РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес Сандықтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қоса беріліп отырған Сандықтау ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат сессиясының төрағасы аудандық мәслихат хатшысы |
С.Клюшников |
КЕЛІСІЛДІ
Сандықтау ауданының әкімі | Е.Сағдиев |
Сандықтау аудандық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 23/4 шешімімен бекітілген |
Сандықтау ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Сандықтау ауданының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Сандықтау ауданының ауылдық округтерінің, ауылдың, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.2. Сандықтау ауданының ауылдық округтерінің, ауылдың аумағындағы ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі – бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.
2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі
3. Бөлек жиынды ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады.Сандықтау ауданы әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
4. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы аудандық "Сандыктауские вести" газеттері арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
5. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді ауылдың және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
6. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
7. Бөлек жиынды ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
8. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауылдың және ауылдық округтің аумағындағы ауылдың, ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй сайлаушыларының жалпы санының 1 % мөлшерінде ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
9. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
10. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.