РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже (бұдан әрі – Ереже) бекітілсін.
2. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте және мерзімде Ережені әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № А-8/394 қаулысымен бекітілген |
"Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы"
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі облыс аумақтарында сәулет және қала құрылысы саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.2. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 87-үй.
9. Мемлекеттік мекеменің толық атауы - "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстың жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
12. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
2. Мемлекеттік мекеменің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары
мен міндеттері
13. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: облыс аумағын қала құрылысын игеру кезінде сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметтері туралы заңнама нормаларына, мемлекеттік нормативтеріне және белгіленген тәртіппен бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес Ақмола облысының аумағында сәулет және қала құрылысы саласында мемлекеттік саясатты жүргізу.14. Міндеттері:
облыс аумағында сәулет және қала құрылысы саясатын жүргізу;
аудандық және қалалық сәулет және қала құрылысы органдарының қызметіне мониторинг жүргізу;
сәулет және қала құрылысы қызметін жүзеге асыруда қала құрылысы жобаларын және оларды бекітуге дейінгі қала құрылысы жобаларын қарауда қоғамды қатыстыра отырып жариялығын қамтамасыз ету;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс мәселелерін реттейтін Қазақстан Республикасының заң актілерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.
15. Функциялары:
облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын бекітуге Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну үшін әзірлеуді ұйымдастыру;
ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну үшін материалдарды даярлау;
халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
Астана қаласының оларды облыс аумақтары, резервтiк аумақтар, қала маңындағы аймақ, сондай-ақ заң арқылы қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған өзге де аумақтар есебiнен дамыту бөлiгiндегi бас жоспарларының жобаларына келiсiм беру;
аудандар аумақтарының (аудандық жоспарлаудың жобасын) қала құрылысын, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ облыс елді мекендерінің кенттері мен селоларының бас жоспарларын, қала аумақтарының, елді мекендердің кенттері мен селоларының бөлшекті жоспарлау жобаларын дамытудың жобаларын қарау және келісім беру;
сәулет және қала құрылысы саласында мәселелерін реттейтін құрылыс нормалары мен ережелерін (ҚНжЕ) және мемлекеттік стандарттарды (МС) жетілдіру бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар даярлау;
жергілікті атқару органына елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу және түзету бойынша ұсыныстар даярлау;
мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
"Мекен-жайлық тіркелім" ақпараттық жүйесін жүргізу және толтыру бойынша мониторингі;
"Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мемлекеттік қызметтердің регламенттерін әзірлеу;
ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер беру;
облыстық сәулет-қала құрылысы кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
"Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесін ұстауға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - Ақмола облысы әкімдігінің 14.12.2015 № А-12/571 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
16. Құқықтары мен міндеттері:
елді мекендерде бас жоспарларды, қала құрылысы бағдарламалары мен жобаларды әзірлеу мен ұйымдастыруға қатысу;
сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында мемлекеттік, қоғамдық және жеке мүдделерді қорғау мәселелері бойынша жобалау ұйымдары, мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау органдары республикалық және қала құрылысы сараптамалары жобаларының аумақтық бөлімшелерімен өзара әрекет ету;
тұрғындарды аумақ құрылысының жоспарлануы немесе басқа қала құрылысының өзгерістері туралы ақпараттандыру;
уәкілетті органға сәулет және қала құрылысы істері бойынша және жергілікті атқарушы органға сәулет және қала құрылысы саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нормативтік актілер туралы ұсыныстар енгізу;
меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан облыс аумағында сәулет-қала құрылысы қызметінің барлық субьектілерімен орындау үшін міндетті болып табылатын аумақтардың кешенді құрылысы бойынша іс-шараларды іске асыру мәселелері бойынша өзінің құзыреті аясында шешімдер қабылдау;
облыста жаңа тұрғын үй саясатын, қала құрылысы бағдарламаларын іске асыру бөлімдерінде әлеуметтік-экономикалық дамытудың жоспарларын әзірлеу мен келісім беруге қатысу;
облыс аумағын дамыту бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша өзінің құзыреті аясында шешімдер қабылдау;
сот органдарына қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау бөлігінде мемлекет мүдделерін қорғауға жүгіну;
гендерлік саясат мәселелерін әзірлеуге қатысу.
"Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылған "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мақсаттарына жауап бермейтін қызметпен айналысуға құқығы жоқ.
3. Мемлекеттік мекеменің қызметін ұйымдастыру
17. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесін басқаруды жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы жүзеге асырады.18. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы облыс әкімімен қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының өкілеттігі:
Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген жағдайларда және шегінде барлық ұйымдарда "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін ұсынады;
сенімхаттар береді;
"Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің іссапарлары, тағлымдамалары, кызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және біліктілігін жоғарылату түрлері бойынша жоспарлары мен тәртіптерін бекітеді;
банкте шоттар ашады;
"Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің барлық қызметкерлеріне арналған міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;
"Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;
"Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің өкілеттіктерін белгілейді;
"Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін марапаттау мен тәртіптік жазалау шараларын қолданады;
жемқорлыққа қарсы әрекет шараларын қолданады және бұл үшін дербес жауап береді;
Қазақстан Республикасының заңнамасымен және осы Ережемен оған жүктелген басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
"Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
20. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі бергенмүлік, негізгі қорлар мен айналма қаражаты, сондай-ақ құны "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің балансында көрсетілетін өзге де мүлік есебінен қалыптастырылады.
21. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.