"Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № А-6/298 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 тамызда № 4320 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 17 мамырдағы № А-6/219 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.05.2016 № А-6/219 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берiлген "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекiтiлсiн.
      2. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені Ақмола облысының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Қ.Қайнарбековке жүктелсін.
      4. Облыс әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әдiлет департаментінде мемлекеттiк тiркелген күнінен бастап күшiне енедi және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі С.Кулагин

  Ақмола облысы әкімдігінің
2014 жылғы 17 шілдедегі
№ А-6/298 қаулысымен бекітілді

"Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер

      1. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын дайындауда салааралық және аумақаралық үйлестіруді, мемлекеттік жоспарлау жүйесінде тұтастықты және тиімділікті қалыптастыратын, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге арналып бағдарланған және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басым саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің деректі шешімдеріне, әкімдік қаулыларына, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік-құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      4. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға жеке өз атынан түседі.
      5. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      6. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен рәсімделетін шешімдерді қабылдайды.
      7. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 020000, Қазақстан Республикасы, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 114 Б.
      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 26.03.2015 № А-3/113 (ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      9. Басқарманың толық атауы – "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      10. Осы Ереже "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
      11. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
      12. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер Республикалық мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттері

      13. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: әлеуметтік-экономикалық саясатты жүзеге асыру, сонымен қатар облыстың бәсекеге қабілеттілігін сапалы деңгейіне жоғарылату және тұрақты экономиканың өсуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік экономикалық және бюджеттік жоспарлау.
      14. Міндеттері:
      1) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарының стратегиялық мақсаттарын және басымдықтарын қалыптастыру;
      2) облыстың бюджеттік саясатын жүргізу және қалыптастыру;
      3) стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау саласында облыс өңірлерін дамытуды үйлестіру.
      15. Функциялары:
      1) облыстың және аумақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының талдауын жүзеге асыру;
      2) облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын, соның ішінде басым бюджеттік инвестициялық жобалардың тізбесін дайындау;
      3) облыстық атқарушы органдардың, аудандардың уәкілетті органдарының әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде, жұмыстарына әдіснамалық басшылықты және үйлестіруді жүзеге асыру;
      4) облыс аумағын дамыту бағдарламасын дайындау, қалалардың (облыстық маңызы бар), аудандардың аумағын дамыту бағдарламасының әзірлеуін келiсу;
      5) облыс аумағын дамыту бағдарламасын iске асыру жөнiндегi iс-шаралар әзірлеу, қалалардың (облыстық маңызы бар) аудандардың аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын келiсу;
      6) облысты дамыту бағдарламасының iске асырылу мониторингiн жүргізу;
      7) облыстық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың бюджеттік өтінімдерін Қазақстан Республикасының бюджеттік және басқа да заңнамаларына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, аумақтарды дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне және қолданыстағы заттай нормаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің функцияларына, өкілеттіктеріне, қызметінің бағыттарына сәйкес келуі тұрғысынан қарау;
      8) бюджеттік бағдарламалардың жобалары, бюджеттік өтінімдерге өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастыру және оларды бюджеттік комиссияның қарауына жіберу;
      9) кезекті жоспарлы кезеңге облыстық бюджет жобасын дайындау, облыстық бюджетті бекіту, нақтылау кезінде облыстық бюджет туралы мәслихат шешімінің жобасын дайындау;
      10) облыстық бюджет туралы облыстық мәслихаттың шешімін жүзеге асыру бойынша жергілікті атқарушы орган қаулысының жобасын дайындау;
      11) облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасындағы үш жылдық кезеңге арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемдері туралы облыстық мәслихат шешімдерінің жобасын дайындау;
      12) облыстық бюджеттік комиссияның жұмысшы органының міндеттерін жүзеге асыру;
      13) бюджеттік инвестициялық жобаларды қарау және іріктеу, жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық талдауын дайындау, сондай-ақ нысаналы даму трансферттері мен республикалық бюджеттен берілетін кредиттер есебінен қаржыландырылуға жоспарланатын жобалардың экономикалық қорытындысын дайындау;
      14) заңды тұлғалардың жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу жолы арқылы бюджеттік инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуын бағалауды және мониторингті жүзеге асыру;
      15) әзірлеуге немесе түзетуге концессиялық ұсыныстар бойынша қорытынды жасау, сондай-ақ концессиялық жобалардың конкурстық құжаттарға қажетті сараптамалар жүргізу және оларды бюджеттік комиссияның қарауына жіберу;
      16) концессиялық жобалардың тізімін қалыптастыру, әзірлеу және түзету, сондай-ақ бюджеттік бағдарламамен бөлінген қаражаттар есебінен жүзеге асырылатын конкурстық құжаттарға қажетті сараптамалар жүргізу;
      17) әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, бюджетке түсімдерді болжауды жүзеге асыру;
      18) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау;
      19) кең тараған танымал пайдалы қазбаларға барлау, өндіру, барлау мен өндіруді бірге жүргізуге арналған келісімдердің жобаларына экономикалық сараптаманы жүзеге асыру;
      20) Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша үйлестіруді іске асыру;
      21) ауылдық жерлерде жұмыс істеуге және қоныстануға келген мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету шараларын іске асыру барысында облыстық жергілікті атқарушы органдардың, аудандардың және қалалардың уәкілетті органдарының жұмыстарын үйлестіру;
      22) Қазақстан Республикасының заңнамаларымен Басқармаға жүктелген басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
      Ескерту. 15-тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы әкімдігінің 26.03.2015 № А-3/113 (ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
      16. Құқығы мен міндеттері:
      1) Ақмола облысы әкімдігінің қарауына ұсыныстар енгізуге:
      облысты дамытудың стратегиялық мақсаттары, басымдықтары және бағыттары бойынша;
      Қазақстан Республикасы заңнамаларында көрсетілген тәртіпте, облыстық бюджетті орындау процесінде нақтылау және түзету бойынша ұсыныстар енгізу;
      2) облыстың жергілікті атқарушы органына облыстың даму стратегиясын іске асыруға бөгет жасайтын олармен қабылдаған актілердің күшін жою немесе оларды өзгерту туралы ұсыныстар енгізу;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған, Басқарманың құзыретіне жататын, шаралар кешенін орындауды талап ететін, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелерден ақпараттар, есептер және басқа да мәліметтер сұратып алу;
      4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзіне жүктелген басқа да құқықтарын жүзеге асыру;
      5) өз құзыретінің аясында жоғарғы мемлекеттік органның нұсқауын орындауға мемлекеттік органдарға ұсыну;
      6) өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, сонымен қатар осы Қағидаға сәйкес іске асыру.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

      17. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты, жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
      18. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы облыс әкімінің өкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
      19. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекеме басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      20. басшысының өкілеттігі:
      1) өзінің орынбасарлары мен бөлім басшыларының мiндеттерiн және өкiлеттiктерiн айқындайды;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртiппен қызметкерлерiн және материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
      4) жергілікті атқарушы органмен бекітілген шектеулі құрылымын, штаттық кестесін дайындайды және бекітеді;
      5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің өкілі болады;
      6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстар жүргізуге міндетті және ол үшін жеке жауапкершілік береді;
      7) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес басқа да өкілеттіліктерді жүргізеді.
      Басқарманың басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      21. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

4. Мемлекеттік органның мүлкi

      22. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.
      Мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      23. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншікке жатады.
      24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

      25. "Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы" мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады