Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Бұланды аудандық мәслихатының 31.03.2022 № 7С-19/2 (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 9 бабына, 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) кодексінің 387 бабына, Қазақстан Республикасынын 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңнының 6 бабына сәйкес, Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Бұланды аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 20 ақпандағы № 5С-24/2 "Бұланды ауданының Макинск қаласы, ауылдық елді мекендерді жер учаскелерінің жер салығының базалық ставкаларын жоғарылату туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4043 тіркелген, 2015 жылғы 29 мамырда "Бұланды таңы" газетінде және 2015 жылғы 29 мамырда "Вести Бұланды жаршысы" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
1 тармақ жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Бұланды ауданының Макинск қаласы, ауылдық елді мекендерді жер учаскелерінің жер салығының базалық ставкалары 1, 2 қосымшаларға сәйкес жоғарылатылсын".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Кезектен тыс 2-сессияның төрағасы | Т.Садвақасов |
Аудандық мәслихаттың хатшысы | Ш.Құсайынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Бұланды ауданының әкімі | Қ.Испергенов |
19 сәуір 2016 жыл
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Бұланды ауданы бойынша мемлекеттік кірік басқармасы РММ-нің басшысы |
Д.Әділбеков |
19 сәуір 2016 жыл