Ескерту. Қаулының күші жойылды - Астана қаласы әкімдігінің 03.10.2014 № 102-1644 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 8-тармағына сәйкес Астана қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға арналған:
1) басым дақылдардың тізбесі 1-қосымшаға сәйкес;
2) көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргізуге қажеттi жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары 2-қосымшаға сәйкес;
3) отандық өндірушілер сатқан субсидияланатын тыңайтқыш түрлері мен 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа арналған субсидия нормалары 3-қосымшағасәйкес;
4) отандық өндірушілерден сатып алынған субсидияланған гербицид түрлері және 1 килограмм (литр) гербицидке арналған субсидия нормалары 4-қосымшаға сәйкес белгіленсін.
2. «Астана қаласының Ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және мерзімді басылымдарда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Е.Қ. Нағаспаевқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім И. Тасмағамбетов
Келісілді:
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
__________________А. Мамытбеков
2014 жылғы «___» _______________
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 29 мамырдағы
№ 102-877 қаулысына
1-қосымша
Басым дақылдардың тізбесі
Р/с № |
Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы |
1. |
Дәнді дақылдар (бидай, арпа) |
2. |
Жемшөптік дақылдар (бір жылдық шөп) |
3. |
Картоп |
4. |
Өндірістік түріндегі жабық топырақтағы көкөністер (қызанақ, қияр) |
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 29 мамырдағы
№ 102-877 қаулысына
2-қосымша
Көктемгi егiс және егiн жинау жұмыстарын жүргізуге қажеттi
жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық
құндылықтарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар
нормалары
Р/с № |
Ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы |
Бюджеттік субсидиялардың 1 гектарға арналған нормасы (теңге) |
Дақыл егістігі үшін ұсынылады |
1. |
Дәнді дақылдар (бидай, арпа) |
400 |
2014 жылғы 12 мамырдан 4 маусым аралығында |
2. |
Жемшөптік дақылдар |
2 500 |
2014 жылғы 12 мамырдан 10 маусым аралығында |
3. |
Картоп |
16 600 |
2014 жылғы 10 – 25 мамыр аралығында |
4. |
Өндірістік түріндегі жабық топырақтағы көкөністер (бір дақыл айналымы) |
1 500 000 |
2014 жылдың 1 қаңтарынан 15 маусым аралығында бірінші дақыл айналымы, 2014 жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсан аралығында екінші дақыл айналымы |
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 29 мамырдағы
№ 102-877 қаулысына
3-қосымша
Отандық өндірушілер сататын субсидияланатын тыңайтқыш түрлері
мен 1 тонна (литр, килограмм) тыңайтқышқа арналған субсидия
нормалары
Р/с № |
Субсидияланатын тыңайтқыштар түрлері |
Өлшем бірлігі |
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы |
Бір бірлікке арналған субсидиялау нормасы (теңге) |
Минералдық тыңайтқыштарды қолдану мерзімі |
1. |
Аммиак селитрасы (N- 34,4%) |
тонна |
50 |
28 900 |
вегетациялық кезең ішінде |
Астана қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 29 мамырдағы
№ 102-877 қаулысына
4-қосымша
Отандық өндірушілерден сатып алынған субсидияланған гербицид
түрлері және 1 килограмм (литр) гербицидке арналған субсидия
нормалары
Р/с № |
Субсидияланатын гербицидтер түрлері |
Өлшем бірлігі |
Бір бірліктің құнын арзандату пайызы |
Бір бірлікке арналған субсидиялау нормасы (теңге) |
Гербицидтерді қолдану мерзімі |
1. |
2,4-Д Экстра,72% сулы ерітінді (диметиламиндық тұз 2,4 –Д) |
литр |
50 |
375 |
вегетациялық кезең ішінде |