РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Ақмола облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 тамыздағы № А-8/394 қаулысына (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тіркеу тізілімiнде № 4375 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылы 13 қазанда жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"15. Функциялары:
облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын бекітуге Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну үшін әзірлеуді ұйымдастыру;
ведомстволық бағынысты әкімшілік-аумақтық бірлік аумақтарында қала құрылысын дамытудың кешенді схемаларын, сондай-ақ халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалаларды дамытудың бас жоспарларын облыстық мәслихаттың бекітуіне ұсыну үшін материалдарды даярлау;
халқының есептік саны жүз мың тұрғынға дейінгі облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарлары жобаларына кешенді қала құрылысы сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
Астана қаласының оларды облыс аумақтары, резервтiк аумақтар, қала маңындағы аймақ, сондай-ақ заң арқылы қала ықпал ететiн аймаққа жатқызылған өзге де аумақтар есебiнен дамыту бөлiгiндегi бас жоспарларының жобаларына келiсiм беру;
аудандар аумақтарының (аудандық жоспарлаудың жобасын) қала құрылысын, облыстық және аудандық маңызы бар қалалардың, сондай-ақ облыс елді мекендерінің кенттері мен селоларының бас жоспарларын, қала аумақтарының, елді мекендердің кенттері мен селоларының бөлшекті жоспарлау жобаларын дамытудың жобаларын қарау және келісім беру;
сәулет және қала құрылысы саласында мәселелерін реттейтін құрылыс нормалары мен ережелерін (ҚНжЕ) және мемлекеттік стандарттарды (МС) жетілдіру бойынша сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар даярлау;
жергілікті атқару органына елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу және түзету бойынша ұсыныстар даярлау;
мемлекеттік қала құрылысы кадастрының дерекқорына енгізу үшін белгіленген тәртіппен ақпарат және (немесе) мәліметтер беру;
"Мекен-жайлық тіркелім" ақпараттық жүйесін жүргізу және толтыру бойынша мониторингі;
"Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мемлекеттік қызметтердің регламенттерін әзірлеу;
ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу және олардың орналасатын жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлері (ғимараттары) етіп қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту) туралы шешімдер беру;
облыстық сәулет-қала құрылысы кеңесінің жұмысын ұйымдастыру;
"Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесін ұстауға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу;
жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру кіреді.".
2. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ережесіне енгізілген өзгерістің қоса ұсынылып отырған мәтіні бекітілсін.
3. "Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі енгізілген өзгеріс туралы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша және мерзім ішінде әділет органдарын хабарландыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің орынбасары В.Н.Балахонцевке жүктелсін.
5. Осы облыс әкімдігінің қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысының әкімі | С.Кулагин |
Ақмола облысы әкімінің 2015 жылғы 14 желтоқсандағы № А-12/571 қаулысымен бекітілді |
"Ақмола облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі
туралы ережесіне енгізілген өзгерістің мәтіні
"15. Функциялары:облыстық мәслихат мақұлдаған, халқының есептік саны жүз мың тұрғыннан асатын облыстық маңызы бар қалалардың бас жоспарларын бекітуге Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну үшін әзірлеуді ұйымдастыру;