Зеренді ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 33-254 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 23 қаңтарда № 4610 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 2016 жылғы 10 маусымдағы № 4-27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Зеренді аудандық мәслихатының 10.06.2016 № 4-27 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына, "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 10 бабына сәйкес, Зеренді аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу мақсатында, Зеренді ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Сессия төрайымы Г.Шегенова
      Аудандық мәслихаттың
хатшысы
Қ.Ауғалиев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Зеренді ауданының әкімі Қ.Әлібеков

  Зеренді аудандық мәслихаттың
2014 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 33-254 шешіміне
қосымша

Зеренді ауданында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары


Елді мекен атауы
Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу орындары
1
Ақкөл ауылдық округінің, Ақкөл ауылы
Уәлиханов көшесіндегі алаң
2
Ортақ ауылдық округінің Ортақ ауылы
Орталық көшесіндегі алаң
3
Алексеевка кенті
Орталық алаң
4
С.Сейфуллин атындағы ауылдық округінің Бірлестік кенті
С.Сейфуллин көшесіндегі алаң
5
Бұлақ ауылдық округінің Еленовка ауылы
Абылай хан көшесіндегі алаң
6
Сарыөзек ауылдық округінің Ақан ауылы
ауылдық клуб ғимараты алдындағы алаң
7
Қызылсая ауылдық округінің Қызылсая ауылы
Орталық көшесіндегі алаң
8
Қонысбай ауылдық округінің Қонысбай ауылы
Абай Құнанбаев көшесіндегі алаң
9
Күсеп ауылдық округінің Куропаткино ауылы
Школьная көшесіндегі алаң
10
Приречен ауылдық округінің Приречен ауылы
Орталық көшесіндегі алаң
11
Садовый ауылдық округінің Садовый ауылы
Мектеп көшесі соңындағы алаңқай
12
Симферополь ауылдық округінің Симферополь ауылы
Алматы көшесіндегі орталық алаң
13
Викторовка ауылдық округінің Викторовка ауылы
мәдениет үйі алдындағы аумақ, Мир көшесі
14
Айдабол ауылы
Кооперативная көшесіндегі орталық алаң
15
Исаковка ауылдық округінің Исаковка ауылы
Бейбітшілік көшесіндегі алаң
16
Зеренді ауылдық округінің Зеренді ауылы
мәдениет үйі алдындағы алаң, Мир көшесі, 40
17
Мәлік Ғабдуллин ауылдық округінің Мәлік Ғабдуллин ауылы
Зеленая көшесіндегі алаң
18
Қанай би атындағы ауылдық округінің Қарауыл Қанай-би ауылы
Ақтөбе көшесіндегі алаң
19
Қызылегіс ауылдық округінің Қызылегіс ауылы
Орталық көшесіндегі алаң
20
Троицк ауылдық округінің Троицк ауылы
Орталық көшесіндегі алаң
21
Бәйтерек ауылдық округінің Бәйтерек ауылы
Центральная көшесіндегі алаң
22
Чаглинка ауылдық округінің Чаглинка ауылы
Строительная көшесіндегі стадион

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады