Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Астана қаласы әкімінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 111-22 шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2015 жылғы 9 қаңтарда № 872 болып тіркелді

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-ө өкіміне сәйкес Астана қаласының әкімі ШЕШТІ:
      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидалары бекітілсін.
      2. «Астана қаласының Кәсіперлік және өнеркәсіп басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыны кейіннен ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген интернет-ресурста және Астана қаласы әкімдігінің сайтында жариялаумен әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді жүргізсін.
      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Астана қаласы әкімінің орынбасары Қ.Т. Сұлтанбековке жүктелсін.
      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

      Әкім                                       Ә. Жақсыбеков

      Келісілді:

      «Қазақстан Республикасы
      Ішкі істер министрлігінің
      Астана қаласының Ішкі істер
      департаменті» мемлекеттік
      мекемесі бастығы
      _______________А. Әубәкіров
      2014 жылғы 24 қараша

      «Астана қаласының Туризм, дене
      тәрбиесі және спорт
      басқармасы» мемлекеттік мекемесі
      басшысының міндетін атқарушы
      ______________С. Кабдулин
      2014 жылғы 20 қараша

Астана қаласы әкімінің 
2014 жылғы 2 желтоқсандағы
№ 111-22 шешімімен  
бекітілді       

Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық,
мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда
шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидалары

      1. Осы Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ішкі істер органдарының қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2014 жылғы 10 маусымдағы № 81-ө өкіміне сәйкес әзірленді және Астана қаласында спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату тәртібін анықтайды.
      2. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар (бұдан әрі – бұқаралық іс-шаралар заңнамалық нормаларды және инженерлік жүйелерді, техникалық құралдарды техникалық пайдалану тәртібін, қоғамдық, өрт, санитарлық-эпидемиялық, экологиялық қауіпсіздік талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерін сақтаған жағдайда ұйымдастырылады.
      3. Ұйымдар мен жеке кәсіпкерлер бұқаралық іс-шаралардың өткізілуі кезінде тиісті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісілген орындарда көшпелі сауданы және тұрақсыз объектілерде (тартпаларда, дүңгіршектерде, шатырларда, автоавтодүкендерде, ашық шағын кафелерде, аттракцион алаңдарында және басқаларда) қызмет көрсетуді ұйымдастыра алады, соның ішінде: салқындатқыш сусындарды, балмұздақты, аспаздық бұйымдарды, кәдесыйларды, атрибутиканы және тағы басқа азық-түлік және тағамдық емес тауарларды сату бойынша ұсақ бөлшек саудасын, қоғамдық тамақтану, аттракцион қызметін көрсету және өзге де қызметтер.
      4. Ұйымдарға және жеке кәсіпкерлерге бұқаралық іс-шаралар орындарында сауда қызметін көрсетуді қатал түрде санитарлық ережелерге және талаптарға сәйкес ұйымдастыруы қажет.
      5. Бұқаралық іс-шараның өткізу орындарында және оған іргелес аумақтарда алкогольдік өнімдердің және құрамында спирті бар сусындардың, кез келген ыдыстағы сыраның, салқындатқыш сусындардың және басқа да шыны ыдыстарына бөліп салынған өнімдердің сатылуына тыйым салынады.
      6. Көрсетілген аумақтарға бұқаралық іс-шаралардың өткізілуі кезінде шыны ыдыстағы кез-келген сусындарды (ішімдік, алкоголі аз ішімдік, сыра, салқындатқыш және т.б.) және басқа да өнімдерді әкелуге және қолдануға тыйым салынады.
      7. Астана қаласының аумағында адамдардың жаппай келуі қарастырылған іс-шаралардың ұйымдастырушыларына:
      1) өткізілетін іс-шараның сипатын, қауіпсіздік техникасы ережелерін, өрт қауіпсіздігін, санитарлық-гигиеналық нормаларды ескере отырып сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінің орналасу сызбасының болуын;
      2) сауда, қоғамдық тамақтану және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінің орындарында қоқыстарға арналған контейнерлердің, сауыттардың болуын;
      3) қызмет көрсетудің қатысушыларына саудалық қызмет көрсетудің өткізу уақыты, орны және талаптары туралы қажетті ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етеді;
      4) ішкі істер органдарымен бірлесіп:
      бұқаралық іс-шаралардың өткізілу орындарында сауда ережелерінің сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;
      алкогольдік өнімдерді және шыны ыдыстарға бөліп салынған құрамында спирті бар сусындардың, кез келген ыдыстағы сыраның, салқындатқыш сусындардың және басқа да өнімдердің сатылуына тиім салу;
      шыны ыдыстағы кез-келген сусындардың (ішімдік, алкоголі аз ішімдік, сыра, салқындатқыш және т.б.), басқа да өнімдердің өткізілуіне бақылау жасау бойынша іс-шараларды әзірлеу қажет.
      8. Бұқаралық, ойын-сауық іс-шараны ұйымдастыру және өткізу кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуына жауаптылық ұйымдастырушыға жүктеледі.
      9. Сауда қызметін көрсететін жеке кәсіпкерлер мен кәсіпорын басшылары:
      1) тағам өнімдерін тасымалдау және сату кезінде тұтынушылар құқығын қорғау саласындағы заңнама, санитарлық заңнама, қауіпсіздік техникасының ережелері, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын;
      2) сауданы ұйымдастыру орындарында қажетті бұйымдардың, жабдықтардың, көшпелі сауда қызметін көрсету орынындағы жауапты тұлға туралы ақпараттың болуын;
      3) сауда орынындағы қоқыстардың жиналуын;
      4) мангал, ашық от арқылы тағамдарды дайындау кезінде сатып алушыларды отқа жібермеуді ескере отырып қауіпсіздік техниканы, өрт қауіпсіздігі шараларын сақтау және қоршау бойынша нұсқама өткізілуін қамтамасыз ету;
      5) объектілердің мерекелік, тақырыптық безендендіру қамтамасыз етуі қажет.
      10. Спорттық-бұқаралық, ойын-сауық, мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда шыны ыдыстағы өнімдерді сату қағидаларын бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады