РҚАО ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес, Сандықтау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Сандықтау ауданы әкімдігінің «Сандықтау ауданы бойынша 2014 жылға қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсынысты айқындау, ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшерлерін және оларды қаржыландыру көздерін бекіту туралы» 2014 жылғы 20 қаңтардағы № А-1/19 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3997 тіркелген және 2014 жылғы 14 ақпанда «Сандыктауские вести» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
2-қосымшаның 2-тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
«
2. |
Сандықтау ауданы «Балкашин ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі |
Аумақты жинау Ауылды абаттандыру |
46800 шаршы метр 135000 шаршы метр |
Қолданыстағы заңнамаларға сәйкес жасалған еңбек шарттарына сәйкес |
Ең төменгі еңбек ақының мөлшерінде |
Аудан бюджеті |
».
2. Сандықтау ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Сандықтау ауданының әкімі Е.Сағдиев
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрлігінің
«Ақмола облысы Сандықтау
ауданының қорғаныс
істері жөніндегі бөлімі»
республикалық мемлекеттік
мекемесі бастығының
міндеттерін уақытша орындаушы Д.Әпенов
«Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі Ақмола
облысының Әділет департаменті
Сандықтау ауданының әділет
басқармасы» мемлекеттік
мекемесінің бастығы Р.Ысқақова
«Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрлігінің Зейнетақы төлеу
жөніндегі мемлекеттік орталығы»
республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорны Ақмола
облыстық филиалының Сандықтау
аудандық бөлімшесінің бастығы Г.Цигура
Ақмола облысы мұрағаттар
мен құжаттамалар басқармасының
«Сандықтау ауданының
мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік
мекемесінің директоры Г.Виноградова