Степногорск қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2014 жылғы 27 наурыздағы № 5С-26/7 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 4 мамырда № 4151 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 6С-24/11 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Степногорск қалалық мәслихатының 25.12.2017 № 6С-24/11 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабының 6 тармағына, "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес Степногорск қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Қоса беріліп отырған Степногорск қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы шешім Ақмола облысы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қалалық мәслихаты
сессиясының төрағасы
С.Алпысбаев
      Қалалық мәслихаттың
хатшысы
Ғ.Көпеева

      КЕЛІСІЛДІ

      Степногорск қаласының
әкімі
М.Тақамбаев

  Степногорск қалалық мәслихатының
2014 жылғы 27 наурыздағы
№ 5С-26/7 шешімімен
бекітілген

Степногорск қаласының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Степногорск қаласының Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (әрі қарай - Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, сонымен қатар "Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес әзірленді және Степногорск қаласының кенттер, ауылдар, ауылдық округі, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

      2. Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округінің тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

      3. Бөлек жиынды кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады.

      Степногорск қаласы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.

      4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті бұқаралық құралдар арқылы өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.

      5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді кенттің, ауылдың және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.

      6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      7. Бөлек жиынды кент, ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Бөлек жиынның төрағасы ауылдың, кенттің, ауылдық әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға болып табылады.

      Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.

      8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, кент, ауылдық округі, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатуралары ауыл, кент, ауылдық округі, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары сандық құрамының 10 % мөлшерінде, кәмелетке толмаған тұлғаларды, сотпен қабілеті жоқ деп танылғын тұлғалар, сонымен қоса сот ұкімімен бас бостандығынан айырылған тұлғаларын есептемей отырып, тең өкілдік ету қағидаты негізінде бөлек жиынның қатысушыларымен ұсынылады.

      9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

      10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына тапсырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады