РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5 бабының 2 тармағына, 7 бабының 2) тармақшасына сәйкес, Қорғалжын ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2014 жылға Қорғалжын ауданындағы халықтың нысаналы топтарға жататын адамдардың қосымша тізбесі белгіленсін:
1) ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);
2) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
3) туберкулездік, онкологиялық аурулар, жүрек-қан тамырларының аурулармен ауыратын тұлғалар, жұқтырылған иммун тапшылығы синдромын жұқтырған, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған тұлғалар;
4) маусымдық жұмыстардың аяқталуына байланысты еңбек шартының мерзімі аяқталған тұлғалар.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары С.Қ.Аққожинаға жүктелсін.
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қорғалжын ауданының әкімі | Қ.Рыскелдінов |