Әскери басқару органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 511 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 2 желтоқсанда № 9918 тіркелді.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз

      "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 1-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Әскери басқару органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.

      2. Осы бұйрық 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

И. Тасмағамбетов



      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас Прокуроры

      ______________ А. Дауылбаев

      2014 жылғы 5 қараша

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2014 жылғы 4 қарашадағы
№ 511 бұйрығымен
бекітілген

Әскери басқару органдарының қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Қорғаныс министрінің м.а. 31.03.2023 № 266 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар әскери басқару органдарының қылмыстық процеске қатысатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      2. Әскери басқару органдары қауіпсіздік шараларын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдерінде, құрамаларында немесе мемлекеттік мекемелерінде (бұдан әрі – әскери бөлімдер мен мекемелер) әскери қызмет өткеру және жұмыс ерекшелігін ескере отырып, "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Заң) белгіленген қауіпсіздік шараларын қолдану жолымен әскери қызметшiлерге, олардың әскери жиындардан өтуi кезінде запастағы азаматтарға, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери бөлімдерінің, құрамаларының немесе мемлекеттік мекемелерінің азаматтық персонал адамдарына қатысты қолданады.

      Одан басқа, қорғалатын адамға қатысты қорғалатын адамды жаңа әскери қызмет орнына әскери бөлім мен мекемеге ауыстыру, әскерге шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшіні ауыстыру (іссапарға жіберу) түрінде қауіпсіздік шаралары да қолданылады.

      3. Қауіпсіздік шаралары қорғалатын адам және оған қатысты қолданылатын қауіпсіздік шаралары туралы мәліметтердің құпиялылығын сақтаумен жүзеге асырылады.

2-тарау. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібі

      4. Заңның 21-бабына сәйкес қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын орган шығарылған дәлелді қаулы келіп түскен кезде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган дербес Заңның 7-бабында көзделген өз құзыреті шегінде қажетті қауіпсіздік шараларын қолданады.

      5. Қорғалатын адамды ауыстыру (іссапарға жіберу) оның жазбаша түрде білдірген келісімімен жүзеге асырылады.

      Қорғалатын адамды тұрғын үймен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.

      6. Қорғалатын адамды ауыстыру (іссапарға жіберу) кезінде қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган қорғалатын адамға қатысты төнетін қатердің сипатын ескере отырып, уақытша немесе тұрақты қызмет немесе оқу орнын таңдауға және орналастыруға кадр органына жәрдем көрсетеді және Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 12-тарауының талаптарына сәйкес дәлелді қаулы шығарады және оны Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тиісті құрылымдық бөлімшесіне жолдайды.

      7. Қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган әскери бөлім командирін және мекеме басшысын қорғалатын адамға қатысты оларға сеніп тапсырылған немесе белгілі болған мәліметтерді жарияламау туралы жазбаша ескертеді.

      8. Қорғалатын адамды басқа әскери бөлімге және мекемеге іссапарға жіберу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегіндегі қызметтік іссапарлары туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

      9. Әскери қызметшіні ауыстыру Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 25 мамырдағы № 124 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      10. Қорғалатын адамды бұрынғы қызмет немесе оқу орнында қайта қалпына келтіру туралы өтініш жазбаша түрде беріледі және қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган оны тіркейді.

      Ауыстырылған жағдайда, қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын орган әскери бөлімнің немесе мекеменің кадр органына қорғалатын адамды негізгі немесе бір саладағы мамандығы бойынша пайдаланылуын қамтамасыз ете отырып, тең немесе жоғары тұрған лауазымға тағайындауды қолдауға өтініш білдіреді.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады