық науқандарды, мүгедек, мүгедек- балалар үшiн қайырымдылық iс-шараларын және т.б. ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
139 |
«Қолдау-бастамаларды қолдау жөніндегі орталық» ҚБ |
|||
140 |
«Тәуелсіздік Территориясы» ҚБ |
|||
141 |
«Астананың жаңа толқыны» ҚБ |
|||
142 |
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті түлектерінің ассоциациясы» ҚБ |
|||
143 |
«АСТ Астана социальных технологий» ҚБ |
|||
144 |
«Әлем әйелдерінің достығы орталығы» ҚБ |
|||
145 |
«НұрӘлемҚазақстан» ҚҚҚ |
|||
146 |
«Ақмола көп балалы отбасылар» ҚБ |
|||
147 |
«Аяла» ҚК |
|||
148 |
«БАЛАМ-АЙ» мүгедек-балаларды қолдау қайырымдылық қоры» ҚК |
|||
149 |
Қайырымдылық ұйым «Мейірімділік-М» ҚК |
|||
150 |
«Ақталушылық технологиялар және тұжырымдамалар» ҚК |
|||
151 |
«Сараптама және инновация орталығы» ҚК |
|||
152 |
«Үнсізәлем» («Безмолвный мир») ҚК |
|||
153 |
«Бірге Бол» ҚК |
|||
154 |
«Қоғамдықты дамыту орталығы» ҚК |
|||
155 |
«Право» ҚК |
|||
156 |
«Аспан арыстаны» қайырымдылық қоры» ҚК |
|||
157 |
«Астана қаласындағы Қазақстанның балалар қоры» ҚК |
Қоғамдық науқандарды, мүгедек, мүгедек-балалар үшiн қайырымдылық iс-шараларын және т.б. ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
158 |
«Астана қаласының Азаматтық Альянсы» ЗТБ |
|||
159 |
«Форум НКО Астаны» ЗТБ |
|||
160 |
«Шанырақ» РҚБ |
|||
161 |
«Ардагерлер ұйымы» РҚБ Есіл аудандық филиалы |
|||
162 |
«Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер Ассоциациясы» Қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы бойынша Филиалы |
|||
163 |
«Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласындағы «Нұр» филиалы |
|||
164 |
Астана қаласындағы «Нұр Отан» партиясы қоғамдық бірлестігінің «Бірлік» филиалы |
|||
165 |
«ЖАН» мүгедектер құқығы жөніндегі азиялық қоғамы» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филиалы |
|||
166 |
«Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы Сарыарқа аудандық филиалы |
|||
167 |
«Центр поддержки НПО-АСТАНА» ЖҚ |
|||
168 |
«Жақсылық Әлемі» жеке қоры |
|||
169 |
«Корғау-Астана» ЖҚ |
|||
170 |
«Болашақ» мүгедектігі бар кәсіпкерлерге жәрдемдесуді ұйымдастыру қоры» ЖҚ |
|||
171 |
«Тұмар Мунай Ресурс» ЖШС |
Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, қоғамдық пiкiр сұрастыру,әртүрлі құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
172 |
«Прима-Пласт» ЖШС |
|||
173 |
«Қазақстан құбыр зауыты» ЖШС |
|||
174 |
«Тауелсіздік-Д» ЖШС |
|||
175 |
«Marden Realty» ЖШС |
|||
176 |
«Damu Industry» ЖШС |
|||
177 |
«Матрешка» ЖШС |
|||
178 |
С.Сейфуллин атындағы «Қазақ агротехникалық университеті» АҚ |
|||
179 |
«LomuanG» ЖШС |
|||
180 |
«Bon Voyage Travel Center» ЖШС |
|||
181 |
«KazTranslation» ЖШС |
|||
182 |
«СК Керемет» ЖШС |
|||
183 |
«Өрлеу Travel» ЖК |
|||
184 |
«Санжар» ЖК |
|||
185 |
«Евразия» ЖК |
|||
186 |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК |
Қоғамдық науқандарды ұйымдастыруға және өткiзуге, қоғамдық пiкiр сұрастыру,әртүрлі құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуде көмек көрсету |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
187 |
«Астана Жастары» КММ |
|||
188 |
«Нұр Отан» партиясы» қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы Есіл аудандық филиалы |
|||
189 |
Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының «Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің әскери басқармасы» ММ |
|||
190 |
«Елордалық жұмыс берушілер одағы» заңды қоғамдық бірлестігі |
|||
191 |
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Астана қаласының Әділет басқармасы» РММ |
|||
192 |
«Жайнар-777» ЖШС |
|||
193 |
«Центр юридических услуг-Астана» ЖҚ |
|||
194 |
«Астана қаласының Тілдерді дамыту басқармасы» ММ |
|||
195 |
«Астана қаласының Мұрағаттар және құжаттамалар басқармасы» ММ |
|||
196. |
«Астана қаласының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы» ММ |
Әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
197. |
«Астана қаласының Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ |
|||
198. |
«Астана қаласының Мемлекеттік сатып алу басқармасы» ММ |
Әртүрлi құжаттарды өңдеу бойынша техникалық жұмыстарды жүргiзуге көмек көрсету |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
199. |
«Астана-жаңа қала» арнайы экономикалық аймағын әкімшілендіру басқармасы» ММ |
|||
200. |
«Астана қаласы бойынша Тексеру коммиссиясы» ММ |
|||
201. |
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) Астана қалалық сотының кеңсесі» ММ |
|||
202. |
«Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасы» ММ |
|||
203. |
«Астана қаласының Сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ |
|||
204. |
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы» ММ |
|||
205. |
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» ММ |
|||
206. |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» ШЖҚ РМК |
|||
207. |
«Қазақ технология және бизнес университеті» АҚ |
|||
208. |
«Академик Ғ.С. Сейткасымов атындағы индустриалды-экономикалық колледжі» жеке меншік білім беру мекемесі |
Қоғамдық науқандарды, мүгедек, мүгедек- балалар үшiн қайырымдылық iс-шараларын және т.б. ұйымдастыруға және өткізуге көмек көрсету |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
209. |
«АСТМА БЭБИ ПЛЮС» ҚҚ |
|||
210. |
«СЕМЕЙ-ЯП» ҚҚ |
|||
211. |
«Көз жанарының қабілетіне байланысты тұлғалардың әлеуметтік және еңбектік оңалту «Нұр» қауымдастығы» заңды тұлғалардың Қауымдастық нысандағы бірлестігі |
|||
212. |
«Бейсенбаева Бибисара Нуртаевна» ЖК |
|||
213. |
«ESP-CENTER» ЖШС |
|||
214. |
Астана қаласы әкімдігінің «№ 69 мектеп-гимназия» КММ |
Аймақты жинастыруға, тұрғын үйді жөндеуге және қайта жөндеуге қатысуға, экологиялық сауықтыруға көмек (көгалдандыру және абаттандыру) көрсету және басқалар |
||
215. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 49 орта мектеп» ММ |
|||
216. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 48 мектеп-лицей» ММ |
|||
217. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 44 орта мектеп» ММ |
|||
218. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 10 мектеп-гимназия» ММ |
|||
219. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 67 гимназия» ММ |
|||
220. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 62 мектеп-лицей» ММ |
|||
221. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 18 орта мектеп» ММ |
Аймақты жинастыруға, тұрғын үйді жөндеуге және қайта жөндеуге қатысуға, экологиялық сауықтыруға көмек (көгалдандыру және абаттандыру) көрсету және басқалар |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
222. |
«Астана қаласы Білім басқармасының «№ 30 мектеп-гимназия» ММ |
|||
223. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 35 мектеп-лицей» ММ |
|||
224. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 43 орта мектеп» ММ |
|||
225. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 19 орта мектеп» ММ |
|||
226. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 39 кешкі (аусымды) мектеп» ММ |
|||
227. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 31 мектеп-гимназия» ММ |
|||
228. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 22 мектеп-гимназия» ММ |
|||
229. |
«Астана қаласы әкімдігінің «№ 29 орта мектеп» КММ |
|||
230. |
Астана қаласы әкімдігінің «Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі» КММ |
|||
231. |
Астана қаласы әкімдігінің «Дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебі» КММ |
|||
232. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 22 «Әлем» балабақшасы» МКҚК |
|||
233. |
«Астана қаласы Білім басқармасының «№ 50 «Жұлдыз» балабақшасы» МКҚК |
Аймақты жинастыруға, тұрғын үйді жөндеуге және қайта жөндеуге қатысуға, экологиялық сауықтыруға көмек (көгалдандыру және абаттандыру) көрсету және басқалар |
5 күндік жұмыс аптасына 8 сағаттан артық емес жұмыс күні |
Жергілікті бюджет |
234. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 44 «Үркер» балабақшасы» МКҚК |
|||
235. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 56 «Береке» балабақшасы» МКҚК |
|||
236. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 26 «Үміт» балабақшасы» МКҚК |
|||
237. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 32 «Балдәурен» балабақшасы» МКҚК |
|||
238. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 14 «Ақбөпе» балабақшасы» МКҚК |
|||
239. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 33 «Алтын дән» балабақшасы» МКҚК |
|||
240. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 9 «Нұршашу» балабақшасы» МКҚК |
|||
241. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 24 «Айналайын» балабақшасы» МКҚК |
|||
242. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 34 «Ақ бидай» балабақшасы» МКҚК |
|||
243. |
Астана қаласы Білім басқармасының «№ 35 «Ертегі» балабақша мектепке дейінгі гимназия» МКҚК |
|||
244. |
«КиМ-Бал» балабақша «Алпамыс» ЖШС |
Ескерту:аббревиатуралардың толық жазылуы:
ММ – Мемлекеттік мекемесі
ШЖҚ МКК – Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
МКҚК – Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
КММ – Коммуналдық мемлекеттік мекеме
ПИК – пәтериелерiнiң кооперативi
ПИК(К) – пәтер және үй-жайлар иелерiнiң кооперативi
ПИК және ТЕҮ – пәтер иелерiнiң кооперативi және тұрғын емес үй-жайлар
ҮИК – үй-жайлар иелерiнiң кооперативi
ҮИК (П) – пәтерлер және үй-жайлар иелерінің кооперативі
ҚБ – Қоғамдық бірлестігі
ҚҚҚ – Қоғамдық қайырымдылық қоры
ҚҚ – Қоғамдық қоры
ЗТБ – Заңды тұлғалар бірлестігі
ШЖҚ РКК – Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық коммуналдық мекемесі
РҚБ – Республикалық қоғамдық бірлестігі
РММ – Республикалық мемлекеттік мекемесі
РМҚК – Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
ЖҚ – Жеке қоры
ЖШС– Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
ЖК – Жеке кәсіпорын
АҚ – Акционерлік қоғамы