2015 жылға арналған Жақсы ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Ақмола облысы Жақсы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № а-9/439 қаулысы. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 желтоқсанда № 4502 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 57 баптарына сәйкес, Жақсы ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға арналған Жақсы ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) ұзақ уақыт (бір жылдан артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      2) 21-ден 29 жасқа дейінгі жастағы жастар;
      3) бірде бірі жұмыс істемейтін отбасылардың тұлғалары;
      4) емделудің толық курсынан өткен туберкулезбен ауыратындар;
      5) арнаулы орта білім беру оқу орындарының түлектері;
      6) уақытша және маусымдық жұмыстардың мерзімі өткендіктен босатылған тұлғалар;
      7) 18 жасқа дейінгі балалары бар ата–аналар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Л.Ш.Сейдахметоваға жүктелсін.
      3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді, ресми жарияланған күнінен және 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап құқықтық қатынастарда қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Қ.Сүйіндіков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады