Егіндікөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 5С28-3 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 5С 41-6 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес және құқықтық мониторинг жүргізу негізінде Егіндікөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Егіндікөл аудандық мәслихатының 2014 жылғы 30 маусымдағы № 5С28-3 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерлерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласының мамандарына жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде 2014 жылғы 21 шілдеде № 4286 болып тіркелген, аудандық "Егіндікөл" газетінде 2014 жылғы 21-28 шілдеде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
Р.Муллаянов
      Аудандық мәслихаттың хатшысы Р.Муллаянов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады