Ақкөл ауданының селолық елді мекендеріне 2014 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау көрсету туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 21 тамыздағы № С 39-2 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қыркүйекте № 4352 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 01-10/18 хатымен)

      Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Ақмола облысы Ақкөл аудандық мәслихатының 19.01.2015 № 01-10/18 хатымен).

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді және селолық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабының, 8-тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы № 183 «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және Ережесін бекіту туралы» қаулысы негізінде, Ақкөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақкөл ауданының селолық елді мекендеріне 2014 жылы жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешені мамандарына бір маманға жетпіс айлық есептік көрсеткішіне тең сомада көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін бір мың бес жүз еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын әлеуметтік қолдау көрсетілсін.
      2. Осы шешім Ақмола облыстық Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ақкөл аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       А.Тимошин

      Ақкөл аудандық
      мәслихатының хатшысы                       Ж.Салыбекова

      КЕЛІСІЛДІ

      Ақкөл ауданының әкімі                      Т.Қ.Едігенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады