Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Жақсы аудандық мәслихатының 11.05.2017 № 6C-14-3 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес, Жақсы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Жақсы аудандық мәслихатының "Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 26 тамыздағы № 5С-19-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3809 болып тіркелген, 2013 жылдың 27 қыркүйекте "Жақсы жаршысы" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
Жақсы ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасы, осы аталған шешімімен бекітілген:
3 бөлімдегі 11 тармақтың 3) тармақшасы келесі мәтінде баяндалсын:
"3) коммуналдық қызметтер үшін шығындарға әлеуметтік көмек: "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Ақмола облыстық филиалы Жақсы аудандық бөлімшесімен ұсынылған тізімдердің негізінде:
ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 100 (жүз) пайыз мөлшерінде;
қаза тапқан әскери қызметшілердің әйелдеріне (күйеулеріне), жалпы аурудың салдарынан мүгедек деп танылған Ұлы Отан соғысының қатысушыларының әйелдеріне (күйеулеріне) ай сайын 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде";
3 бөлімдегі 12 тармағының 1 тармақшасындағы 5 азат жол "облыстық бюджеттен бөлінген, мақсатты трансферттер есебі үшін" сөздері алынып тасталсын;
3 бөлімдегі 13 тармақтың 3), 4) тармақшалары келесі сөздермен толықтырылсын "осы Ереженің 3 бөлімінің 12 тармағының 1) тармақшасын қоспағанда".
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Жақсы аудандық мәслихат сессиясының төрағасы |
Қ.Құсайынов |
Жақсы аудандық мәслихатының хатшысы |
Б.Жанәділов |
КЕЛІСІЛГЕН
Жақсы ауданының әкімі | Қ.Сүйіндіков |